ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕМІСІ

ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕМІСІКеңестер Одағы тараған тұс­тағы экономикалық тоқырау байланыс саласының дамуына да кері әсерін тигізді. Елімізде көптеген АТС-тар жабылып, таратылды. Ме­кемелер бірінен соң бірі қайта жасақталып, жаңа құрылымға ауысып жатты. Ал, нақты кезеңде еліміздің ақпараттық-комму­ни­ка­ция­лық технологиялар саласы қар­қынды дамуымен сипатталады.

Егемендік алғаннан кейін көп ұзамай салаға байланыстың жаңа стандартын енгізу ісі батыл қолға алынды. Аталған салаға бірегей ұлттық саясат жасау қажет болды. Осы мақсатта "Қазақтелеком” Ұлттық акционерлік қоғамы құ­рылып, салаға инвестиция тар­тылды. Телекоммуникация сала­сының жоғары технологиялы сала ретінде қарқынды дамуының бастамасы осы шешім болды десек, артық айтпаймыз.

Ол кезде Қызылорда облысы орталығында АТСК-7 және ПСК-2 координаталық стансасы, АТС-3, АТС-4 декадалық-жылжымалы стансалар пайдаланылатын. Қала­лық телефон стансасында небәрі 20 мыңға жуық қана нөмір болды. 1996 жылы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi «Қа­зақ­­телеком» ҰАҚ көптеген қызметтердi ұсыну құқығын берді. Со­ның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс қызметiне эксклюзивтiк лицензия берілді. Қала­аралық байланыстың сапасын әлемдік стандарт деңгейінде қам­тамасыз ету үшiн осы жылдан бастап еліміз бойынша жалпы ұзындығы 10 мың шақырымға созылатын ұлттық ақпараттық супермагистраль құрылысының жобасын салу жүзеге асырыла бастады.

1997 жылы қаламызда 2000 нөмірлік түрiк өнімі ДМС-100/200 цифрлы қалааралық станса құрастырылды. Ал, 1999-2001 жылдары аудан орталықтарында түріктің ДРХ-4 стансаларға пай­далануға берілді. Араға 4-5 жыл салып «Желіні дамыту және жаңғырту» бағдарламасына сәй­кес, облыс орталығында аналогты АТС-3,7 және 4 стансалары АТС-23, 24, 26/27, ДМС типтік санды стансаларына ауыстырылды. Оның жалпы сыйымдылығы 19000 нөмірді құрады. Сондай-ақ, бұрынғы мыс желінің орнын талшықты-оп­тикалық байланыс желісі басты.

Бұдан басқа желілерді қалпы­на келтіру үшін үшжылдық бағ­дарлама шеңберінде қаламызда жабдықтарды жаңғыртумен қатар желілік-кабельдік шаруа­шы­лық­ты нормаларға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.

2007 жылы Қызылорда қаласының аналогты АТС-2,5 ауыстыру және абоненттік қатынау желісін кеңейту бойынша желіні жаңғырту жобасының 2-кезеңі енгізіліп, қаладағы байланыс сандық жүйеге толықтай көшті. Сөйтіп, облыс орталықтарының ішінде Қызылорда қаласы 7 орынды иеленді. Сол тұста аудан орталықтары мен елді мекендерді де жаңғырту жобалары жедел жүргізіліп жатқан еді. Заман талабына сай келмеген ДРХ-4 стансаларын ауыстыруға тура келді. Сөйтіп, бес жыл iшiнде барлық аудан орталықтарындағы стансалар Iskratel, Huawei және SI-3000 фирмалары шығарған жетілдірілген стансаларға ауыстырылып, ауыл­дық жердің байланыстарына жан кірді. Мысалы, облыс бойынша осыдан 10 жыл бұрын 67 аналогтық АТС ауылдық елді мекендерде пайдаланылса, 2008 жылы барлық аналогтық АТС-тар цифрлы АТС-тарға ауыстырылып, цифрлі радиорелелiк және талшықты-оптикалығы желілер іске қосылды. Осылайша, 97 АТС ауылдағы ағайынның мүмкіндігін ұзартты. Осы жұмыстарды қар­қынды жүргізуінің арқасында Сыр өңірі телекоммуникациялар желiсiн 100 пайыздық цифр­ландыруға жеткізген респуб­ликадағы екiншi облыс атанды.

Осы 2008 жылы облыстың электрлендірілмеген ауылдарында жел-күн генераторларын орнату жобасын іске асыру басталған-ды. Бүгінгі таңда аймағымызда 16 жел генераторы қондырғылары пайдаланылуда. Оның 6-ы электр энергиясынсыз отырған Мә­де­ниет, Ажар, Қожақазған, Атанши, Шопанқазған және Кекірелі се­кілді елді мекендерде жұмыс істеп тұр.

Кейінгі жылдары заман талабына сай деректерді тарату желісі қарқынды жүзеге асырыла бастағанын айта кеткен орынды. Айталық, аудан орталықтарында DWDM жабдығы орнатылып, арналарға деген сұранысты шешу мүмкіндігі арта түсті. Осылайша, жоғары жылдамдықпен интернетке шығуға аудан орталықтары мен елді мекендердің абоненттері де қол жеткізді.

«2010-2015 жылдарға арналған кеңжолақты желіні құрастыру» бағдарламасы аясында да қыруар жұмыстар атқарылды. Мәселен, біздің облыстық дирекция осы бағдарлама шеңберінде ин­рнет-ресурстарына кірудің орташа жылдамдығын алдағы жылғы 12 Мбит/с дейiн жеткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, ол 2009 жылы 1 Мбит/с болатын. Сонымен қатар, мыс желісі бойынша ADSL технологиясын дамыту жүктелімдерімен қатар GPON технологиясын да қоса дамытып, оптикалық желі арқылы 100 Мбит/с жылдамдықпен қосылуды қамтамасыз етуге ерекше мән берілуде.

Аса маңызды жобалардың бірі – GPON оптикалық желісін Байқоңыр қаласында да тарту болып табылады. Қазіргі кезде Байқоңыр қаласында 1400-ден аса абонент GPON технологиясына қосылды.

Ал, «Ақпараттандыру жүйесі бойынша орта білім беруді дамыту» бағдарламасы аясында интернет желісіне аймағымыздағы 246 мектеп қосылды. Қазір біздің аймақ еліміз бойынша 14 ОТД арасында кеңжолақты қатынау бойынша интернет желісіне мек­тептерді қосу бойынша 6-орында тұр.

Міне, аз ғана уақыт ішінде осындай жемісті жұмыстар ат­қары­лыпты. Бірқатар игі жаңа­­лық­тармен қарқынды дамып келе жатқан байланыс саласы бүгінде 20 жыл толды. «Қа­зақ­телеком» АҚ құрылғалы бері телекоммуникация желісі елге пай­далы қаншама жұмыстар ат­қар­ды. Сондықтан да бұл салаға халықтың алғысы шексіз. Әрине, мұндай ел сенімін ақтауда майталман мамандардың еңбегі зор. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін әр түрлi мамандардың – желінің және жабдықтардың үздіксіз жұ­мыс істеуін қамтамасыз ете­тін техникалық персоналдар, фи­лиал­дың клиенттеріне қызмет көр­сететін фронт-офис мамандары, бизнес-үдерістің үзілмеуіне, қолданыстағы ереженің тәртібін және нормативін сақтау, өндірісте материалдық-техникамен қам­та­­масыз етуге жауапты менеджер­лердің орны бөлек. Егеменді елі­міздің ілгері дамуына, өркендеп өсуіне өз үлестерін қосып келе жатқан байланысшылар 20 жыл­дық мерекесін толымды табыс­тармен қарсы алды.

Сәдібек БАЛТАБАЙҰЛЫ,

Қызылорда облыстық телекоммуникациялар Дирекциясының бас директоры.


ҚОҒАМ 24 шілде 2014 г. 896 0