Жуырда "Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында партия тәлімгерлерінің семинар кеңесі болып өтті. Онда партияның "Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары” сайлауалды тұғырнамасының орындалуы бойынша атқарылатын жұмыстар ортаға салынып, партия тәлімгерлерінің міндеттері айқындалды. Партия жанындағы тәлімгерлер институтының басқосуы осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Ендігі жерде халық қалаулылары өздеріне жүктелген жұмыстарынан бөлек, 12 бағыт бойынша оның ішінде білім және ғылым, ұлт денсаулығы, инновациялық экономика, жастарды қолдау, халықты жұмыспен қамту және халық табысы, шағын және орта бизнесті дамыту секілді іргелі істермен айналысатын болады. Басқосуға жиналған тәлімгерлерге "Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Абзал Мұхимов ең алдымен атқаруға тиіс негізгі міндеттерді таныстырды.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
1 004
0
Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық аграрлы-индустриалды колледж студенттерімен «Мәңгілік ел жастары» тақырыбында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қанбаев, колледж директорының міндетін атқарушы Ә.Әбдібеков, «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөілімінің өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
1 168
0
Кеше, халықаралық "Невада-Семей” антиядролық қозғалысының құрылғанына 25 жыл толуына орай облыс орталығындағы "Тағзым” алаңында еске алу шарасы өткізілді.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
1 085
0
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясында ауыл және мал шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге арналып «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
936
0
Өткен жыл қармақшылықтар үшін табысты да жемісті жыл болды. Елбасының ел-халыққа деген ықыласын мұрат тұтқан аудан тұрғындары шаруашылықтың қайсыбір саласында болмасын жетістіктерге жетіп, тұрмыс-тіршіліктерін де түзеді. Аудан аумағында ондаған әлеуметтік ғимараттар бой көтеріп, тұрғындар игілігіне ұсынылған. Атап айтар болсақ, Ардагерлер аллеясы мен Ауған соғысына қатысушылар құрметіне жастар саябағы мен 4 шағын спорт алаңы, аудандық орталық стадион пайдалануға берілген. Кент пен ауылдардағы көптеген көшелерге асфальт төселіп, Жосалы кенті түнгі шырақтардың жарығына малынған. Сондай-ақ, биылғы жылдың қаңтар айында заманауи үлгідегі сот ғимараты, ауысымына 250 адамды қабылдайтын емхана мен Сырдария өзені жағасындағы этнопарк демалыс орны пайдалануға берілген.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
867
0
Тау етегіндегі ауылдардың қар кетер кезде қарғын сумен алысып, бір әбігерге түсіп қалатыны бар. Әсіресе, қар қалың түскен жылдары үргін-сүргін үйреншікті жағдай. Адам қанша қабілетті дегенмен табиғат оған ішкі сырын алдыра қоймас, ұмыттырып барып, анда-санда бір үйіріп соғып қояды. Тәуба дегізеді, бұ күніне де шүкіршілік айтып, пенде байғұс бүрсең қаққанын өзі де білмей қалар. Биыл да сөйтті, Жаңақорған ауданының тау бөктеріндегі Бірлік ауылы таңсәрісінен сіркіреп басталған жаңбырдың соңы қалай қарғынға айналып кеткенін аңғармай да қалды. Бұл өткен аптаның сенбісі, ақпан айының 22-сі болатын-ды. Әуелі ескі арықтарды бойлай жөңкіген су бірте-бірте молайып, үй аулаларын, қора-қопсыны тіміскілей бастады.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
902
0
Сәрсенбі күні облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалығымен өткен кезекті алқа мәжілісінде бес мәселе қаралды.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
858
0
Облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуында әйелдер қауымының алар орны айрықша. Нәзікжандыларымыз бүгінде ел тізгінін ұстаған ер азаматтармен қатар билік тізгінінде абыройлы қызмет атқарып келеді.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
876
0
Талсуат елді мекенінде орналасқан республикалық балаларды оңалту орталығының облыстық филиалында алғашқы қадамын басқан мүгедек балаларға арналып тұсаукесер рәсімі өтті.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
948
0
«Игілік» корпоративтік қоры. Қазіргі күні өлкедегі көптеген игілікті істер тікелей аталмыш қор көмегімен атқарылуда. Иә, кезінде мұнай компанияларының әлеуметтік салаға деп бөліп келген көмегі шашырап, алақан жайған әркімнің қолында кетпесін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсалсын деген ізгі ниетпен атын «Игілік» деп қойған қорға жинақталып келеді. Қорға жиналған мол қаржы бүгінде облыс үшін маңызы зор, қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға, түрлі байқаулар мен конкурстар, қайырымдылық шараларын өткізуге жұмсалуда. Қысқасы, қор қаржысы ел игілігіне қызмет етуде. Ал жылдағы дәстүр бойынша «Игілік» қоры қаржысы өткен жылы қайда жұмсалғаны туралы осы қордың басшысы Ақтолқын Шереханнан айтып беруін өтінген едік.
АҚПАРАТ
27 ақпан 2014 г.
1 217
0