Мамыр айы мерекеге толы. Сол мерекелердің бастысы Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні. Осы қос мерекеге орай облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы "Гранд Плаза” мейрамханасында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап мерекелік дастарқан жайып, сый-сияпат көрсетті. Соңынан мерекелік шараға қатысушылар Астана қаласында өткен әскери шеруді тамашалады.
АҚПАРАТ
12 мамыр 2014 г.
1 110
0
Қанша жанның тағдырын қиып, бірін – әкеден, бірін – бауырдан, енді бірін асыл жарынан айырған алапат қан майданның аяқталып, еліміздің көгінде Жеңіс туының салтанат құрғанына биыл 69 жыл толды. Жыл сайын өзіндік сәнімен тойланатын айтулы күнді Сыр жұртшылығы биыл да «Тағзым» алаңында қарсы алды.
АҚПАРАТ
12 мамыр 2014 г.
1 688
0
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы аясында "Сыр болашағы" жас мемлекеттік қызметшілер клубы" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен2014 жылдың 5 мамыры күні Шиелі ауданынының әкімшілік мәжіліс залында"Жұмыспен қамту2020 жол картасы” дағдарысқа қарсы тұру тетіктері және еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру” тақырыбында оқу семинарын ұйымдастырып, өткізді.
АҚПАРАТ
07 мамыр 2014 г.
732
0
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы аясында "Самұрық” инновациялық идеяларды дамыту орталығы” қоғамдық қоры 2014 жылдың 6 мамыры күні Қармақшы ауданынының әкімшілік мәжіліс залында "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” дағдарысқа қарсы тұру тетіктері және еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру” тақырыбында оқу семинарын ұйымдастырып, өткізді.
АҚПАРАТ
06 мамыр 2014 г.
793
0
Арал ауданына жұмыс сапарымен барған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қожахмет Баймаханов пен Мұрат Бақтиярұлы жұртшылықпен жүздесті. Жиынды жүргізген аудандық мәслихат хатшысы К.Данабай Сыр өңірінен сайланған халық қалаулыларының еселі еңбек жасап жатқанына тоқталды.
АҚПАРАТ
05 мамыр 2014 г.
945
0
Облыс әкімінің және Қазақстан Республикасы Президентінің өкімдерімен Қожаниязов Серік Салауатұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.
АҚПАРАТ
05 мамыр 2014 г.
1 272
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және ғылы¬ми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия алды. Аталмыш лицензия бойынша университет Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізілетін археологиялық зерттеулерге және ғылыми қайта қалпына келтіру жұмыстарына толыққанды өз қызметтерін ұсына алады. Бұл тұрғыда университеттің ғылыми әлеуеті мен материалдық-техникалық базасының мүмкіндіктері мол.
АҚПАРАТ
05 мамыр 2014 г.
1 122
0
Көктем келгелі егіс алқабында диқандардың жұмысы қыза бастады. Биылғы ауа райының қолайсыздығына байланысты егін егу уақытынан кеш басталды. Дегенмен, көктемгі дала жұмыстары барлық өңірде қанат жаюда. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев апта соңында Сырдария ауданында болып, «Шаған жер» ЖШС-ның күріш егу технологиясымен танысты.
АҚПАРАТ
05 мамыр 2014 г.
1 525
0
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры мен Қазкоммерцбанктің «Құс Жолы» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Жұлдыздарға қара» жобасына қатысуға шақырады.
АҚПАРАТ
05 мамыр 2014 г.
1 524
0
Бүгінгі таңда елімізде мүгедектерді жұмысқа орналастыру және оларға «кедергісіз орта» қалыптастыруға ерекше мән беріліп отыр. Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунованың жетекшілігімен өткен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде жан-жақты таразыланды.
АҚПАРАТ
05 мамыр 2014 г.
1 116
0