Сыр елін қашаннан жыр елі деп атайды. Өйткені мұнда жыраулық өнер туын тіккен. Ақ қүріштен тау тұрғызуы себепті «Ырысты, күрішті Қызылорда» аталды кейінгі кезеңдері. Ал соңғы 30 жылдың шамасында мұнайлы, шырайлы өлкеге айналдық. Оның себебі Қызылорда еліміздегі қара алтын өндіруші санаулы облыстардың қатарынан мықтап орын алды.
Облыста мұнай өндіріп жатқан он¬шақты компания бар болса, солардың арасында «ПетроҚазақтан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның шоқтығы биік. Құмкөл кен орнын дамытудың жаңа кезеңі акционерлері Қытайдың CNPC және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниялары бо¬лып табылатын «ПетроҚазақстанмен» тығыз байланысты. Компания алдында жаңа іргелі міндеттер тұр. Олар – Құмкөл кен орнында мұнай өндіруді ұлғайтудан бастап, жаңа экспорттық бағыттарды жүзеге асыру.
«ПетроҚазақстан» компаниясы өңірдің инфра¬құрылымын жақсартуға, ондағы тұрғындардың жақсы тұрмысының деңгейін жоғарылатуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға өз үлестерін қоса отырып, өз қызметінде өңірлерді дамыту бойынша мойнына алған міндеттерді абыроймен атқарып келеді. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» әлеуметтік жағынан жауапкершілікті компания бола отырып, облыстың әлеуметтік саласын дамытуға, сондай-ақ қайырымдылық және демеушілік іс-шараларға пәрменді түрде атсалысады. ПҚҚР компаниясы үшін басымдықтардың бірі қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қайырымдылық және демеушілік іс-шаралардың пәрменділігі мен әлеуметтік мәнділігін жоғарылату болып табылады. Бұл жұмыстың басты өлшемі бағытты әрі мақсатты көмек көрсету, бұл орайда ұзақмерзімді бағдарламаларға, халықтың қорғансыз топтарына, балаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, денсаулық сақтау жүйесіне, мәдениет пен өнер мекемелеріне көмек көрсетуге айрықша назар аударылады.
«ПҚҚР» АҚ ұйымдастыруымен CNPC және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияларының ынтымақ¬тастығының 20 жылдығына арналып өткізілген баспасөз турына бірқатар республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл¬дері қатысты. Журналистер алғашқы күні Петро¬қазақтандықтардың әлеуметтік саланы қолдау бағы¬тындағы бірқатар жұмыстарымен танысты.
Журналистердің алғашқы ат басын тіреген орны «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы болды. Балалар ауылының директоры Ләззат Сқақова журналистерге балалар ауылының тарихы туралы айтып берді. Бұл жерге қаладағы балалар үйінің 65 тәрбиеленушісі көшіп келген. Әр коттеджде 7-10 баладан тұрады. Мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер отбасы үлгісінде тәрбиеленетін болады, яғни әрбір отбасының өз анасы бар. Балалар ауылын салу, абаттандыру сияқты жұмыстарға бизнестің жауапкершілігі және әріптестік негізінде «ПетроҚазақстан» компаниясы 650 млн теңге бөлген. Мұндағы әрбір үйдің «Үшқоңыр», «Ақжайық», «Сарыарқа», «Оқжетпес», «Байқоңыр», «Ақжайық», «Алатау» сияқты атаулары бар. Бастысы – балалар өте қуанышты. Бөлмелер заманауи үлгіде жабдықталған, өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Мысалы «Үшқоңыр» атауындағы отбасы «ПҚҚР» компаниясының тікелей қамқорлығында. Осы отбасының тәрбиеші анасы Ләззат Тышқанбаева компания балалардың Елбасының туған жерінде болып қайтуына мүмкіндік жасағанын жеткізді. Отбасы анасы балаларды үй жинастыру, тамақ істеу, бақшалықты күтіп, баптау секілді түрлі жұмыстарға баулитынын жеткізді. Қысқасы, бұл жердегі тәрбиеленушілер барынша үй жағдайындағы өмірге бейімделеді.
Мұнан соң журналистер «Арай» демалыс орта¬лығында болып, аквапаркте демалуға келген Қазалы қаласындағы Мүгедек балалардың «Шапағат» оңалту орталығының бір топ тәрбиеленушілерімен жолықты.
1998 жылдан бастап компания Қазалы қала¬сындағы Мүгедек балалардың «Шапағат» оңалту орталығына қолдау көрсетіп келеді, ал 2001 жылдан бастап толық қаржыландырады. Құрылғанына 20 жыл болған «Шапағат» МБСО бүгінге дейін 500-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі медициналық-пси¬хологиялық және әдістемелік көмек көрсетті. Олар¬дың денсаулықтарының оңалып, мұңданып емес, шаттанып жүрулеріне жан-жақты жағдай жасалған. 2001 жылдан бері көпбалалы және әл-ауқаты төмен отбасылардың балаларына, сондай-ақ жетім балаларға арналған «Балдәурен» балабақшасын (50 орынға арналған) компания түгелдей қамтамасыз етіп келеді (балаларды тамақтандыруға және балабақ¬шаны ұстау¬ға жұмсалатын қаражат).
Бүгінде бұл мекемеде диагноздарына қарай 4 топта 50-ге жуық мүгедек бала тәрбиеленуде. Аталған оқыту, сауықтыру орталығы 2001 жылдан бастап аймақтағы жетекші мұнай өндіру компаниясы – «ПҚҚР» АҚ демеушілігімен өз жұмысын жандандырып келеді.
«Биыл біздің орталыққа 22 жыл толса, соның 17 жылында «ПҚҚР» компаниясының шарапатын көріп келеміз, – дейді «Шапағат» сауықтыру орталығының басшысы Шынар Жеңсікбаева. – 2001 жылдан бас¬тап қызметкерлердің жалақысы, балалардың тамағы, коммуналдық шығындар, барлығы «ПҚҚР» АҚ атсалысуымен толықтай шешіліп отыр. Мұнайшыларға осы үшін де алғысымыз шексіз. Балалар осы күні аквапарк бассейнінде шомылып, мәз-мәйрам болды. Мұнан соң тілшілер «Мұз айдыны» спорт кешенімен танысты. Бұл нысанды 2013 қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашқан болатын. Мұз айдыны бар спорт сауықтыру кешенінің жалпы аумағы 8 мың шаршы метр шамасында. Онда мұз айдынынан бөлек, түрлі ойын және жаттығу залдары бар. Бұл кешен өңірімізде хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек секілді басқа да қысқы спорт түрлерін дамытуға үлкен мүмкіндік беруде.
«Құмкөл» кенішінде журналистерді кенішті пайдалану директоры Брюс Андерсен мен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Патима Ағынбаева бастаған мұнайшылар қарсы алды. Кездесуде Брюс Андерсен ақпарат құралдары өкілдеріне кеніштің тарихы жайлы баяндап берді. Вахталық қалашық 45 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда 2 офис, 47 тұрғын жай, спорт кешені мен басқа да қызмет көрсету орындары бар. Мұнда бір вахтада мердігер мекемелер жұмысшыларымен қосқанда 700 адам тұрады. Ал жалпы компанияға қарасты кеніштерде 62 тұрғын жай, 5 әкімшілік бөлім, 2 медициналық орталық, 5 асхана, сондай-ақ монша кір жуу кешені, наубайхана, кондитер цехы және басқалар бар. Вахталық қалашықтар тұрғындарына қамтамасыз ету бөлімінің 44 қызметкері қызмет көрсетеді.
«Отбасынан алыста вахтада жүрген ПҚҚР қыз¬меткері тұрмыстан да, күнделікті қарым-қатынастан да өзін мақұрым қалғандай сезінбеуі өте маңызды, мінекей, қамтамасыз ету қызметінің жұмысы дәл осын-дай жағдайлармен қамтуға бағытталған, – дейді қамтамасыз ету қызметінің басшысы П.Ағымбаева.
Кеніш басшысы компанияның басты байлығы адам¬дар екенін жеткізді. Сондықтан да ең бірінші кезекте адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі тұрады. Кездесуде компания тарихы туралы және қауіпсіздікті сақтауға қатысты қысқаша бейнероликтер көрсетілді. Кездесуден соң мұнайшылар мен журналистер «Құмкөл» кенішінің алғашқы генералы Мұрат Саламатовқа қойылған ескерткіш жанында естелік суретке түсті.
Журналистердің алғашқы танысқан ¬нысаны 28.01 ұңғымасы болды. 900 метр тереңдіктен мұнай шығарып жатқан қондырғының үйреншікті тербел¬мелі ұңғымадан бөлектігі бірден көзге түседі. Бұрын-нан келе жатқан ұңғымалардың тербелмелі конструкциялары горизантальды қалыпта қозғалатын болса, соңғысы вертикальді түрде қозғалысқа түседі екен. Ұңғымаға жауапты шебер Ғани Ысқақов бұл конструкцияның орнатылғанына бес жыл болғанын және кеніште осындай ұңғыманың үшеуі бар екенін мәлімдеді. Бұлар бұрынғылардан өнімділігімен және ұзақ пайдалануға жарамдылығымен ерекшеленеді екен. Келесі 332 нөмірлі үйреншікті ұңғыма басында механик Әлімбек Смайлов 1129 метр тереңдіктен мұнай шығарылып жатқанын жеткізді. Бір тәулікте 26 текше метр сұйықтық тартып шығарылса, содан бөлі¬ніп шығатыны 15 тонна мұнай. Жалпы 1982 жылдан бері бұл ұңғымадан 30 мың тоннадай мұнай алыныпты.
Иә, егер жер астынан бірден дайын мұнай шыға қалмайды. Тереңдіктен тартылған сұйықтың құрамындағы судың үлесі 55 пайызға дейін жетеді. Қалғаны мұнай мен газ. Бұлардың бәрін ажыратып, -тауарлы мұнай алу үшін көптеген технологиялық процесстерден өтеді және олардың бәрі бір қондырғы немесе бір цехтың жұмысымен біте қалмайды.
Журналистер ат басын тіреген УПС-14 кешенінде жер астынан алынған мұнайдан су айыратын қондыр¬ғылар жұмыс істейді. 2002 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл кешенде үш фазалы сепаратор орнатылған. Ол 15 ұңғымадан бір тәулікте жеткізілген 4400 текше метр сұйық құрамынан 135 тонна мұнайды айырып алады. Жалпы, компания кеніштерінде осындай қондырғылардың 15-і жұмыс істеп тұр. Мұнайдан алынған су мұнан кейін жер қабатына қайта айдалады. Оны БКНС-1, БКНС-2 (блокты шоғырлы сораптар насос станциясы) атқарады. Оның алғашқысы 1991 жылы, екіншісі 2001 жылы пайлалануға берілген. Осы насостар суды 120 кг/см қысыммен шамамен 1200 тереңдікке айдап жатыр.
Ал ілеспе газдың да бір бөлігі жер астына айдалады. Дегенмен, кеніште оның басым бөлігін тиімді пайдаланып отыр деуге болады. Оны газды пайдаға жарату орталығында болғанда көрдік. Осы орталықтың менеджері Дүйсен Әбдиев ілеспе газдан электр қуатын алатын 55 мгвт-тық алғашқы турбина 2010 жылы, екіншісі 2012 жылы пайдалануға берілгенінен хабардар етті. Осыдан кейін олардың жалпы қуаты 100 мгвт-тан асқан. Бір күнде 1 млн квт-сағат қуат өндіріліп, ол кеніштің ішкі мұқтаждығына жұмсалады.
«Құмкөл» кенішінде өндіріліп жатқан барлық қара алтын мұнай дайындау және тасымалдау орталығына жеткізіледі. Мұнда оларды құятын 16 резервуар бар. Бұл жерде мұнайды арнаулы пештерді жылытып, соңғы компоненттерінен айырып, химиялық реагенттер қосып, тауарлы күйге жеткізеді. Цехтың менеджері Нұрлан Әліпбаев дайындалған өнім құбыр¬мен Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына және Алашанькоу станциясына жөнелтілетінін айтты.
Мамандардан білгеніміз, тауарлық мұнайды дайын¬даған кезде судың ең төменгі мөлшері мен хлор¬лы тұзды анықтау керек. Жоғарыда аталған қоспа¬лардың мөлшері көп болса, құбыр мен өнеркәсіп жаб-дықтарында коррозиялық бұзылулар ¬болады, әртүрлі шөгінділері бар жұмыс диаметрі бітеліп қалады. Толық химиялық талдау жасау арқылы қабатты судың құрамын көріп, ықтимал кедергілерді болжап, олардың алдын алу шарасын жасайды. Сондай-ақ, мамандар тұрақты түрде коррозия жылдамдығын орнатылған мониторингілік құрылғымен өлшеп, барлық кен орнындағы нысандардағы қабатты судың бактерияларды жұқтыру сипатына сынақ жүргізеді. Қабатты су сапасын талдау геологтарға да қажет, олар сынаманы алу кестесін құрып, оны зертханаға жеткізуді қамтамасыз етеді. Өндірілген мұнаймен бірге алынған су қабаттық қысымды сақтау үшін суды қайта құйып айдау, ҚР-ның табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, қайта құйып айдалатын судағы мұнай өнімінің мөлшері шектеледі. Бұл көрсеткіш ПҚҚР кен орнындағы сорғылау станцияларының бәрінде үздіксіз бақыланады.
