« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Алдекең үшін биыл ерекше жыл. Ол өзінің қажырлы еңбекке толы өнегелі өмір жолында 45-ші егін орағын қарсы алып отыр. Жоғары білімді ғалым-агроном еңбек жолын күріш өсіретін комсомол жастар бригадасының жетекшісі болып бастады. Ол бригаданың тарихы Қазақстан орталық комсомол комитетінің тарихына алтын әріппен жазылды. Сонымен қатар белсенді азамат 30 жылдан астам уақыт ауданның көптеген шаруашылықтарына басшылық жасап, ізгілікті ізін қалдырды.
«БАҚ» шаруа қожалығындағы алғашқы ораққа аудан әкімі Ғ.Қазантаев, облыстық мәслихаттың депутаты, ауыл инвесторы Ж.Мақашев, «Бақ» ШҚ төрағасы А.Құлбаев, байырғы күрішші, еңбек ардагері Қ.Сарыбаев бастаған күрішші-механизаторлар қатысып, алғашқы орақтың лентасын қиды. Ауыл ақсақалы бата берді. Егін орағын бастаған алымды агрегат «Магдон» жаткасы аңызда түйір масақ қалдырмай, ұстарадай қылпып барады.
Таза орылған күріш дестелері түзулігімен көз тартады. Жатканың қуаты орасан. Бұрынғылармен салыстырғанда 4 есе жоғары. Шаруашылық басшысы Алдаберген Құлбаевтың айтуынша, бұрынғыдай комбайндардың ремені үзіліп, жолда қалу, астық оратын, бастыратын техникалардың науқан басталмай жатып істен шығатын жағдайларынан шетелдік ауылшаруашылық техникалары арқасында құтылғанын айтады. Шынында да, біреуінің құны 54 млн теңге тұратын комбайндардың жұмысты сапалы атқаруымен қатар, науқанға шыдамдылығы жоғары. Іскер басшы А.Құлбаев басқаратын «Қызылдихан» және «Бақ» шаруа қожалықтары биылғы егін жинауға 100 пайыз дайын. Бригадир, механизатор, сушылар да жылдағы жұмыста сыналған білікті мамандар. Екі шаруашылық та жыл сайын жоғары өнімге қол жеткізіп, ауданның намысын биік ұстап келеді. Бұл ұжымдардың биыл да жоғары көрсеткіштерге жететініне сенім мол.
Н.САҒАТҰЛЫ.
Сырдария ауданы.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |