Бүгін Астанада басталған халықаралық «EXPO-2017» көрмесі үш ай бойы жалғасады. Жақсыны көрмекке қызылордалықтар да асық. Облыс бойынша ақпараттық ресурстық орталық жетекшісі Жандос Тұсмағамбетовтың айтуынша, күні бүгінге дейін 40 мыңнан астам билет сатылған. Күзге дейін баратындар саны еселенетіні анық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
637
0
Сыр елінен көрмеге аттанған тілшілер Астанадан хабарлайды:
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
540
0
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жа¬һан¬дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елімізде қарқынды жүріп жатқан жекешелендірудің екінші толқынының маңыздылығы, сондай-ақ ел экономикасына қарқын беретін, бәсекелік қабілетін арттыратын жаңа бағыт бағдары атап көрсетілген болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
481
0
Сыр елін қашаннан жыр елі деп атайды. Өйткені мұнда жыраулық өнер туын тіккен. Ақ қүріштен тау тұрғызуы себепті «Ырысты, күрішті Қызылорда» аталды кейінгі кезеңдері. Ал соңғы 30 жылдың шамасында мұнайлы, шырайлы өлкеге айналдық. Оның себебі Қызылорда еліміздегі қара алтын өндіруші санаулы облыстардың қатарынан мықтап орын алды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
1 004
0
Еліміздің әлеуметтік саясатындағы ең маңызды бағыт – тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Үй болмай, күй болмайтынын пәтерден пәтерге көшіп көргендер жақсы түсінеді. Тұрғын үй нарығындағы жекешелендірудің алғашқы толқынында үкімет берген баспанасын өз иелігіне өткізіп алғандар мен тұрғын үймен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы жарияланғанға дейінгі аралықты ешкім ұмытпаған болар. Бұрынғыдай тегін үй беру тоқтап, жаңа құрылыстар мүлде салынбаған кезеңде баспаналы болудан үміттілер мүлдем аз еді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыруды бастаған сәттен баспана нарығында дүмпу пайда болды. Банк мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысып, баспанаға мұқтаж жандардың басты мәселесін шешті. Қазір Елбасы -тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда. Біз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаевпен банк қызметіндегі жаңашылдықтар жайында сұхбаттасқан едік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
655
0
Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО 1851 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында көрменің танымалдылығы әлемді шарлап кетті. Сарапшылардың есептеуінше, Лондондағы алғашқы көрмеден бері ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам көруге келген. Осы арқылы жұртшылықты техника жаңалықтарын бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырды. Ал, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» бізді қандай жаңа техникалық озық дүниесімен баурайды?
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
647
0
Облыс бойынша көлік бақылау инспекциясы және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолының бойында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді. Шараның мақсаты – жеке және заңды тұлға¬ларға нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
527
0
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жерлестеріміздің бір тобы жуырда ҰҒА академиктері мен мүше-корреспонденттері болып сайланған еді. Осыған орай ғылым биігіне шыққан ғалымдарымызды оқырманмен жете таныстыру мақсатында мақалалар жариялайтын боламыз. Қазіргі озық технологияға таңданыс жоқ ғой, анау Алматыдағы ағамен телефонмен тілдесіп, танысып, ортақ ойдың мәселесін лезде шешіп алдық. Байыпты кісінің дәйекті сөзі нақтылықты сүйеді екен, сөз салмақты, ой орнықты жүрді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
644
0
1966 жылдың тамыз айында республикамыздың түкпір-түкпірінен бір топ жастар келіп, сол кезде КазГУ атанатын университеттің журналистика факультетіне оқуға түстік. Бұрынғыларды қайдам, ал бұл жолы журналистикаға түскендердің бәрі шетінен мықты, бірі бірінен өткен ағып тұрған ақын болатын. Міне, осындай асқақтаған көңілмен университеттің табалдырыған аттап, біраз күн студенттік жаңа өмірге бой үйретіп, жан-жағымызға қарасақ... біз сияқты ақындар, тіпті, бізден де әлдеқайда мықты ақындар бұл жерде бұрыннан толып жүр екен. Солардың бірі – бізден бір курс жоғары филология факультетінде оқитын Нұрлан Оразалин еді. Ол кезде университетте поэзия кеші, басқа да шығармашылық басқосулар жиі өткізілетін; және олардың көбі түрлі қызу пікір таластарына, ой бөлісулерге ұласып жататын. Міне, осылардың бәрінде де студент Нұрлан Оразалин ерекше көзге түсетін. Қазір ойлап отырсам, Нұрлан сол кезде жиырмаға да жетпеген жап-жас екен, бірақ соған қарамастан, сөзі мірдің оғындай еді, жұрт алдына шықса ештеңеден қысылмай, барынша еркін және қызуқандылықпен көсіле сөйлейтін.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
630
0
Кеңес үкіметі кезеңінде құдайсыздық кеңі¬нен насихатталды. Ұлы орыс халқы¬нан өзге бұратана ұлттар мен ұлыстардың әдеп-ғұрпы, тілі, діні мен мәдениеттілігіне көлеңке түсіп, кең етек жайып кетуіне тұсау салынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
706
0