Құмкөл кенішінің ашылғанына 30 жылдан асты. Құмкөлден кейін «Қызылқия», «Майбұлақ», «Арыс¬құм», «Ақшабұлақ», «Нұралы», «Ақсай», тағы басқа кен орындары бірінен соң бірі ¬ашыла бастады. Соның бірі Арысқұм. Қазіргі күні «Петро¬Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өндіріп жатқан қара алтынының 50 пайыздан астамы осы кен -орнынан алынуда. Сондықтан да тілшілердің Құмкөлден 80 шақырым қашықтықта жатқан бұл кенішке атбасын бұрып танысып қайтуы заңдылық деуге болады. Жалпы «КАМ» («Қызылқия», «Арысқұм», «Майбұлақ») кеніштерінде алынған мұ¬най осы жердегі мұнай дайындау және айдау цехына жиналып, судан, газдан ажыратылып тауарлы түрге жеткізіледі. Содан кейін құбырмен «Құмкөлдегі» тасы-малдау орталығына айдалады. «Арысқұмдағы» ¬дайындау цехында 2004 жылдан бері бірнеше мәрте модернизациялау үдерістері болып өткені туралы мұнай өндіру жөніндегі менеджер Жұмабек Қонысбаев айтып берді.
Осы кеніштегі газ айыру кешені де журналис¬терге жақсы әсер қалдырды. Бұл жерде тілшілер газ шаруашылығының топ жетекшісі Тасқынбек Жүзекенов, учаске бастығы Қайрат Жүнісов және инженер Елдос Нұрпейісовтан біраз қажетті ақпараттар алды. Мұндағы қондырғылар Австрияның Янбахер қаласындағы «Янбахер» компаниясынан жеткізілген. Газ-поршеньді қондырғылармен жұмыс істеуді цех операторлары аталған компанияға арнайы іссапармен барып, үйреніп қайтқан екен. Жалпы ілеспе газды терең жер қабатына айдаудың тиімділігі жетерлік. Біріншіден алғашқы кезеңдердегідей құр босқа ауада босқа жанып кетпейді. Осылайша қоршаған ортବға зияны тимейді және осы бағыттағы ¬талаптар орындалып жатыр. Сонымен бірге, тереңдікке қайта айдалған көгілдір отын жерасты қуатын қайта қалпына кел¬тіреді. Мамандар журналистерге осылай деп түсіндірді.
Жалпы компанияның қоршаған ортаны қорғау бағытында біраз жетістіктерге жеткені мәлім. 2005 жыл мен 2015 жылдар аралығындағы кезеңде «ПҚҚР» АҚ-да қоршаған ортаны қорғау саласында бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылды, ондағы басымдық жолай мұнай газын кәдеге жаратуда электрэнергиясын алу мен оны қабатқа кері айдау болды. Осы жобаның аясында «Құмкөлде» газ-турбиналы қондырғы салынды, Ал «Арысқұм» мен «Майбұлақ» кен орындарында жалпы қуаты 113 МВт болатын газ-поршеньді қондырғы орнатылды. Кәдеге -жараты¬латын газдың жобалық қуаты жылына 280 млн м3. Негізгі өндірілетін электрэнер¬гиясы кен орындବрындарында қолданылады, артықтары сыртқы тұты¬нушыларға беріледі. Осы жобаның жүзе¬ге асырылуы атмосфераны ластайтын заттардың жібе¬рілу лимитінің төмендеуіне алып келді, жылына 13697 тоннадан 6013 тоннаға дейін, яғни 2 есеге дейін төмендеді. Бұнымен қоса қалдықтарды кәдеге жарату мен көму жөніндегі нысандардың құрылысы жүзеге асты, жобалық қуаты 4600 м3 болатын қатты тұрмыстық қалдықтарды көметін полигон пайдалануға берілді. Әлсіз радиоактивті қалдықтарды кезең бойынша кәдеге жарату және радиоактивті қал¬дықтарды уақытша сақтауға арналған алаңды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
«ПҚҚР»-да 2014-2015 жылдары мұнайлы қалдық¬тарды қабылдау мен қайта өңдеу бойынша нысанды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, келіп түсетін мұнайлы қалдықтардан мұнай өнімдері мен тазартылған топырақты ажырататын жабдық сатып алынды. Шаруашылық-тұрмыстық пайдаланылған суды тазарту бойынша нысанның ¬салынғанын да айтып өткен жөн. «Арысқұмда» қуаты тәулігіне 400 м3 болатын пайдаланылған суды тазартатын биоло-гиялық тоғандар пайдалануға берілді, бұл пайда болатын пайдаланылған суды «Құмкөл» кен орнына дейін тасымалдауға шығындарды азайтуға, тазарту тиімділігін арттырып, қоршаған ортаға әсерін төмендетуге мүмкіндік берді.
