МАҢЫЗДЫ ІСТЕРГЕ – АҚШАЛАЙ ГРАНТ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры мен Қазкоммерцбанктің «Құс Жолы» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Жұлдыздарға қара» жобасына қатысуға шақырады. 
Бүгінгі күні Қазақстанда 500 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар екен. Олардың ішінде өздерін қоғамда еркін сезіну үшін өз бизнесін бастап, қаржы жағынан қысылмай, өз отбасын асырай алатындары қаншама?! «Жұлдыздарға қара» жобасы 100 000 теңгеден 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай гранттарды байқау негізінде беру арқылы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге өз бизнес-идеясын іс-жүзіне асыруға бағытталған.   
Жобаға Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан, кез келген топтағы, бастамашы немесе өз ісін жүргізіп келген мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер (2012 жылдың 1-ші қаңтарына дейін жеке кәсібін алғаш рет тіркеген) қатыса алады. Жобаға қатысу үшін өтніштер 2014 жылдың 25-ші мамырына дейін қабылданады. 
Өтініштің үлгісі, оны толтырудың тәртібі мен құжаттар топтамасының тізімін мына сайттардан www.damu-komek.kz және www.kuszholy.kz алуға болады. Өтініштер мына мекен-жайда қабылданады: Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12, «Ералаш» дүкенінің жанында, «Даму» қорының филиалы, тел. 8-7242-55-11-17 Қожаниязова Анар, e-mail: Anar.Kozhaniyazova@fund.kz

АҚПАРАТ 05 мамыр 2014 г. 1 524 0