« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
арзан әрі сапалы өнім ұсынды
Күзгі жиын-терімнен соң өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін қалалықтар асыға күтеді. Облыстың барлық аудандарынан келетін өнім түрлерінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Солардың алдыңғы қатарында Шиелі ауданы аталады. Қаратау қойнауындағы аудан шаруашылықтары диқаншылықты жете меңгеріп, дақылдардың түр-түрін молынан әкеледі.
– "Алтын-күміс тас екен, арпа -бидай ас екен” деп аталарымыз айтпақшы, мына базарлы кезеңде ақшаң болса, қай нәрсе де табылады. Дегенде, осы кезде арзандау бағаға азық-түлік алып қалғымыз келеді. Биыл да Шиелі ауданынан келген диқандардан бір қап күріш, екі қап картоп, бір қап пияз сатып алдым, мың жасағырлар бағаны шарықтата бермей, төмендетіп саудаласқандығына рахмет. Бұл өздерінің мәрттігі мен облыс басшыларының халықтың жағдайына да қараңдар деген тапсырмасының шарапаты деп түсіндім. Елде болса, ерінге тиеді деген осы болса керек, – дейді Тасбөгет қыстағының тұрғыны Жаңылған Сарманбаева ризашылық кейіпте.
Шиеліліктер жылдағы дәстүр бойынша Тасбөгет кентіне ауылшаруашылық өнімдерін апарды. Бұл жолы аудан диқандары 20 тонна ақ күріш, сол көлемде мал жемі үшін күріш қалдығы және де 15 тонна картоп, 26 тонна асқабақ, басқа да көкөніс өнімдерімен кенттегілерді кенелтіп тастады. Үш тоннадай ет, 2,5 тонна балық, 80 тоқты түске жетпей тұтынушылар таңдауына түсті. Аудан басшылығы биылғы «Алтын күз» мерекесіне барлығы 96 көлікпен азық-түлік әкелген екен. Олардың арасында әсіресе Ақмая, Гигант, Жөлек, Төңкеріс, Бестам, басқа ауылдық округтерінің жауапты шараға жақсы дайындықпен, жауапкершілікпен атсалысқанын айтқан жөн. Шиеліліктердің алтын күзге жақсы жетістікпен келгендігін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев атап көрсетті. Аудан «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде үздік жетістіктерге жеткендігі үшін екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл үздік көрсеткіш аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев бастаған команданың істі ұтырлы ұйымдастырғанын көрсетеді.
Аудан биылғы жылы
8600 гектар күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім алды. Сондай-ақ, жаздық,
күздік бидайдан да өнімі жоғары болды. Бақша дақылдарының орташа өнімі де көңіл
куантарлықтай. Мал басының да жылдағыдан
өскендігі ауыл шаруашылығы мамандарын қанағаттандырып келеді. Мәселен, 2014
жылы 1 қазанға ірі қара – 43056,
қой-ешкі – 73988, түйе – 1139, жылқы – 8854, құс –22105. Міне, осы жетістіктер
аталмыш аудан еңбеккерлерінің еңсесін тіктеп, Алтын күз мерекесін лайықты қарсы
алуына мүмкіндік берді.
Ауылдың табысы күллі елге ортақ Шиеліліктер өткізген жәрмеңке осы сөзіміздің айқын дәлелі болды.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |