Нәтижені күзде таразылайды

Нәтижені күзде таразылайды

Аймақта бүгінгі күнге кү­ріш дақылының 43608 гектары (54,8%) орылып, 31919 гектары(40,1%)  бас­тырылды және орта өнім гектарына 45,1 центнерден келуде. Егін орағында Сырдария, Жалағаш аудандары көш бастап келеді. Яғни, бүгінгі күні Сырдария ауданы 38395 тонна күрішті қамбаға құйып үлгерсе, Жалағаш ауданы 379222 тонна Сыр саласын жинап алды. Тиісінше қос аудан гектарына орташа 48-46 центнерден өнім жинауда. Диқандар үшін алтын күздің нәтижесі енді басталды. Жылдағыдай науқанды ерте аяқтайтын шиеліліктер жалпы орымның 71 пайызын еңсеріп, күрішінің 65 пайызын бастырып қойды. Қар­мақшы, Жаңақорған, Қа­­залы, Қызылорда диқан­да­ры да 40-60 пайыз ара­лы­ғында күріш орылымын жақындатып келеді. 
ДӘУЛЕТ 19 қыркүйек 2016 г. 889 0
Бетоннан жасалатын өнімнің 120 түрі шығады

Бетоннан жасалатын өнімнің 120 түрі шығады

    Қызылордадағы темір-бетон зауыты биыл өндіріс қуатын 2 есеге ұлғайтты. Кәсіпорын соңғы жылдары материалдық-техникалық базасын жаңғыртып, бәсекеге қабілеттілігін арттырды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық арнасы.     Бүгінде зауытта бетоннан жасалатын өнімнің 120 түрі шығады. Бейнеті ауыр өндіріс орынында 40-қа жуық нәзік жандар ерлермен бірге иық тірестіре жұмыс істеп жүр. Бүгінде зауыт басшылығы жаңашылдыққа бет бұрған. Заман талабына сай бетон өнімін дайындайтын ресейлік қондырғылар орнатылды. Соның арқасында облыста алғаш болып көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 9 метрлік темір-бетон жабындыларын шығаруда. Сырдағы темір-бетон зауытының тағы бір басымдығы мұнда бес түрлі электр бағаналары шығарылады. Айта кету керек, он алты метрлік бағаналар оңтүстік аймақ бойынша тек Қызылордада құйылады. 
ДӘУЛЕТ 19 қыркүйек 2016 г. 696 0
Шағандықтар қызу еңбек үстінде

Шағандықтар қызу еңбек үстінде

Өткен сенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылындағы «Шаған жер» ЖШС-ның күріштік алқабында болып, егістік басындағы жұмыс барысымен танысты.
ДӘУЛЕТ 14 қыркүйек 2016 г. 734 0

ЕГІНШІ – МӘРТ, ЖЕР – ЖОМАРТ

«Егінші – мәрт, жер – жомарт» демекші, Сырдария ауданындағы киелі Қалжан ахун ауылында орналасқан «Бақ» шаруа қожалығының күріштігіне орақ түсті. Берекелі күз айы диқаншы қауымның ала жаздайғы еңбегінің нәтижесін таразылап, құт қамбаға құйылатын алтын астықтың еселеп артуына жол ашпақшы. Егінші мәрт дегенде, ең алдымен ауызға іскер азамат, белсенді өндіріс басшысы Алдаберген Құлбаев ағамыздың есімі ілінеді.
ДӘУЛЕТ 06 қыркүйек 2016 г. 794 0

«СӘРКЕ БАТЫРДАҒЫ» ҚЫЗУ ЕҢБЕК

Берекелі күздің егіс даласын дүбірге бөлеп, қырманды қызылға толтырар сәтті асыға күткен жалағаштық егіншілер Сыр маржанын жинауға құлшына кірісіп кетті.
ДӘУЛЕТ 06 қыркүйек 2016 г. 655 0

МАҚТА ӨСІРГЕН БАҒБАН

"Ботабай” каналының қуысындағы сыңсыған тоғайдың ортасында жасыл желек жайқалып тұр. 
ДӘУЛЕТ 27 тамыз 2016 г. 789 0
ДӘУЛЕТ 22 шілде 2016 г. 581 0
БӨДЕНЕ БАҚҚАН БЕКТАЕВ

БӨДЕНЕ БАҚҚАН БЕКТАЕВ

Әрекет бар жерде, берекет қашық емес. Қашаннан да солай. Дегенде, нарықтық қатынас барысында күнбе-күн ізденіп, еселі еңбек етпей табысқа жете алмасың анық. Байқай білгенге, расында, қазір де жұмыстың көзі көп, бейнет ете жүріп, дәулетін арттырудың жолы да сан тарау. Тек, шыдамдылықпен ерінбей жұмыс істей білгеннің, бірге бірді жаңылыспай қоса алғанның бәсі артық. Мемлекет те шағын және орта бизнес­пен айналысқандарға қамқорлық жасап, сананы дамытуға мүдделiлiк танытып отыр. Осындай қолдаудың арқасында өз жолын жаңылыспай тапқандардың бірі – жаңақорғандық Қуаныш Бектаев есімді азамат. Иә, кейіпкеріміз нені кәсіп етеді, ісінің барысы қалай?
ДӘУЛЕТ 08 шілде 2016 г. 1 215 0
ДӘУЛЕТ 13 ақпан 2016 г. 1 034 0