Тәуелсіздік алғаннан бері білім мен ғылым әлеуетін дамытуда ұлан-ғайыр істер атқарылды. Бір ғана Сыр өңірінде қазіргі қолданыстағы білім беру нысандарының 70 пайызы тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілген. Соңғы 25 жылда аймақта «Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Қазақ-түрік лицейі», дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, тәжірибесі білім беру жүйесінің барлығына таралатын инновациялық мектептердің дербес желісі құрылды.
Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жеке¬меншік әріптестік қар¬қынды дамудың жарқын үлгісі болды. Ай¬мақтағы балабақшалардың 65 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейді. 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтылып, «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалды. Ел егемендігінің арқасында ұстаздық мамандығына деген көзқарас артып, олардың әлеуметтік жағдайы да жақсарды. Баланы оқытудағы ізгі істері оң бағаланып, озат мұғалімдерге автокөлік кілттері берілді. Сондай-ақ, бұл салада қызмет ететіндер арасында «Миллионер» мұғалімдер қатары артты. Биылдың өзінде республикалық байқауда бағы жанған 4 ұстаз 2 миллион теңгенің сертификатын иеленді. Ал, «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық байқауы жыл сайын «миллионер» мектептер қатарын көбейтуде. Биылғы жылы бұл номинация №4 дарынды балаларға арналған мектеп интернатының ұжымына бұйырып, 17 миллион теңгенің иегері болды.
2014 жылы үш ауысымдағы білім беру жүйесі жойылып,апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толықтай шешілді. Сонымен қатар, колледждер саны 4 есе өсті, Ресей Федерациясының іргелі оқу орындарында аймақ басшысының қолдауымен 300-ден астам мектеп түлектері жоғары деңгейде кәсіптік білім алуда. «Мәңгілік ел – индустрияға», «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында да еліміздің солтүстік өңірінде білім алып жатқан жастар көптеп саналады. Осы бағдарлама аясында үш жылда аймағымыздан 4458 мектеп бітіруші түлектер солтүстік, батыс өңірлерде білім алуға мүмкіндік алды. Оның ішінде колледждер мен ЖОО-ы қамтылған.Осы аталған бағдарлама бойынша өткен жылғы мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігін иеленген Сыр елінің жастары болды. Биылғы жылы да біздің түлектеріміздің белсенділігі жоғары болғанын айту керек. Осымен қатар өңірге қажетті мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан биылғы жылғы мектеп бітірушілер мен студенттерге арналған облыс әкімінің грантын 135 бала иеленді. Нәтижесінде соңғы үш жылда облыс бойынша 435 мектеп бітіруші Қызылорда мен еліміздің басқа қалаларындағы ЖОО-да облыс әкімінің гранты бойынша білім алуда.
Соңғы үш жыл көлемінде облыс әкімінің қолдауымен облыстың мектеп бітіруші түлектері Ресей Федерациясындағы іргелі оқу орындары - Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу университетіне (МИСиС), К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне және Санкт-Петербург технологиялық университетіне оқуға қабылдану мүмкіндігіне ие болды.
Білім саласына көрсетілген ұдайы қолдаудың арқасында облыс жастарының да білім сапасы жоғарылап, биік белестерді бағындыруға жол ашылды. Соңғы үш жылдың ішінде мектеп түлектерінің ҰБТ-дағы көрсеткіші бойынша елімізде 13 орыннан 5 орынға шығуы осы сөзіміздің дәлелі. Нақтырақ айтар болсақ, 2014 жылы орташа балл 73,2 болып, республикада 13- орында, 2015 жылы орташа балл 81,7 болып, 5-орынға көтерілді. Ал 2016 жылы «Алтын белгі» белгісін 143 оқушы дәлелдеді (2014 жылы 94 оқушы, 2015 жылы 139 оқушы дәлелдеген). ҰБТ-ға қатысып, мемлекеттік оқу грантын 1795 оқушы иеленсе, 2014 жылы – 1985, 2015 жылы 2003 оқушы иеленген.
2016 жылғы ҰБТ-ға қатысқан бітірушілердің 94,6 пайызы колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуда. (2014 жылы 88,3 пайызы 2015 жылы 92,1пайызы колледждер мен ЖОО-да оқуда).
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.