АСТАНА – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ

Жуырда Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасыр ішіндегі толағай табысының жарқын көрінісі – әсем Астананың 20 жылдығын мерекелеу туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкімі жарияланды. 

Елбасы 1997 жылдың 20 қазанында Ақмола қаласын республика астанасы етіп жариялау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Биыл бұл тарихи маңызы жоғары құжатқа 20 жыл толады.  Ал, 1998 жылғы 6 мамырда Президент Жарлығымен мемлекеттің бас қаласы Астана болып аталды. Сол жылы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Елорданың 20 жылдығын мерекелеу турасында бас қаламыздың мерейтойын дайындау және өткізу мақсатында комис­сия құрылатыны айтылған. Сондай-ақ, «Ел жүрегі – Астана» атты тұжы­рымдаманың әзірленетіні, ел Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бір­лесіп, іс-шаралар жоспарын бекіту қажеттігі назарға алынған.

Еліміздің абыройын асқақтатқан Астана бүгінде бұрынғыдан әлдеқайда өзгерген. Сәні мен салтанаты жарасым тапқан қаланың бас архитекторы да – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазір әлем жұртшылығы Қазақстан десе, Елбасын қатар атайды. Тіпті, Президент пен Астана егіз ұғымға айналғандай. «Қазақстан! Нұрсұлтан! Астана!» деп ұрандатқан жастардың жалынды сөздерін қаншама рет естіп те жүрміз. Мұның барлығы жарасымды тірлік пен берекелі бірліктен бастау алады.

Гүлдене бер, мәртебемді асқақтатқан әсем Астана.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2017 г. 1 104 0