Бүгінгі әлем экономикасындағы аумалы-төкпелі құбылыстың әдетте сыртқы факторлардың әсерінен болып жатқаны қосымша қиындықтар туғызады.
ДӘУЛЕТ
06 қараша 2014 г.
944
0
Облыс бойынша 2014 жылдың 9 айының қорытындысымен шоғырландырылған бюджетке жалпы салықтар және төлемдер 319,0 млрд. теңге көлемінде түсуі (оның ішінде ҚР Ұлттық қорға 255,8 млрд. теңге) қамтамасыз етілді.
ДӘУЛЕТ
04 қараша 2014 г.
999
0
Күзгі жиын-терімнен соң өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін қалалықтар асыға күтеді. Облыстың барлық аудандарынан келетін өнім түрлерінің де өзіндік ерекшеліктері бар.
ДӘУЛЕТ
25 қазан 2014 г.
978
0
Облыстық Ана мен бала орталығында алғашқы сәби дүниеге келді.
ДӘУЛЕТ
23 қазан 2014 г.
1 002
0
Облыс диқандарының бейнеттен бел жазып, жерден несібе теретін мерейлі мезгілі – күз айлары да орталанып қалды. Бүгінгі күндері жергілікті еңбекші қауым дала қосында тер төгіп, әрбір күннің жылға азық екенін ұғына түсті. Қамбаға жүзін күн сүйген күміс дән құйылып жатыр. Көңілге көрікті ойды қонақ еткізетін осы бір мерейлі мезгіл ауылдағы ағайынды көл-көсір табысқа кенелтеді. Үстіміздегі жылы да шаруалар уақытпен санаспай еңбек етті. Әрбір дақылды мәпелеп, алақанға салып аялай түсті.
ДӘУЛЕТ
16 қазан 2014 г.
1 217
0
«Мен Аралға көмектесемін деген арманыма жеткеніме қуаныштымын». Елбасымыздың осынау мейірге толы лебізі жайлы талай айтылып, жазылып жүр. Солай болуға тиісті де. Өйткені әлемде құрғаған теңізді қайта қалпына келтірген біздің егеменді Қазақстан ғана. Ендеше қалай мақтансақ та жарасымды. Сонымен киелі теңіз кемеріне оралуда. Шалқыған айдынмен тіршілік атаулы қоса түледі. Ата-баба кәсібі жанданды. Ауданның қай саласында да ілгерілеушілік байқалады. Алға ұмтылушылық басым. Ал талпыныс жетістікке жетелері анық. Сәл уақыт бұрын Аралда аудан әкімі өзгерді. Басшылық тізгіні Абзал Мұхимовқа бұйырды. Бұл есім көпшілікке жақсы таныс. Олай дейтініміз, Абзал Сансызбайұлы бұған дейін бірқатар лауазымды қызмет атқарып, тәжірибе жинақтаған басшы. Жас келсе іске. Олай болса, жұртшылықтың жаңа әкімнен соны серпін күтетіні де рас. Ендеше біздің бүгінгі әңгімеміз де осы бағытта өрбіді.
ДӘУЛЕТ
14 қазан 2014 г.
1 207
0
Сырдария ауданы облыс орталығына жақын қоныс тепкендіктен өңірде өндірістің барлық түрін өркендетуге мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда Сырдария ауданы дотациясыз ауданға айналып отыр. Қазірдің өзінде ауданға бөлінетін субвенция көлемі үстіміздегі жылы 1,4 млрд. теңгеге азайтылған. Ауданда жеткілікті бюджетті қалыптастырудың барлық жағдайлары жасалуда. Өткен 8 айда жылдық табыс 100,3 пайызға орындалып, аудан бюджетіне 3,3 млрд. теңге қаржы жинақталған. Жылдың аяғына дейін тағы да 1,6 млрд. теңге қаржы түседі деген болжам бар. Бүгінде берекелі, келешегі кемел Сырдария ауданының жай-тыныс-тіршілігін толығырақ білу мақсатында аудан әкімі Ғанибек Қазантаевпен әңгімелескен едік.
ДӘУЛЕТ
11 қазан 2014 г.
1 179
0
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Сондықтан оқушы бойында адамгершілік, ізгілік, мейірімділік,ақыл-ой және танымдық сана-сезім қалыптастыратын тәрбиенің мазмұнын жаңаша құру көзделген.
ДӘУЛЕТ
11 қазан 2014 г.
841
0
Сырдария ауданында облыстың агросаласындағы іргелі құрылым саналатын «Шаған - Жер», «Мәді Қажы», «Мағжан және К», «Абзал және К» серіктестіктері секілді көш бастап тұрған шаруашылықтар мол. Шаған ауылындағы "Шаған-Жер” серіктестігінің негізгі кәсібі күріш саласы. Осы кезге дейін ел қамбасына 2 миллион пұттан астам астық құйған шағандықтар күріш өсірудің майталман мамандарына айналған. Осындай ақмаржаны төгілген шаруашылықтар жайында облыс әкімі Қ.Көшербаев "Шаруашылықтар – ел асыраушысы” – деп баға берген еді.
ДӘУЛЕТ
11 қазан 2014 г.
1 746
0
Аймақта егін орағы қарқын алып келеді. Биылғы жиын-теріннің барысы жайлы Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Нұрымбетовтен әңгімелеп беруге сұраған едік.
ДӘУЛЕТ
02 қазан 2014 г.
1 175
0