« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Биыл Жалағаш ауданы бойынша алғашқы болып «Сәрке батыр» ЖШС күрішке орақ салды. Алғашқы орымға қатысқан аудан әкімі Талғат Дүйсебаев диқандар қауымына Елбасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басым бағыт беріп отырғандығын, осыған байланысты ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағытында жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқандығын жеткізіп, Сыр елінің басты байлығы – ақ күрішті төкпей-шашпай жинап алуларына өз тілектестіктерін жеткізді.
Берекені көктен емес, жерден тілеген диқан еңбегі қайтатын күн де алыс емес. Себебі, биылғы егіннің шығымы бітік.
Аймақ экономикасын көтеруге үлес қосып жүрген «Сәрке батыр» серіктестігінің бас агрономы Қанат Демесінов биылғы жылғы егіннен мол өнім күтіпотырғандығын жеткізді. Оның айтуынша, жалпы егістіктің 308 гектарына мақсары мен жоңышқа, 1450 гектар жерге Сыр салысын еккен. Механизаторлардың егін жинау науқанына сақадай сай әзірлікпен келіп отырғандығын тілге тиек еткен ол, серіктестік бойынша биылғы жылы егілген күріштің әр гектарынан жоспарлы өнім жиналатындығына сенім білдірді.
Ел ырзығын жинау жұмыстарына қатысатын техникалар саны да жеткілікті. Яғни 10 жатка, 25 комбайн, 24 трактор және 10-ға жуық көліктері бар шаруашылықтың қырманы да күзгі науқанға әзір.
Ауыл ардагерлерінің ақ баталарын алған механизаторлар Сыр салысын оруға кірісіп те кетті.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Жалағаш ауданы.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |