« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қанша жанның тағдырын қиып, бірін – әкеден, бірін – бауырдан, енді бірін асыл жарынан айырған алапат қан майданның аяқталып, еліміздің көгінде Жеңіс туының салтанат құрғанына биыл 69 жыл толды. Жыл сайын өзіндік сәнімен тойланатын айтулы күнді Сыр жұртшылығы биыл да «Тағзым» алаңында қарсы алды.
Ұрпағына бейбіт күн сыйлаған майдангерлердің рухына тағзым етуге жиылған көпшілік ең алдымен ата-баба ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алудан бастады. «Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат» атты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, соғыс ардагерлерімен барша қызылордалықтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Қадірлі соғыс және тыл ардагерлері! Құрметті жерлестер! Баршаңызды Ұлы мереке – Жеңіс күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Кешегі жаһан соғысында Отан үшін отқа түскен қаһармандардың биік тұлғасын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Өйткені, майдангерлерге деген құрмет – ата-баба рухына құрмет, тарихқа тағзым. Біз алдыңғы толқын ардагер ағаларымыздың, кешегі майдангерлердің, ұрыс даласында қаза болған батыр жауынгерлердің өшпес ерліктеріне әрдайым бас иіп, тағзым етеміз. Себебі, отты жылдарда болашақ ұрпақ үшін жанын қиған боздақтар мен соғыс салған жарақаттардың салдарынан бейбіт заманда көз жұмғандардың жанқиярлық ерліктері мәңгі ұмытылмайды.
Сондықтан Сіздерді Ұлы Жеңістің 69 жылдығы мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Қашанда Отанымыз биіктен көрініп, халқымыздың ынтымағы мен жарасымы жалғаса берсін».
Майдангерлерді
құрметтеуге арналған шарада облыс және
қала әкімдігінің, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен бірқатар
ұжымдардың гүл шоқтары алаң төріне қойылды. Мұнан соң соғыс және еңбек
ардагерлеріне арнайы дала асханасынан әскери ботқа ұсынылды. Осылайша,
дастарқан басында бас қосқан қариялар өзара шүйіркелесіп, өткен күннің өшпес
іздерін бір сәт еске алды. "Ерлік – елге үлгі, ұрпаққа– ұран” демекші, ол
күндердің даңқы өшпек емес.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |