ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ

ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛ КӨЛЕМІ  ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ«Сыр бойы» газеті тілшісінің сауалдарына «Қазақстан теміржолы – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы Қызылорда бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев жауап береді.
 
– Аманкелді Қонысбайұлы, теміржолды әдетте экономиканың күре тамыры деп атайды. Ал бүгінде Елбасының тікелей қолдауымен елімізде көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуына айрықша мән беріліп отырғаны мәлім. Осының барлығы, сайып келгенде, Қазақстанның болашақта қарыштап дамуының алғы шарты болып табылатыны даусыз. Сұхбатымыздың алғашқы сауалына жауапты өндірістік көрсеткіштерді талдау сүзгісінен өткізуден бастасақ деймін. Сонымен Қызылорда теміржол бөлімшесі 2016 жылды қандай көрсеткіштермен қоры¬тындылап отыр? Салада нендей соны жаңалықтар бар?
– Шындығында Мемлекет басшысы соңғы Жолдауларында Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне айрықша на¬зар аударып отыр. Осы саланы дамыту, Елбасының әрдайым атап көрсетіп жүр¬геніндей, еліміздің әлемдік рыноктарға еркін шығып, экономиканың әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді. 
Бүгінгі күнге  Сыр өңірінің теміржолшы¬лары жоғары өндірістік нәтижелермен келіп отырғанын атап өткім келеді. 2016 жыл¬дың қорытындысымен Қызылорда бөлім¬шесі бойынша жоспардағы 16 негізгі көрсеткіштердің  барлығы да 100 пайызға орындалды. Көрсеткіштердің орындалуынан жинақталған экономикалық пайда 1 млрд теңгеден астам соманы құрады. Қазіргі таңда облыс өңірінде көптеген өзгерістер болып, тың жобалар жүзеге асуда. Олардың ішінде «Ғасыр жобасы» атанған маңыздыларының бірі – «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жол желісі Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесін қиып өтеді. Өздеріңізге мәлім, 2014 жылдың жаз айларынан бастау алған жаңа «Сексеуіл–Жезқазған» аралығындағы теміржол желісі бүгінгі күні толығымен жұмыс атқаруда. Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің 2016 жылғы атқарылған жұмыстарының нәтижесі бойынша былтырғы жылы жаңа желімен 3124 жүк пойызы жөнелтілді. Бұл біздің жол бөлімшесіне экономикалық жағынан оң әсерін тигізуде. Жаңа теміржол желісінде жоғары білімді, жұмысқа деген жауапкершілігі мол көптеген жас теміржолшы жұмыс атқаруда.  Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің соңғы жаңалықтары ретінде Сыр өңірінен Астана, Семей, Жезқазған қалаларына қаты¬найтын жолаушылар пойыздарының ашылуын айтар едім. «Жезқазған-Бейнеу» магис¬тралінің облыс аумағынан өтетін құрамдас бөлшегі – «Сексеуіл-Қоскөл» жаңа телімі тұрақты жұмыс орындарының ашылуы, осы телім бойындағы станция, бекеттердегі инфрақұрылымдық нысандардың салынып, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына қызмет жасауы басты жаңалық болып табылады. Ал, Елбасының тікелей қолдауымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында былтыр ғана қолданысқа берілген «Жезқазған-Сексеуіл» жаңа теміржолымен Сыр елінен №617-618 «Қызылорда-Жезқазған» бағытында алғашқы жолаушылар пойызы қатынасы 2016 жылдың  наурыз айында жүзеге асырылды. Енді осы уақытқа дейін бөкен жортып, құмдарын жел суырған иен далада жаңа телімнің салынуымен тіршілік жанданды, тұрақты жұмыс орындары пайда болды. 2013 жылдың қазан айынан бастап Сыр бойындағы алғашқы астана мен Абай елінің арасын жалғайтын №20-21 «Қызылорда-Семей» бағытында қосымша жолаушылар пойызы Қызылордадан Семейге дейінгі 2250 шақырымдық аралықты 41 сағат 14 минутта еңсеріп, сапарға шық¬қан жолаушылардың сұранысын қанағат¬тандырып келеді. Өткен жылдың сәуір айында Қызылордадан Астанаға қатынайтын №89-90 «Сырдария» Тұлпар-Тальго вагондарымен жасақталған пойыз жаңа рейске аттанды. 
– Теміржол қатынасы жүйесінің дамуы тиісті инфрақұрылымдармен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуына әсер еткен болар...
