ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Төтенше жағдайлар департаментінің бүгінгі таңда атқарып отырған жұмысы көпшіліктің көз алдында. Өйткені, орын алған әр түрлі оқиғалардың басы-қасында жүретін, дер кезінде адамдарға көмек беретін ұжым орасан жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінде, қандай маңызды шаралар атқарылып жатыр деген сұраққа толыққанды жауап алу үшін Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары М.Келесовпен әңгімелескен едік.
ҚОҒАМ 26 шілде 2014 г. 2 029 0

«ЖАСЫЛ ДӘЛІЗДЕН» – ДАСТАРХАНҒА

Адам ағзасының арқауы ас болғанда, қазіргі кездегі ас атасы, әрине, көкөніс-жеміс десе болады. Осы орайда, қазақстандықтардың дас­тар­қанын азық-түлік өнім­дерімен қамтамасыз етудің Қытаймен арадағы қатынасы жақсы жолға қойылды.
ҚОҒАМ 24 шілде 2014 г. 818 0
ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕМІСІ

ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕМІСІ

Кеңестер Одағы тараған тұс­тағы экономикалық тоқырау байланыс саласының дамуына да кері әсерін тигізді. Елімізде көптеген АТС-тар жабылып, таратылды. Ме­кемелер бірінен соң бірі қайта жасақталып, жаңа құрылымға ауысып жатты. Ал, нақты кезеңде еліміздің ақпараттық-комму­ни­ка­ция­лық технологиялар саласы қар­қынды дамуымен сипатталады.
ҚОҒАМ 24 шілде 2014 г. 896 0
СЫРДА ТУЫП, ҚЫРДА ТҮЛЕГЕН

СЫРДА ТУЫП, ҚЫРДА ТҮЛЕГЕН

Алмасбек Ахметұлы Әбсадық 1966 жылы Қызылорда облысы, Тасбөгет қыстағында дүниеге келген. 1991 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітіріп, Білім министрлігінің жолдамасымен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқытушылық қызметке орналасады. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі таңда аталмыш университеттің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарады. Біздің тілшімізге елге демалыс пен іссапарды серік етіп келген жерлесімізбен сұхбат алу мүмкіндігі туындаған еді...
ҚОҒАМ 24 шілде 2014 г. 804 0

ІШЕКТІҢ БІТЕЛУІ

Ішектің бітелуі – ішек ішіндегі заттың мүлде жүрмеуі. Ішектің бітелу себебіне қарай ол екі түрге бөлінеді: динамикалық және механикалық. Динамикалық ішек бітелуі ішек қабырғасының қозғалу қызметі шұғыл тоқтаған кезде байқалады. Бұл екі жағдайда орын алады: қандай да бір себептің әсерінен ішектің бір бөлігі қатты түйіледі (спазмалық түйілу) және керісінше, ішек қабырғасы салданады (паралитикалық түйілу).
ҚОҒАМ 24 шілде 2014 г. 1 905 0

ТӘРБИЕ ТІНІН ҮЗІП АЛМАЙЫҚ

Бүгінде теледидарды қосып қалсаң, болды түрлі жағдайлардың куәсі боласың. «Атып кетіпті», «зорлапты», «тонап кетіпті» деп толассыз айтып жатады. Құлағымыз да, етіміз де үйреніп кетті. Үйренгеніміз соншалық, тіпті, қанды оқиғалардың бірі деп бейжай қарайтын дәрежеге жеттік. Барлығы жан-жақты дамыған заман мен технологияның жеті атасын меңгерген қоғамда ешнәрсе ешкімге тансық емес. Тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, әлпештеп өсірген ұлың мен қызың бірі намысын жоғалтып, бірі арын сатып күнелтуде. Жетесіз, қайырсыз ұл әкесі мен шешесін жәутеңдетіп қарттар үйіне жіберуде. Тіпті, ата-анасын өлтіріп, көміп тастап жатқандар қаншама? Балаларымыз неге мұншалықты қатыгез болды екен? Тәрбиенің әлсіздігі ме, әлде алпауыт қоғамның әсері ме? Әркім әртүрлі пайымдайтын болар. Менің мақсатым – өз ойымды жеткізу.
ҚОҒАМ 24 шілде 2014 г. 919 0

ӨЗ ТІЛІҢДІ ӨГЕЙСІТПЕ

"Сыр бойы” газетінің өткен нөмірлерінің бірінде жарияланған мақалада облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы аймақтағы ана тілінің қолданылуы мен оның мемлекеттік мәртебесі жайлы сөз қозғаған-ды.
ҚОҒАМ 22 шілде 2014 г. 855 0
«ШЕТ ЕЛДЕ ОҚУ МӘСЕЛЕ ЕМЕС, МӘСЕЛЕ – КІМНІҢ ОҚЫҒАНЫНДА»

«ШЕТ ЕЛДЕ ОҚУ МӘСЕЛЕ ЕМЕС, МӘСЕЛЕ – КІМНІҢ ОҚЫҒАНЫНДА»

Құрылғанына жыл тола қоймаса да, Қызылорда облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы талай шаруа тындырып үлгерді. Халықтың әртүрлі топтарымен кездесіп, дәстүрлі емес және деструктивті діни ұйымдардың қоғамға зияны туралы айтумен келеді. Қала және аудан әкімдіктері жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелеріне тоқсан сайын семинар өтіп тұрады. «Жыл басынан бері облыс орталығында жүзден астам шара ұйымдастырылып, оларға 5 мыңның үстінде адам қатысты. Біз осылайша дәстүрлі рухани-діни құндылықтарды насихаттауға тырысамыз», – дейді орталық директоры, дінтанушы Тұрар Әбуов.
ҚОҒАМ 22 шілде 2014 г. 940 0
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢАША ЖҮЙЕ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢАША ЖҮЙЕ

Еліміз білім беру жүйесінің санға ғана емес, сапаға негізделуі бүгінгі күннің талабы екені белгілі. Соған орай білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруы қажет. Біз өмір сүріп отырған кезең – жаңа дәуір. Сондықтан ол жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы тіпті ерекше. "Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда филиалының директоры Бауыржан Елеусінов жуырда Оңтүстік Корея мемлекетінде болып қайтқан еді. Енді осы сапар барысы турасындағы тілшіміздің сұхбатын оқырмандар назарына ұсынғанды мақұл көрдік.
ҚОҒАМ 22 шілде 2014 г. 2 565 0

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ, ЖАС ТҮЛЕК

Бірде екі қыздың әңгімесіне еріксіз құлақ түрдім. Ойлары бір жерден шығып отыр. Бастарын шұлғып, бірінің сөзін бірі қолдап, өздерінше ойларының дұрыстығына сенімдері мол. Иә, бұлар мамандық таңдауда ата-анасының пікіріне құлақ асып және қоғамдағы сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жасап отыр еді. Сөздеріне қарасам, екеуі де оқушы үшін үлкен сынақ саналатын белестен жақсы нәтиже көрсеткен. Мемлекеттік оқу грантын жеңіп алуға деген мүмкіндіктері де бар екен. Алайда мені таңғалдырғаны, осынша уақытқа дейін қандай маман иесі атануды ойламағаны болды. Жүйелі ойы жоқ, саналары сан жақта.
ҚОҒАМ 22 шілде 2014 г. 4 927 0