«ҚАМ» кен орнындағы мұнай дайындау техно¬логиясы «Құмкөлдегіден» ерекшеленеді. «ҚАМ» мұнай дайындау және айдау цехы «Арысқұмда» орналасқан, өйткені «Арысқұм» осы топтың ең үлкен кен орындарының бірі болып табылады. Кен орнындағы газ сұйықтық қоспа «Арысқұм» коллекторларынан, сонымен қатар «Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ» пен «Солтүстік-Батыс Қызылқия» кен орындарынан «Арысқұм» мұнай дайындау және айдау цехына түседі. «Қызылқия» мен «Майбұлақ» кен орындарында мұнай жинау бекеттері жұмыс жасауда. Бұл бекеттерде дайындау цехтары сияқты, бірақ көлемі айтарлықтай аз, бұлар да айырғыш қондырғылармен, пештермен, су қоймаларымен жабдықталған. Мұнай осы жинау бекеттерде даярлықтан өтеді және тауар күйінде «Арысқұм» мұнай дайындау және айдау цехына түседі. Ал ол жақтан мұнай ағыны 8 дюймдік мұнай құбырымен «Құмкөл» кенішіндегі орталық мұнай дайындау және айдау цехына айдалады.
«Арысқұм» кен орнында да жұмысшылар мен қызметкерлерге бар жағдай жасалғанын БАҚ өкіл¬дері өз көздерімен көрді. Қамтамасыз ету қызметінің меңгерушісі Денис Губанов 1 гектар аумақты алып жатқан вахталық қалашықпен ¬таныстырды. Бұл жерде бір мезгілде 220 адам өмір сүреді. Мұн¬да әрқайсысының аумағы 250 шаршы метрлік жұмыс¬шылар тұратын 12 тұрғын жай орналасыпты. Мұнан бөлек, кеңсе ғимараты, кір жуу орталығы, асхана және спорт кешені, мәдениет үйі бар. Қажымұқан атындағы Спорт кешенінде кең спорт залынан бөлек, екінші қабатындағы бөлмелерде түрлі тренажерлік құралдар мен бильярд столы орналасқан. Кешкілік жұмыстан кейін бұл жерде түрлі жарыстарға қатысушы, жатты¬ғу жасаған адамдарға толы болады. Қысқасы, мұнай¬шылар теннис, гимнастика залдары, жаттығу құрылғылары және бильярды бар спорттық кешендерде өздерінің бос уақытын рахаттанып әрі пайдалы өткізеді.
Ақпарат құралдары өкілдері осылайша баспасөз туры барысында қыстың қаһарлы аязына, жаздың аптап ыстығына, дауылды күндерге қарамай, тынымсыз еңбек етіп жатқан мұнайшылар өмірімен танысып қайтты. Мұнай жер астынан фонтан болып атқылай салмайды, оны кәдеге жарату үшін қаншама тер төгілетінін сезіне білді. Өткен ғасырмен салыстырғанда технология біраз жетілді, десек те мұнайшылардың жауап¬кершілігі еш азайған емес. Техникалық қауіп-сіздік сақтау, қоршаған ортаны қорғау мен қатар еңбек өнімділігін арттыру міндеті бар. Олардың еселі еңбегінің нәтижесінде жергілікті бюджетке мол қаржы түсуде, қоғамның әлсіз бөлігіне, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетілуде. Міне, журналистер сапар барысында елге, аймаққа, қоғамға, компаниясына осындай пайда келтіріп жатқан мұнайшылардың тұрмыстық жағдайымен де танысты. Қысқасы, өткен ғасырдағы «Мұнайшылар, мұнай бер!» деген ұран бүгінгі күні де маңызын еш жоғалтпағанын түсінді.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.