Көктем жетісімен диқан қауым қарбалас тіршілігін бастап та кетті. Алда егін егу науқаны. Зейнеті мен бейнеті қатар жүретін егіншілік кәсібі көктемгі дала жұмыстарына тыңғылықты түрде дайындалғанды қажет етеді. Сыр елі шаруаларының көктемгі егін науқаны дайындығына сақадай-сай болуы заңдылық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 сәуір 2017 г.
955
0
ҮЙДЕ ТАҒЫ БІР АЯҒЫМ БАР Ілгеріде Шүкір деген ауылдасымыз болды. Шөкең бір аяғына протез киетін. Өзі аңшылық десе, ішкен асын жерге қоюшы еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 сәуір 2017 г.
578
0
Күлкінің шығу тарихына үңілген ғалымдардың пайымдауынша, жұмыр басты пенделер алғашында күлу дегеннен мақұрым болыпты. Болғанда да алаңсыз езу тарту дегенді білмепті. Тек тас дәуірінің о жақ, бұ жағында жымиюды бастаған дейді бір білгіштер. Енді біреулердің айтуынша, қола дәуірінде қарқылдап күле бастаған көрінеді. Дейтұрғанмен, нақты дәлелдері жоқ, сондықтан, күлкінің шығу тарихын емес, даму барысын талқыға салған ләзім.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 сәуір 2017 г.
997
0
Мың тоғыз жүз елуінші жылдар. Қара¬терең ауылдық кеңесіне қарайтын Тарас Шевченко және «Жаңақұрылыс» колхоздары бірі балық аулаумен, екіншісі егіншілікпен айналысады. Тарас Шевченко атындағы колхоз – миллионер. Басқарма төрағасы Мақсұтқали Демесінов – балық аулаудан аудан бойынша көш бастап тұр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 сәуір 2017 г.
1 185
0
Ұлт тарихының тағылымды кезеңін құрайтын Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында Түркі әлемінің ардақты тұлғасы Мұстафа Шоқайдың алып ескерткіші туған жерінде тұғырға қонды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
1 621
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған, Шиелі аудандарында жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандарды аралады және кәсіпкерлікті дамыту бойынша актив жиындарын өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
1 338
0
1991 жылы қыркүйекте, Кеңес өкіметінің құлдыраған шағында Оралда казактар бас көтерді. Олар ештеңеге қарамастан орыс билігіне қызмет еткеніне 400 жыл толуын кеңінен атап өткісі келді. Орталықтан шеткері, тыныш жатқан қала көшелерінде қатарынан үш күн сап түзеп жүрді. Өздері суық қаруланған. Алайда, казактар одағының бар ойы – автономия құру, Орал облысын саяси-құқықтық жолмен бөліп алу еді. Өйтпеген күнде қарулы күреске барудан да тайсалмайтын болып шықты. Қазақтың тұтастығына сызат түсірерлік оқиғаны сол кезде облыстың ұлттық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған Нұрахмет Ералы күні кешегідей еске алады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
1 028
0
Біздің облыста басқа өңірлермен салыстыр¬ғанда геологтар¬дың қауымдастығы бірлесе жақсы жұмыс істейтінін ерекше атап өтуге болады. Олардың қатарында жер қойнауынан тіршілік нәрі – суды, қара алтын –мұнайды, көгілдір отын – газды, атом өндірісінің өзегі – уранды және басқа да пайдалы қазба байлық түрлерін іздеу¬шілер топтасқан. Аймақтағы жер қойнауын барлаушыларда кәсіптік мерекесін бірлесіп өткізу дәс¬түрі қалыптасқан. Мейрам кезінде ардагер геологтарға сый-құрмет көрсетіліп, еңбегімен көзге түскендер марапаттарға ие болып жатады. Сонымен бірге, мекемелер өзара байланыстарын арттырып, тәжірибелерімен бөліседі. Жыл сайын осы саладағы бір компания кезегімен мерекелік шараны ұйымдастыруды міндетіне алады. Міне биылғы жылы бұл міндет «KAZPETROL GROUP» ЖШС еншісіне тиіп отыр. Сондықтан да осы компанияның бас геологы Александр Приваловпен кездескенімізде аталған компанияның саладағы атқарып жатқан жұмыстарына қанығуды мақсат тұттық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
753
0
«Сыр бойы» газеті тілшісінің сауалдарына «Қазақстан теміржолы – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы Қызылорда бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев жауап береді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
1 036
0
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы – еліміздің тарихи белесіне бағыттаған баянды бас¬тама. Осы маңызды құжаттың бүге-шүгесін Сыр өңірінің әрбір азаматына, әрбір отбасына жете түсіндіру, жаңашыл қадамы туралы түсінік беру – біздің басты міндеттеріміздің бірі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
683
0