Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жа¬һан¬дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елімізде қарқынды жүріп жатқан жекешелендірудің екінші толқынының маңыздылығы, сондай-ақ ел экономикасына қарқын беретін, бәсекелік қабілетін арттыратын жаңа бағыт бағдары атап көрсетілген болатын.
Қазіргі таңда облыста кешенді жоспар бойынша жекешелендіруге жататын бірқатар кәсіпорын анықталды. Бұл ретте саяси құжатқа сәйкес жекешелендірудің тиімділігі мен жария¬лы¬лығын қамтамасыз ету қажет.
Биылғы жылы 7 нысанды сауда-саттыққа ұсыну жоспарлануда. Оның ішінде 3 коммуналдық меншіктің нысаны және «Байқоңыр ӘКК» ҰК» акционерлік қоғамының 4 ұйымы бар.
Келер жылы 1 нысанды жекешелендіру жоспарлануда.
Бүгінде барлық нысандар бойынша сауда-саттық кестелері мен жол карталары әзірленді. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және жекешелендіру нысандарын сату Ережесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, сатуға қатысты рәсімдер жеңілдетілді.
Жекешелендіруге жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға қатыса алады. Аукционға, тен¬дерге қатысу үшін қажетті құжаттар жеке¬шелендіру нысандарын сату Ережесінде көр¬сетілген.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мүлікті жекешелендiру туралы шешiм шығарған күннен бастап мемлекеттік мүлік жекешелендiру нысаны болады.
Бұл үшін, облыс әкімдігі жанында заңды тұлғаларды және коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік нысандарын оңтайландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылып, жекешелендірудің мерзімі, түрі және шарттары бекітіледі. Жекешелендіру бойынша тұрақты комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жергілікті өкілетті органдардың өкілдері енгізілген.
Жекешелендіруге жататын, сатылатын немесе сатылған нысандар туралы ақпарат, суреттерімен қоса мемлекеттік мүлік реестрін тіркейтін бірыңғай операторы болып табылатын – госреестр (www.gosreеstr.kz) веб-порталында мемлекеттік тілде және орыс тілінде орналастырылады.
Т.ЖАҚЫПБАЕВ,
облыстық қаржы
басқармасының басшысы.