– Әрине, айталық, жүк ¬құрамалары¬ның телімдерден кідіріссіз өтуі үшін бөлімшедегі бірнеше бекеттегі станция¬лық ¬жолдар ұзар¬тылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ұйымдас¬тыруымен теміржол саласында бірнеше игі бастамалар қолға алынды. Соның бірі «100 вок¬зал» бағдарламасы болып табылады. Сыр өңірінде аталған бағдарламамен вокзал салу жұмысы 2011 жылдың сәуір айында басталды. «Қамыстыбас», «Жалағаш» станцияларында 1-типті, «Аралқұм», «Байқожа», «Қорқыт», «Бесарық» пен «Тереңөзек» стан¬¬цияларында 2-типті, «Сапақ», «Бекбау¬лы» және «Шорнақ» станцияларына 3-типті жолаушыларға қызмет көрсететін ғима-рат¬тар салынды. «Жезқазған-Бейнеу» теміржол тармағында Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты «Сексеуіл-Қос¬көл» телімі бар. Қазір осы телімнен тәулігіне бірнеше жұп жүк пойызы өтеді. Осы тармақ бойында 3 станция, 10 бекет, бірнеше темір¬жол нысаны салынды. «Сексеуіл-Қоскөл» жаңа телімінің бірінші қосылу кезеңінде бір¬шама әлеуметтік нысандармен қатар өнді¬рістік ғимараттар бой көтерді. Оларды таратып айтар болсақ, көпір, су өткізу құбырлары, жол өтпелері секілді 154 жасанды құрылыс нысаны мен Сексеуіл станциясында қос пәтер¬лі 8 үй, ал, телім бойындағы  «Қарашеген», «Абай», «Промежуточная» станциялары мен №15-бекетте бір-бірден екі пәтерлі тұрғын үйлер вахталық ауысыммен жұмыс жасайтын теміржолшылардың игілігіне беріл¬¬ді. Осы жобаның жүзеге асуының арқасында 450-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, «Қарашеген» мен «Про-ме¬жуточная» станцияларында жол айна¬лымының екі пайдалану пункті, «Абай» станциясы мен №15 бекетте екі зат қоймасы, станцияларда салынған заманауи үлгідегі 4 вокзал ғимараты жолаушыларға қызмет жасап тұр.
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. «Біз осы мақсатқа қарай та¬бан-дылықпен ілгерілей береміз. ¬Сонымен қатар жаңа еуразиялық логистикалық инфра¬құрылымды дамыту – маңызды басы쬬¬дық¬¬¬тардың бірі.  Оған қазірдің өзінде қо¬мақ¬¬ты инвестиция жұмсалды. Енді одан эко¬-номикалық қайтарым ала бастау қажет» деп атап көр¬сеткен Мемлекет басшысы осы орайда Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін: контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырды.
Сондай-ақ, транзиттік тасымалдаудан түсе¬тін табысты 5,5 есе – жылына 4 миллиард долларға дейін көбейту қажет екенін айрықша атап өткен еді. 
– Аманкелді Қонысбайұлы, теміржол саласы әрдайым жұмысшы-қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету бағытында үлгілі істерімен мәлім екенін жақсы білеміз. Сөз соңында осы бағытта атқарылып жатқан игі істерге тоқталып өтсеңіз...
– Сіздің сауалыңызға орай алдымен мына мәселені айрықша атап өткім келеді. «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» партия филиалы мен  кәсіподақ комитетінің бас¬ты мақсаттарының бірі – Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің өз қызметкерлерін  жеке, ұжымдық, кәсіби және әлеуметтік-эко¬номикалық құқықтары мен мүдделерін қор¬ғауға ерекше мән береді. Сондай-ақ, көмек көрсету мен қорғаудан бөлек, қазіргі бүкіләлемдік дағдарысты ескере отырып, қайы¬рымдылық акцияларына, жеке қаржылай көмек көрсетуге көп көңіл бөлінуде. Әсіресе, бұл орайда мүмкіндігі шектеулі азаматтар назардан тыс қалмайды. «Белкөл» станциясының жүк және багажды қабылдап тапсырушы К.Қалымбетовке, жол бөлімшесі ғимаратының ауласын тазартушы Д.Нұржігітов сияқты азаматтарға қаржылай көмек көрсетілсе, ПЧ-57 жол  монтері А.Абдраевтың 8 бөлмелі  үйі қыстың қырауында өртеніп, далада қалған 9 жанға  Қызылорда теміржолшылары   бір¬ауыздан ауызбіршілікпен 1 млн 700 мың теңге қаржылай көмек  көрсетті.  Сол сияқты қызметкерлер  немесе бөлімше зейнеткерлері жазатайым оқиғаларға тап болса, ¬партия, кәсіп¬одақ тарапынан мейлінше көмек көрсе¬тіледі.   
Қазақстан бүгінгі таңда әлем таныған мемлекеттердің қатарына қосылды. Елбасы¬ның дәйекті саясаты арқасында бұл орайда Қазақстан теміржол саласы айтарлықтай дамығанын, оның жалпы ел экономикасына өзіндік үлес қосқанын, бұл жетістікте Сыр өңірі теміржолшыларының үлесі барлығын айрықша атағанды жөн санаймын.

Әңгімелескен
Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 1 037 0