Үздік оқушыдан миллионер мұғалімге дейін

Үздік оқушыдан миллионер мұғалімге дейін

Тәуелсіздік алғаннан бері білім мен ғылым әлеуетін дамытуда ұлан-ғайыр істер атқарылды. Бір ғана Сыр өңірінде қазіргі қолданыстағы білім беру нысандарының 70 пайызы тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілген. Соңғы 25 жылда аймақта «Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Қазақ-түрік лицейі», дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, тәжірибесі білім беру жүйесінің барлығына таралатын инновациялық мектептердің дербес желісі құрылды. 
ҚОҒАМ 26 қараша 2016 г. 603 0

Түсіністік бар жерде табыс бар

Биыл Қазақстан халқы үшін ерекше мерейлі жыл болмақ. Пейіліне жері сай кең халықтың ХХІ ғасырдағы ұрпағы тәуелсіз елдің азаматы ретінде еркін ойлап, азат мемлекеттегі айшықты іске куә болуда. 
ҚОҒАМ 24 қараша 2016 г. 740 0

Ең басты мақсатымыз – қоғамдық келісім мен тұрақтылық

Қоғамдық келісім институттарының жұмысын орнықтыруда Нағи Ілиясов ауылдық Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыстары көпке үлгі. Кеңес бірлік пен тұрақтылық бағытындағы жұмысты жетілдіру, азаматтық белсенділікті арттыру, қоғам назарындағы мәселелердің тиімді шешу жолдарын бірлесе қарастыру секілді міндеттерді табысты іске асырып келеді. Олардың тәжірибесі республика көлемінде таратылып, насихатталуда. Біз де осы бағыттағы жұмыстармен жан-жақты танысу мақсатында Нағи Ілиясов ауылдық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұрмағанбет Қуандықовпен тілдескен болатынбыз.
ҚОҒАМ 22 қараша 2016 г. 975 0
Тәуелсіздіктің іргетасы қаланған күн

Тәуелсіздіктің іргетасы қаланған күн

Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы біршама күрделі сипат ала бастады. 1991 жылдың тамыз айында Мәскеуде сәтсіз аяқталған мемлекеттік төң¬керіс ұйымдастырушылардың бүлігінен кейін Кеңес Одағының тағдыры шешілгендей болды. Бұл уақытта республикалар арасындағы шаруашылық байланыстары үзіле бастады. Оны сол кездегі қалалар мен ауылдардағы тіршіліктен байқауға болатын еді. Ақша құнсызданды. Тауарлардың тапшылығы шарықтау шегіне жетті. Осының барлығын біз өз көзімізбен көріп, сезіндік.
ҚОҒАМ 17 қараша 2016 г. 672 0

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың Үндеуі

«Прокуратура туралы» Заңның 25-2 бабын басшылыққа алып, келесі үндеу жасаймын.  Әлемде 2 минут сайын 1 бала жыныстық зорлық-зомбылық көреді. Әрбір үшінші қыз 18-ге толғанша осындай жыныстық тиісуге ұшырайды.  Бұл – ғаламдық проблема. Онымен барлық мемлекеттер күресуде. 
ҚОҒАМ 17 қараша 2016 г. 754 0
Ісмерлік пен іскерлік

Ісмерлік пен іскерлік

Ұлдананың бос уақыты бола бермейді. Қолөнерді дамытуды қалайтын маман қолы қалт етсе, тігін мәшинесіне отырады. Киім, сөмке, керек десеңіз, перденің түрлі үлгілерін ұлттық нақышта қиюластырады. Матасын, түсін таңдайды. Өз ісін сүйіспеншілікпен атқарып, бір-екі күн ішінде тапсырыс берушінің сұранысына сай дүние жасап шығарады. Қолынан іс келетін шебердің кестелеп тіккен әсем дүниелері бүгінде дүйім жұрттың кәдесіне жарап отыр. Балабақшадағы қызметімен қатар ісмерлікті қоса алып жүрген Ұлдананың өнері көпке үлгі десек, артық айтқанымыз емес.
ҚОҒАМ 15 қараша 2016 г. 1 658 0
Қоғамда құқықтық сананы тәрбиелеудің әлде де қажеттігі байқалады

Қоғамда құқықтық сананы тәрбиелеудің әлде де қажеттігі байқалады

Өткен жұмада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және азаматтық қоғам: әлеуметтік жаңғырту» атты VІІ аймақтық Азаматтық форумы болып өткені белгілі. Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғамды қалыптастырудағы ролі, олардың жасап жатқан жұмыстарының бағалануы, ақпарат кеңістігінде алар орны, форумда айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар жайында «Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дар арасындағы өзара байланыс» тақырыбында өткізілген сұхбат алаңының спикері, «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының төрағасы, журналист Нұрлан Нұрмахановпен әңгімелескен болатынбыз.
ҚОҒАМ 14 қараша 2016 г. 714 0
Тәуелсіздік жылдарындағы сот жүйесі

Тәуелсіздік жылдарындағы сот жүйесі

Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихының бастау алғанына биыл 25 жыл толды. Елбасы егемендіктің алғашқы күндерінен бастап тәуелсіз сот, қуатты құқық қорғау органдарын құруды демократиялық, құқықтық мемлекетті нығайтудың басым бағыттарының бірі ретінде белгіледі.
ҚОҒАМ 12 қараша 2016 г. 995 0
Ауданның бас мейірбикесі

Ауданның бас мейірбикесі

Сырдария аудандық емханасы – жылына мыңдаған тұрғынға медициналық қызмет көрсететін бірден-бір ұйым. Мұнда ем алушылардың сапалы ем алуына сатып алынған заманауи құрылғылар мол мүмкіндік берсе, білікті мамандармен қамтылуы өз алдына бөлек жетістік. Істің тетігі білікті де білімді мамандардың қолында екенін ескерсек, емдеу орнының бас мейірбикесі Гүлзада Мырзабекова өз ісінің білгірі атанған сондай маманның бірі. Өзінің жиырма бес жылдық еңбек өтілінде кәсібіне адалдық танытып, ақ желеңді абзал жан деген атқа дақ түсірмей келе жатқан ол тұрғындардың ықыласына бөленіп жүр.
ҚОҒАМ 10 қараша 2016 г. 643 0
Зерікпейтін зергер

Зерікпейтін зергер

 Мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыз жер қойнауының құпиясын аша да, оның бар асылын пайдалана да білген.
ҚОҒАМ 29 қазан 2016 г. 1 114 0