« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыс бойынша 2014 жылдың 9 айының қорытындысымен шоғырландырылған бюджетке жалпы салықтар және төлемдер 319,0 млрд. теңге көлемінде түсуі (оның ішінде ҚР Ұлттық қорға 255,8 млрд. теңге) қамтамасыз етілді.
Облыстық салық департаментінің хабарлауынша, мемлекеттік бюджет болжамы 56,9 млрд. теңгені шамалайтын. Оның нақты орындалуы 63,1 млрд. теңгені құрап, соның нәтижесінде 110,9 пайызға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджетке 49,7 млрд. теңге қаражат түсіп, болжам 116,6 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 11,9 млрд. теңге артық орындалуы қамтамасыз етілді. Өсу қарқыны 131,5 пайызға жетіп отыр.
Қосымша бюджет түсімдері көздерінің бірі – салық төлеушілердің салық органына тапсырған салық есептіліктерін уәкілетті органдардың берген мәліметтерімен, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу, талдау негізінде жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелерімен бюджетке қосымша 3302,8 млн. теңге салықтар мен түсімдер есептеліп, одан нақты 2003,2 млн. теңге түсуі қамтамасыз етілді.
Салық заңдылығына енген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу, сондай-ақ, салық төлеушілерге көрсетілетін қызметтер туралы салық органдарында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы аймақаралық, облыстық және қалалық басылым беттерінде тұрақты түрде насихаттау жұмыстары жолға қойылған.
Жыл басынан бері облыстық салық департаменті тарапынан баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдарында 284 мақала, 126 әртүрлі деңгейдегі хабарландырулар, 912 рет теледидар және радио арқылы хабарландырулар берілді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |