Газдандыру жұмысы жалғасуда

Облыстың аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.

«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының газ таратушы желілерін салу (1 кезең – қысымы 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын АГТС-1-ден 2-БГРП орнатумен қоса)» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік-сараптаманың оң қорытындысы алынды.

 «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры) құрылысына облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.Оған қоса, 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Теренөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Теренөзек елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 16,4 млрд. теңгеге тиісті министрлікке бюджеттік өтінімдер жолданды.

Сондай-ақ, 2017 жылы облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС –нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн. теңге қаржы қаралды. Белкөл кентін газдандыру жұмыстары 2017 жылдың сәуір айынан басталды. Жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылады.  Газдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін 3395 адам газбен қамтылады. Бүгінгі күні құрылыс монтаж жұмыстары басталып, 20 шақырым газ құбырлары жүргізілді. Нысанды пайлануға беру мерзімі 2017 жылдың қараша айы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2017 г. 729 0