«ЖАҢА ҚАЛА» ЖОБАСЫ  КӘСІПКЕРЛЕРДІ КҮТЕДІ

«ЖАҢА ҚАЛА» ЖОБАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІ КҮТЕДІ

 Облыстық кәсіпкерлер палатасында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесті. Кездесуде шаһар басшысы  Қызылорда қаласының  сол жағалауын  дамыту мақсатында қолға алынған «Жаңа қала» жобасы жайлы тарқатып айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 525 0
«ЕЛАРАЙДЫҢ» ЕЛГЕ ИГІЛІГІ

«ЕЛАРАЙДЫҢ» ЕЛГЕ ИГІЛІГІ

«Еларай» қоғамдық қоры 2015 жылы өз жұмысын бастады. Қордың мақсаты: жалпы қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолұшын беріп, қолдау көрсету. Бір айта кетерлігі, мұнда атқарылатын  шаралардың басым бөлігі  еріктілер есебінен жүзеге асырылады. Бүгінде қоғамдық  қордың директоры болып қызмет атқаратын Асхат Байдәулетов те осыған дейін еріктілер қатарында болатын. Сондықтан оған бұл жұмыстың жай-жапсары жақсы таныс.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 607 0
ТҮБЕКТЕ ТҮЛІК ТҮЛЕТКЕН

ТҮБЕКТЕ ТҮЛІК ТҮЛЕТКЕН

Жантөре Бердібаев 1992 жылдан бастап мал шаруашылығымен шұғылдануды шындап  қолға алды. Қолдағы азын-аулақ малын жиыстырып, шаруа қожалығын құрды. Әкімдіктерді жағалап жүріп, дария жағасынан жерді бекітіп алды. Өзінің тұрғылықты жері «Жаңатұрмыстан» тура 20 шақырым қашықтықтағы «Орыс түбек» деп аталынатын тоғай арасына таңдауы түсті. Жылқысын да, ірі қара малын да кең жерге жіберіп, еркін бір демалғандай болғаны сол кез. Ол атакәсіпті өркендетуге осылай ерекше екпінмен кіріскен-ді. Нақты кезеңде ұлдары – Бекбол мен Бекетау және келіндері Айнұр мен Аида бұл күндері ота­­ғасы бастамасын одан әрі жал­ғастырып, шаруашылықтың жұ­мысын ынтымақтаса ат­қары­сып жүр. Әрине, ең­бек еткеннің жүзі жарық, жағ­дайы жақсы болары анық.  Мал бағудың бейнеті зор бол­ғанымен, өзіңнің ақ адал  тірлігің, біреуге жа­лын­байсың, қайта саған жағ­дай айтып келетіндер бар­шылық. Баққанға мал бітеді ғой, жаратушы да пен­десінің қаракетіне қол­дау білдіреді, әр істің оңтайын осылай келтіріп тұрады. Бұл күндері жылқының үйірі 3-4-ке, ірі қарасы жүз қаралы малға айналды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 498 0
«АҚМЕШІТ» АНСАМБЛІ  АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

«АҚМЕШІТ» АНСАМБЛІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық код пен ұлттық мәдениет сақталуы қажет екені айтылады. Біз рухани жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деп көрсетілген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 467 0
«ҚАЙСАР» ҮМІТТІ АҚТАДЫ

«ҚАЙСАР» ҮМІТТІ АҚТАДЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол клубының ойыншылары мен басшылық құрамын қабылдап, маусымды сәтті қорытындылауымен құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 546 0
ДӘУІРГЕ САЙ ДАМИТЫН САЛА

ДӘУІРГЕ САЙ ДАМИТЫН САЛА

Әлем экономикасында «мұнайы бардың құдайы бар» деген сөздің пайда болғанына ғасырға жуық уақыт өткен болар. Ол сөздің бекерге айтылмағаны да белгілі. Өйткені, кез келген елдің экономикасын ғана емес, оның энергетикалық, сондай-ақ жалпы қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де мұнай мәселесімен ұштасатыны білінеді. Ал Қазақстан жағдайында «қара алтынның» алар орны ерекше болып келді. Олай дейтін себебіміз, бүгінгі күні Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің үлесі елдегі жалпы ішкі өнімнің 30 пайызын, ал экспорттан түсетін табыстың жартысынан астамын құрайды. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 475 0
ТЕҢІЗ ТӨСКЕЙІН ТҮЛЕТКЕН ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК

ТЕҢІЗ ТӨСКЕЙІН ТҮЛЕТКЕН ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК

«Іс тетігін кадр шешеді» қағидасының біздің елімізде де орны ерекше. Оған қоса мемлекеттік қызмет барысындағы  сатылап өсу ұстанымының көп көңілінен табылып жүргенін ел ішінде естіп жүрміз. Қалай десек те, елдің тыныс-тіршілігін, өзі  қызмет жасайтын саланың қыр-сырын жете білудің маңызы қаншалықты жоғары екені баршаға аян. Дәл осындай көрініс теңіз төскейінде де қалыптасқан. Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың еңбек жолына көз тастасаңыз – жетекші маман, бас маман, бөлім меңгерушісі,  аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары секілді баспалдақтардан өткенін көреміз. Бүгінгі әңгімемізде Мұхтар Әуесұлы басқаратын іргелі ауданның аяқ алысына қысқаша тоқтала кетпекшіміз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 506 0
ҚОБЫЗШЫ ТОҚТАР

ҚОБЫЗШЫ ТОҚТАР

Қобызда ерекше тылсым сыр бар. Адамды тұңғиыққа тартады, жүректі қозғайды. Оның үстіне Қорқыттың күй сарынын орындаған негізгі аспабы – қара қобызы екенін ескерсек, халқымыз үшін ол шын мәнінде қасиетті. Бір кездері қобызға деген түсініспеушілік салдарынан аспап заман көшіне ілесе алмай, ескіліктің қалдығы саналып, жоғалып кетудің алдында қалған болатын. Бүгінде ол қайта жанданды. Қобызды серік етушілер көбейді. Тоқтар Ағыраев – солардың қатарынан. Қоңыр үннен шабыт алып, оның тарихи мән-маңызын ішкі жан дүниесімен сезіне білетін өнерпаз – облыстық филармонияның “Ақмешіт” фольклорлық ансамблінде қылқобызшы. Қанжығасын республикалық деңгейдегі байқаулардың жүлдесімен толықтырған Тоқтармен әңгіме скрипканың атасы саналатын қастерлі аспап – қобыздың киесі жайында өрбіді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 488 0
Мәжіліс БАҚ туралы заңнамаға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс БАҚ туралы заңнамаға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2017 г. 559 0
«Туған жерге тағзым» акциясы өтуде

«Туған жерге тағзым» акциясы өтуде

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры әлеуметтік жоба аясында «Туған жерге тағзым» акциясының іс-шаралары өтіп жатыр. Жалпыұлттық патрио­тизм­нің өзегі іспетті «Туған жер» ізгі ниеттер мен шара­лар­ды жүйе­леп, ортақ игілікке айнал­дыруды көздейді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2017 г. 690 0