«Туған ай – тураған етпен тең» деген. Әне-міне дегенше жыл аяғы да жақындап қалды. Әр мезгіл өзінің жаңалығымен есте қалатыны белгілі. Ал Қазалыда осы жыл ел қорғаған бабаға арналған шаралармен айшықталмақ. Бүгінде әрі батыр, әрі әулие Жанқожаның туылғанына 240 жыл толуына орай Қазалы өңірінде дайындық шаралары қызу жүріп жатыр. Газетіміздің солтүстік аудандардағы меншікті тілшісі Жұмабек Табынбаевтың Қазалы ауданының әкімі, аудандық ұйымдастыру комиссиясының төрағасы Бақыт Жахановпен жасаған сұхбаты осы бағытта өрбіген еді.
ҚОҒАМ
09 қыркүйек 2014 г.
2 153
0
Отбасы тәрбиесінен тыс қалған жеткіншектер мен тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балаларын қамқорлыққа алып, қолдау көрсету мақсатында Елбасының тапсырмасынан бастау алған «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру елімізде дәстүрге айналып келеді.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
766
0
Журналистік іс-сапармен Қармақшы ауданына жолымыз түсті. Әдеттегідей, дәстүрлі жолдан аттамай, аудан әкіміне жолығуды, сапарымыздың мақсатынан хабардар етуді жөн көрдік. Нәжмадин Шамұратов ауданның білім қызметкерлерінің тамыз мәслихатына қызу дайындалып жатқанының куәсі болдық. Өңірде талқылайтын мәселе көп. Ол әрбір түйінді түйткілдерді електен өткізіп, сала бойынша орынбасарларына тиісті тапсырмаларды шұғыл беріп жатты. Уақыттың соншалықты тапшы екенін байқадым. Әңгімені кешкілік, күнделікті абыр-сабырдың саябырлаған сәтінде жалғастыруды қолайлы көрдік.Сол күні кешкілік тағы кездестік. Осы сәтте Қытайдан біздің кездесуіміздің символикалық дәнекеріндей болған қуанышты хабар келіп жетті.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
863
0
Атақты Александр Затаевич біздің мына көсіліп жатқан ұлан-ғайыр жерімізге қарап тұрып: «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай», деп тамсаныпты ғой заманында. Қазақ жерінің селеуі мен жусанынан жыр ескендей, сылдыраған суынан күй төгілгендей әсер етсе керек өнер зерттеушісіне. Ұлттың ұлы ұстазы Абайдың өзі «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең», демеп пе еді?! Бесік жырымен тербеліп басталатын өмір дариясы жоқтаумен аяқталатыны ақиқат қой. Сондықтан қазақтың өмірі өлеңмен өте тығыз байланысты десек, артық айтқандық болмас. Тіпті, тұтас бір отбасы өнерпаз болып жатады. Мысалы, өткен ғасырда отбасылық ансамбльдер көп шықты. Солардың бірі – Тоқаяқовтар шаңырағы.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
867
0
Елбасымыз осыдан алты жыл бұрын «Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеуге біздің кәсіпорындарымыз бен азаматтарымыз әлі кірісе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиіспіз. Аз төлегіміз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркімнің өз қамы болуы қажет» деген болатын. Содан бері үнем деген үлкен мәселені шешудің жолдары қарастырылуда. Бұл күндері Сыр өңірінде де баламалы энергия көздерін дамыту және электр энергиясының ысырабына жол бермеу бағытында тиянақты әрі табысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы аптаның бейсенбісінде де мамандар осы мәселені талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев те қатысты.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
888
0
Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақтың кең даласындағы қасиетті орындардың бірі Ұлытау өңірінде, Әулиебұлақтың басында «Хабар» агенттігінің тілшісіне сұхбат берді. Керемет табиғат аясындағы сұхбат барысында Елбасымыздың көңіл түкпіріндегі ойларымен ағынан жарыла халқымен бөліскендігінің куәсі болдық. Қазақ халқының армандаған асқақ биігі тәуелсіздігіміздің оңай келмегендігін, тәуелсіздік жолында бабаларымыздың қаншалықты қиыншылықтарға қарамастан, әлеуметтік-рухани болмыстық сипатын сақтап қалғандығын өскелең ұрпақтың жадында сақтау керек екендігін айрықша атап өтті.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
950
0
Облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде білім беру ұйымдарының 2014-2015 жаңа оқу жылына дайындық кезеңіндегі заңдылықтың сақталуы сөз болды. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын болдырмау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардың тиімділігі мен мақсаттылығы, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың бұл бағыттағы қызметінде заңдылықтың қолданылу жағдайы және басқа да проблемалық мәселелер талқыланды.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
907
0
Бүгіндері жетпістің бесеуіне келген, философия ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің құрметті профессорыАмангелді Әбдірахманұлы Айталыазаматтығы ғалымдығын айқындаған көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Ол сонау студенттік кезден ұлтаралық қатынастар проблемаларымен жүйелі айналысып, 1968 жылы диссертация қорғап, философия ғылымдарының кандидаты, 1988 жылы Мәскеуде философия ғылымдарының докторы болды. Осы тақырыптағы алғашқы сүбелі еңбегі «Ұлттану» атты оқулығынан бастап А.Ә. Айталы «Ұлт мұраты: депутат көзқарасы» (2003ж.), «Байсалды ел байқаусыз қате жібермес» (2008ж.), «Қазақты намысы қамшыласын» (2009ж.), «Ұлт пен дін – тәуелсіздік арқауы, Нация и религия – основы независимости» (2013 ж.) атты кітаптарында ұлт және ұлтаралық қатынас мәселесін тұрақты әрі жан-жақты зерттеп келеді.
ҚОҒАМ
06 қыркүйек 2014 г.
1 058
0
Бүгінде кешегіден мысал келтірсең, кеңестік кезеңді аңсаған адам болып шыға келетінің анық. Бірақ өз иделогиясын баспасөз арқылы жүргізудің кеңестік жүйесінің мықты болғанын мойындамасқа лаж жоқ. Ол тұста басылымға жазылмайтын отбасы жоқтың қасы еді. Әр шаңыраққа кемінде 5 газет, 2 журнал тұрақты барып тұратын.
ҚОҒАМ
03 қыркүйек 2014 г.
909
0
Конституция кіріспесіндегі: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз», — деген сөз еліміз ұстанып келе жатқан стратегиялық бағдарламаның басты кепілі деуге толық негіз бар.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2014 г.
820
0