“Алтын күз – 2014” және “қала күні” мерекелері аясында өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар

2014 жылғы 18 қазан

09.30-09.50 – «Наурыз» тұрғын ауданындағы «Сыр самалы» балбақшасының ашылу салтанаты

09.55-10.10 – Ж. Махамбетов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылуы

10.15-10.35 – Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі №3, №4, №9 тұрғын үйлерді пайдалануға беру рәсімі

10.45-11.05 – Қызылжарма ауылындағы «Сыр дидары» балабақшасының ашылу салтанаты

11.05-11.15 – Қызылжарма ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылуы

11.25-11.45 – Дария жағалауындағы демалыс орнымен танысу

12.00-13.00 – Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры.«Алтын дән-2014» іс-шарасы аясындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салтанатты шарасы

13.00-15.00 – Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттарын салтанатты қабылдауы

16.30-17.00 – Орталық стадион жанында орналасқан жастарға арналған спорт алаңын пайдалануға беру

19.00-22.00 – ОРТАЛЫҚ АЛАҢ. «Ұлттың рухани арнасы – қазақтың Қызылордасы» атты қала күніне арналған гала-концерт, отшашу (Қазақстан, Ресей өнер жұлдыздарының қатысуымен)

2014 жылғы 19 қазан

08.00-13.00 – Қаланың мөлтек аудандарында

«Алтын күз - 2014» қала, облыс аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі (белгіленген орындарда)

Қармақшы ауданы – «Ақмешіт» және «Мерей» мөлтек ауданы («Думан» мейрамханасы мен «Сырдария» сауда үйінің аралығы)

Қазалы ауданы – Ғ. Мұратбаев көшесі мен Қожахмет Яссауи көшесінің қиылысы («Шұғыла» мөлтек ауданы)

Сырдария ауданы – Жанқожа батыр көшесі (Реалбаза алдында)

Арал ауданы – Қорқыт ата көшесі мен Қожахмет Яссауи көшесінің қиылысы (Темір жол тесік көпір аумағы)

Жаңақорған ауданы – Б.Ибраева көшесінің бойы (Көшербаев көшесі мен Жеңіс көшесінің аралығы)

Жалағаш ауданы – «Титов» қыстағы (№173 орта мектептің аумағы)

Шиелі ауданы – Тасбөгет кенті (Орталық алаң)

Қызылорда қаласы – Әйтеке би көшесінің бойы (Қазбек би көшесі мен Д.Қонаев көшесінің аралығы)

10.00-12.00 – «Сыр Ана» алаңы. «Этно ауыл Қызылорда» көрмесі облыс аудандары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының көрмесі, концерттік бағдарлама, спорттық шаралар

10.00-12.00 – «Мерейлі қала мерекесі» - қаланың мөлтек аудандарында өтетін мерекелік шаралар бағдарламасы (кент және ауылдық округ әкімдері)

Орталық алаң

10.00-12.00 – «Алтын күз-2014» атты білім мекемелерінің жәрмеңке-көрмесі

10.00-13.00 – «Менің қалам – Қызылорда» атты қала өнерпаздарының мерекелік концерті.


АҚПАРАТ 16 қазан 2014 г. 1 149 0