Тарихқа көз жүгіртейік. Тәуелсіздіктің алғашқы сындарлы кезеңінде Елбасының алдында екі Жарлықтың жобасы жатқанын білеміз. Біріншісі – Қызылорда облысын тарату, екіншісі Арал ауданы тұрғындарын басқа аймаққа көшіру туралы болатын. Бұл шындығында қиын кезең еді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кең-байтақ шекарамызды шегендеп, 2500 пайызға өскен инфляцияны жеңумен, тоқтап қалған өндірісті жандандырумен, құлдыраған ауылмен, жарығы сөнген қалалармен айналысып жатқанына қарамастан, Алаштың анасы – Сырға сенім ұялатып, айдыны қайтқан Аралға араша болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 қазан 2017 г.
535
0
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы халыққа жолдаған дәстүрлі Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталғаны белгілі. Өйткені, Мемлекет басшысы Үкіметке Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру туралы тапсырма берді. Соған орай, Үкімет алдына шикізаттық емес экспорт көлемін 2025 жылға қарай 2 есеге дейін арттыру міндетін белгіледі. Ал ол межеге қол жеткізу үшін басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамыту үшін индустрияландыруды жалғастыра беруге тиіспіз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 қазан 2017 г.
472
0
Жуырда Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасыр ішіндегі толағай табысының жарқын көрінісі – әсем Астананың 20 жылдығын мерекелеу туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкімі жарияланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 қазан 2017 г.
1 104
0
Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе ферроқорытпа зауытында, рельс-арқалық зауыты мен жылыжайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2017 г.
638
0
Несібесін жерден айырып, ала жаздай маңдай тер төккен шіркейлілік еңбеккерлер табысты таразылайтын шақта қызу жұмысты жандандыруда. Олар күн қарасып тұрғанда астықты ысырапсыз жинап алып, құт қамбаны қызылға толтырудың қамымен қарбалас тірлік кешіп жүр. «Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды» деген қағиданы ұстанған еңбекшіл қауым таңның атысы кештің батысы «жерді баптай білдік, енді егінді қаптай білейік» деп жанталаса жұмыс жасауда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2017 г.
855
0
Кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Белкөл кентін газдандыру жұмыстарымен танысты. Пресс тур барысында журналистерге аймақтағы газдандыру жұмыстарының барысы баяндалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2017 г.
621
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2017 г.
427
0
“Сәрке батыр” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күзгі жиын-терім науқаны аяқталуға жақын. Қырман басындағы тау болып үйілген алтын күздің мол астығы берекенің бастауындай көз қуантып, көңіл сүйсіндіреді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2017 г.
1 076
0
Облыстың аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының газ таратушы желілерін салу (1 кезең – қысымы 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын АГТС-1-ден 2-БГРП орнатумен қоса)» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік-сараптаманың оң қорытындысы алынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2017 г.
729
0
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазмедиа орталығы» xалықаралық медиа-xабының аумағында Astana Media Week бірінші қазақстандық медиаапталық өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2017 г.
437
0