ШИЕЛІНІҢ ШЫРАЙЛЫ КҮЗІ

Өткен аптаның сенбі, жексенбісінде Шиелі ауданының халқы «Алтын күз-2014» мерекесі аясында биылғы жылдың жиын-терімін қорытындылаған «Мәңгілік ел, киелі-өркендеген Шиелі» атты мерекелік шараны тойлады.
АҚПАРАТ 16 қазан 2014 г. 1 127 0

“Алтын күз – 2014” және “қала күні” мерекелері аясында өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар

09.30-09.50 – «Наурыз» тұрғын ауданындағы «Сыр самалы» балбақшасының ашылу салтанаты
АҚПАРАТ 16 қазан 2014 г. 1 149 0

СЫРДАРИЯЛЫҚ ДИҚАНДАРДЫҢ ТАБЫСЫ

Күріш фабрикасы атанып, қамбаға миллион пұт астық құюымен аты шыққан шағандық егінші-механизаторлар биыл да ерледі. Кезіндегі "Тереңөзек” күріш совхозы ізінде шаңырақ көтерген "Шаған-Жер” ЖШС егін жинау науқанын аудан мерейін асқақтатып, ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, аудан шаруашылықтары арасында бірінші болып аяқтап шықты. Олар 2955 гектар жерге егілген Сыр маржанын бары-жоғы 25 күнде ысырапсыз жинап, қамбаға 159500 центнер алтын астық құйып алды.
АҚПАРАТ 16 қазан 2014 г. 990 0
ТУРИЗМ КҮНІНДЕГІ БАЙҚАУ

ТУРИЗМ КҮНІНДЕГІ БАЙҚАУ

Жуырда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасымен Сыр жағасының Иіркөл иінінде Бүкіләлемдік туризм күніне арналған Туристік фестивальдің түңлігі ашылды. Фестивальға облыс бойынша студенттер мен мектеп оқушыларынан жасақталған 7 команда қатысты.
АҚПАРАТ 14 қазан 2014 г. 1 516 0

ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ БЕЙНЕКАМЕРАЛАР БАҚЫЛАУЫНДА

Облыстық ішкі істер департаменті жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы "Қылмыстарды ашу мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы бейнекамералардың рөлі” тақырыбында өрбіді.
АҚПАРАТ 14 қазан 2014 г. 903 0
МИЛЛИОНЕР МҰҒАЛІМДЕР

МИЛЛИОНЕР МҰҒАЛІМДЕР

Ұстаз – қадірлі де жауапты мамандық, оны қалай бағаласа да, жарасымды болары хақ. Өйткені, оған елдің ертеңін заман талабына сай тәрбиелеу ісі сеніп тапсырылған. Ұстаз өз шәкіртіне білім беріп қана қоймай, оның өмір бойы ізденуіне, оқуына негіз қалайды. Уақытпен санаспай еңбек ететін мұғалімдер қауымына қолдау көрсетіп, олардың тәжірибесінің өсіп, кәсіби жетілуіне, материалдық қажеттілігін қамтамасыз етуге жергілікті әкімшілік тарапынан лайықты көңіл бөлінуде. Атап айтар болсақ, өткен жылы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүрген Сыр бойы мұғалімдерінің арасынан жүзден жүйрік шыққан 40 мұғалім облыс әкімінің арнайы грантын иеленіп, миллионер атанды. Биыл олардың қатары жаңа есімдермен толықты. Аймақ басшысы жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, олардың болашақтың нағыз иесі болуларына негіз қалап жатқан ұстаздардың өлшеусіз еңбегін лайықты бағалап, биылғы жылы тағы да 40 мұғалімге 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды.
АҚПАРАТ 14 қазан 2014 г. 1 185 0
ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ ТАТУЛЫҚҚА ҮНДЕДІ

ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ ТАТУЛЫҚҚА ҮНДЕДІ

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында толеранттылық пен келісімнің қазақстандық моделін ілгерілету үшін бірқатар шаралар қабылдағаны белгілі. Оның ішінде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының жаңа кезеңін бастау керектігін баса айтқан. Осы орайда Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы хатшылығының ұйымдастыруымен өңірімізде аталмыш жоба аясында «Сыр елі – достық мекені» достық керуені өз бағдарламасымен шілде мен тамыз айларында облыстың барлық аудандарын аралаған еді.
АҚПАРАТ 14 қазан 2014 г. 1 029 0

«Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және салдарын жою» тақырыбы бойынша журналистер арасында өтетін конкурс ЕРЕЖЕСІ

1. «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және салдарын жою» тақырыбындағы байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
АҚПАРАТ 14 қазан 2014 г. 1 381 0

Отбасылық бизнес табысқа бастайды

Жуырда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырды.
АҚПАРАТ 14 қазан 2014 г. 1 402 0

Жерлесіміз әлем чемпионы атанды

Қызылордалық Гүлфайруз Наймантаева Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында самбодан жастар арасында әлем чемпионы атанды. Жерлесіміз байрақты бәсекеде 44 келі салмақта сынға түсті. Дүбірлі додаға дүниежүзінің 32 елінен балуандар келді.
АҚПАРАТ 14 қазан 2014 г. 869 0