« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысының қорытындысын шығару кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық тапсырмаларын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
«Экономика оң аймаққа шықты. Енді осы жетістікті нығайту аса маңызды. Президенттің тапсырмасы бойынша қабылданған барлық бағдарламалар, барлық шешімдер әр бағдарлама әкімшісінің, әр әкімнің ерекше бақылауында болуы тиіс. Экономикада сезіле бастағанымен, адамдар әлі сезінбеуде. Экономикалық көрсеткіштердің адамдарға жеткені аса маңызды. Бұл жұмыс орындарына, жалақыға және өзге де мәселелерге қатысты», - деді Премьер-министр.
К.Мәсімов өңірлерге жұмыс сапарларын жалғастыратынын атап өтті, онда жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінбек.
Сондай-ақ, Премьер-министр мемлекет пен билік өз азаматтарын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс екенін еске салды. Жиында 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары тыңдалды.
Отырыс барысында белгілі болғандай, экономикада оң динамика сақталған: 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ІЖӨ өсімі 0,1 пайызды құрады. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, бұл өсімге «Нұрлы жол» және индустриалдық даму мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы сеп болған.
Құрылыс жұмыстарының көлемі өнеркәсіп нысандарының құрылысы мен тұрғын үй құрылысын арттыру есебінен 6,6 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім өсімі мал шаруашылығы өндірісін арттыру есебінен 2,7 пайызды құрады.
Несиелендіруді арттыруды жаңғырту байқалады. 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында екінші деңгейлі банктермен қайта берілген несиелер көлемі 3,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,7 пайызға артық.
Ел аймақтарында да өсім байқалады. Экономикалық көрсеткіштері бойынша көш басында Ақмола – 6,5, Оңтүстік Қазақстан – 5,3, Шығыс Қазақстан – 4,3, Атырау – 123,7, Батыс Қазақстан облыстары 17,4, Астана қаласында 35,1 пайызға құрылыс қарқынының артуы байқалады.
Сонымен қатар аймақтарда бірқатар ірі нысандар құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолдарының құрылысы аяқталды. Қызылорда облысында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының және «Жезқазған-Сексеуіл» темір жолының құрылысы аяқталды. Алматы облысы Қарасай ауданында «Асыл арман» тұрғын үй құрылысы бойынша негізгі жұмыс көлемі, «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Өскемен», «Алматы-Қорғас» жолдарының реконструкциясы аяқталды.
Отырыста мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы пысықталды. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз баяндамасында ИИД МБ жаһандық салалық және технологиялық трендтерге байланысты жаңартылғанын мәлім етті. Министрдің айтуынша, бұл өңдеу өнеркәсібі дамуы үшін тиімді ынталандыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі артып, жоғары шекті (дайын тауарлар) экспорт көлемі жоғарылайды.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |