МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ

МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫЖалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық аграрлы-индустриалды колледж студенттерімен «Мәңгілік ел жастары» тақырыбында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қанбаев, колледж директорының міндетін атқарушы Ә.Әбдібеков, «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөілімінің өкілдері қатысты. 
Кездесу барысында колледж студенттеріне Елбасы Жолдауының басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Студенттерді шәкіртақының көбейетіні қуантты. Кездесуге келген жастар ұйымдарының өкілдері студент жастарды бірлік пен белсенділікке, түрлі шараларды бірге жүзеге асыруға шақырды. Елбасының «Мәңгілік ел» ұлы идеясын жүзеге асыру әлемде дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін бүгінгі жастар аянбай еңбек етіп, жоғары білім алу керектігін жеткізді. Қазіргі таңда кәсіптік білімге зор басымдық беріп жатқандығын, сондықтан сабақты жақсы оқып, білікті маман болып, елдің дамуына өз үлестерін қосуға үндеу тастады.
Колледж студенттері тарапынан футбол ойнау үшін спорт алаңының жоқтығы, сондай-ақ, түрлі іс-шараларды өткізіп тұру жөнінде ұсыныстар айтылды. Бұл ұсынысқа қатысты аудандық ішкі саясат бөлімі және жастар ұйымдары толық мүмкіншіліктер жасалатындығын жеткізді.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Жалағаш ауданы.   

АҚПАРАТ 01 наурыз 2014 г. 1 168 0