Еліміздің әлеуметтік саясатындағы ең маңызды бағыт – тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Үй болмай, күй болмайтынын пәтерден пәтерге көшіп көргендер жақсы түсінеді. Тұрғын үй нарығындағы жекешелендірудің алғашқы толқынында үкімет берген баспанасын өз иелігіне өткізіп алғандар мен тұрғын үймен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы жарияланғанға дейінгі аралықты ешкім ұмытпаған болар. Бұрынғыдай тегін үй беру тоқтап, жаңа құрылыстар мүлде салынбаған кезеңде баспаналы болудан үміттілер мүлдем аз еді.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыруды бастаған сәттен баспана нарығында дүмпу пайда болды. Банк мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысып, баспанаға мұқтаж жандардың басты мәселесін шешті. Қазір Елбасы -тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда. Біз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаевпен банк қызметіндегі жаңашылдықтар жайында сұхбаттасқан едік.
– Елбасы Жолдауындағы «Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған» деген жол баспана мәселесін шеше алмай жүрген азаматтарға зор мүмкіндіктер ұсынып отыр. Бұл бағдарламаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қосар үлесі қандай?
– Тұрғын үйге қатысты 2005-2007 жылдарды, 2008-2010 жылдарды, 2011-2014 жылдарды қамтитын, «Қолжетімді баспана – 2020» сияқты бағдарламалар жүзеге асты. «Нұрлы жер» – халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруды көздейтін бағдарлама. Ол бойынша ипотекалық несиенің қолжетімділігі артпақ. Жеке құрылысшыларды тұрғын үй салуға ынталандыруға, біздің банк арқылы несиеге берілетін тұрғын үйлер құрылысын жүргізуге назар аударылады. Сонымен бірге әлеуметтік әлсіз топтар үшін арендалық тұрғын үй қорын құрып, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған. Халықты арендалық және коммерциялық тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, бөлісті тұрғын үйлер құрылысын қолдау бағдарламаның негізгі бағытына жатады.
Оны жүзеге асыру қарқынын арттыру мақ¬сатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» «Қолдау» бағдарламасы арқылы жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған халыққа ақысыз депозиттік шот ашу жеңілдігі қарастырылады. Арендалық тұр¬ғын үйге әлеуметтік әлсіз топтар қо¬ныс¬¬танады.
Біздің банк пен облыс әкімдігінің бірігіп атқарған жұмысы жоғары бағаға лайық. Бүгінде жаңа шағын ауданның саны 11-ге жетті.
– «Нұрлы жер» арқы¬лы үйлі болудың шарттарын түсіндірсеңіз...
– «Нұрлы жер» бағ¬дарламасы арқылы тұрғын үй құнының 30 пайызын салып, несиені 5 пайызбен рәсімдеуге болады. Тұрғын үйлердің бағасы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы салынған үй-лердің 1 шаршы метрі Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында 180 мың теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 140 мың теңгеге дейін деп бекітілді.
Сондай-ақ жеке, бө¬лісті және көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы қолға алынады. Ол үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» депозиттеріңіз болып жинақ жасау міндеті талап етіледі. Депозиттік жинақтарға жылына 20 пайыз мемлекет, 2 пайыз банк сыйақысы жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған мемлекеттік сала қызметкерлері жолдама алып келген жағдайда айлық табысын растайды. Қойылатын талап – соңғы 5 жылда атында тіркелген баспана болмауы тиіс. Ал, Астана мен Алматы қалаларынан тұрғын үй алушылардан 2 жыл тұрақты тіркеу сұратылады. Сонымен қатар, 29-ға толмаған жастар «Жас отбасы» бағдарламасы аясында соңғы 5 жылда ерлі-зайыптылардың атында тіркелген бас¬панасы жоқтығын растайды. Некеде тұрғандарына 2 жыл толуы керек, тұрғын үй инспекциясынан жолдама алып келіп, айлық табыстарын растап тұрғын үй алуларына болады.
– Тегін үйге кімдер қол жеткізе алады?
– «Нұрлы жер» бағдарламасының ¬концепциясында көрсе-тілгендей, әлеуметтік әлсіз топтар арендалық тұрғын үйлерге қоныстанатын болады және тек коммуналдық қызмет үшін ғана төлем төлеп отырады. Ол бағыт жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады.
– «Өз үйім» бағдарламасы жалғаса ма? Бағдарламаның тиімділігін тағы бір түсіндірсеңіз?
– «Өз үйім» бағдарламасының мынадай артықшылықтары бар: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына толық басымдық беріледі (салымшының атында тіркелген баспана болмауы шарт емес), валюта бағамдарына тәуелсіз және үй сатып алу кезінде ерекше талаптар қойылмайды. Бағдарламаға банктің кез-келген клиенті қатыса алады. «Нұрлы жер» бағдарламасынан айырмашылығы, Алматы мен Астана қалаларында соңғы екі жылда тіркеуде тұруы міндетті емес. Бағдарламаның ұзақтығы 2016-2019 жылдар аралығын қамтиды.
– «Нұрлы жер» бағдарламасының нысандарына, яғни банк салымшыларына ұсынатын үйлерге тоқталсаңыз?
– Наурыз мерекесінде аймақ басшысының қатысуымен 580 пәтерлік 12 көпқабатты үйден тұратын тағы бір жаңа шағын ¬аудан, Ә.Қашаубаев көшесіндегі 100 пәтерлік 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Аталған тұрғын үйлер «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында, жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына берілмек. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 136 600 теңгеден басталады. 2 бөлмелі пәтер 59 шаршы метр, 3 бөлмелі пәтер 73 шаршы метрді құрайды.
Бұрын үйді алуға қалада тіркелген азаматтар ғана құқылы болса, бұл жолы банктің кез келген салымшысы қатыса алады. Былтыр 12 мыңға жуық салымшымыз келісім-шартқа отырды. Жалпы 30 мыңнан аса салымшы бар. Кезекте тұрған 10 мыңға жуық азаматтың осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігі бар. Үйді кеңейтем деушілерге, бітпей қалған құрылысты аяқтауға біздің банк арқылы несие алған қолайлы. Қазір 389 адам өтініш берген. Олардың төлем қабілеті тексерілуде. Салық кодексінің 166-бабына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомаларға салық шегерімі қолданылады.
Жақын арада «Арай 3» шағын ауданында орналасқан тұр¬ғын үйлер қолданысқа берілмек. 2017 жылдың 13-27 маусым аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өтініштер қабыл-данады. Қойылатын талап, тұрғын үй құнының 30 пайызын жинақ-тау. Несие 5 пайызбен рәсімделеді. Өтініштер банктің ресми сайтында www.hcsbk.kz «Жеке кабинет» арқылы қабылданады.
– Салымшыларға ұсынылған сый – комиссиялық алым¬ның жойылуы екені сөзсіз. Бұл жаңалық туралы таратып айтсаңыз...
– «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасағаны үшін және шартты соманы арттыру үшін алынатын комисссия көлемі 0 теңге болып бекітілді. Ол өзгерістер 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап күшіне енді. Естеріңізге сала кетсек, бұрын аталған қызметтер үшін алынатын комиссия көлемі шартты соманың 0,55 пайызын құраған еді.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбатты жүргізген
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.