ДИҚАНДАРДЫҢ МЕЖЕСІ БИІК

Аймақта егін орағы қарқын алып келеді. Биылғы жиын-теріннің барысы жайлы Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Нұрымбетовтен әңгімелеп беруге сұраған едік.
– Аудан бойынша биылғы жы­лы барлығы 30396 гектар егіс орна­ластырылды, оның ішінде 19941 гектар күріш, 61 гектар мақсары, 3100 гектар жаңа жоңышқа, 808,5 гектар картоп, 700 гектар көкөніс, 906,5 гектар бақша дақылдары күтіп-бапталды.
Сонымен қатар, ауданның "Таң ЛТД” ЖШС шаруашылығында тамшы­латып суару әдісімен картоптың ерте пісетін "Беллароза” сортының элита тұ­қымы 10 гектар көлемге егіліп, қа­зір­гі уақытта картоп толық пісіп-же­тіл­ді. Шаруашылық картопты жинау жұ­мыстарына кірісті.
Таң ЛТД ЖШС-да аудан бойынша күріш тұқымының І-ІІ репродукциясын дайындайтын арнайы тұқым шаруашы­лығын ашуға байланысты жұмыстар жасалып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына құжаттары толықтай тап­сырылды. 2014 жылы күріштің тек қа­на элита тұқымдары егіліп, күтіп-баптау, арам шөптерді жою мақсатында гербицидтермен өңдеу, күрішті үстеп қо­рек­тендіру жұмыстары толық жүргі­зілді.
Егіс орналастыру барысында шаруа­шылықтардың сұранысы бойынша 6000 тонна аммоний сульфаты, 2625 тон­на карбамид, 2064 тонна аммофос, 272 тонна фосфорит ұны минералдық ты­ңайтқыштары пайдаланылды. Биылғы жылы аудан шаруашылық­тары Үкімет тарапынан берілетін же­ңілдіктерді пайдаланып барлығы 703509468 теңге субсидия алып отыр.
Күзгі егін жинау науқанына аудан бойынша 351 трактор, 199 комбайн, 86 жатка, 73 автомашинасы, 158 трак­тор тіркемелері толық жөндеуден өтіп егін жинау жұмыстарына кіріс­ті. Мұның ішінде биылғы жылы шаруа­шылықтардың сұранысы бойынша жа­ңадан алынған 43 дана техника бар. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құ­рылымдарына 3540 тонна арзанда­тылған дизель отынын жеткізуге 5 опе­ратор бекітіліп, бүгінгі күнге аудан шаруашылықтарын қамтамасыз етуде.
Аудан диқандары орналастырылған ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізіп, жоғарыда көр­сетілген тыңайтқыштарды беріп, егісті гербицидтермен өңдеу нәтижесінде ме­желенген өнім алуға негіз қалап отыр.
Бүгінгі күнге егілген 230 га бидай дақылы толығымен жиналып, әр гекта­рынан 7,7 центнерден, барлығы 1771 центнер өнім алынды.
Аудан бойынша күріш ору мен бастырудың кестесі жасалып бекітіліп, ауылдық округ әкімдеріне таратылып берілді. Қазіргі уақытта аудан шаруа­шылықтары ескі жоңышқаны екі рет орып, 13116 тонна жоңышқа шөбін жи­­нады. Орта өнім 309 центнерден ай­налуда. Сонымен қатар егілген 3100 гек­тар жаңа жоңышқаны оруды бас­тады.
Ауданда көкөніс, бақша және кар­топ дақылдары негізінен жеке қожа­лықтарда орналастырылған. Қазіргі уақытта 412 га көкөніс, 492 га бақша және 285 га картоп дақылдары жиналып, бұл дақылдардан межелі өнім алынуда.
– Қазір аудан шаруашылықтарында егін орағы қызу қарқын алды. Кешегі күнге дейін аудан бойынша егілген егіннің 70 пайызы жиналып алынды. Маусым басталғалы "Байтабын”, "Таң”, "Сәрке батыр” шаруашылықтары ал­дың­ғы сапта келеді, – дейді ауыл ша­руа­шылығы бөлімінің басшысы С.Нұ­рымбетов.
 
Серік БЕРТАЕВ.
Жалағаш ауданы.
ДӘУЛЕТ 02 қазан 2014 г. 1 175 0