« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Ұстаз
– қадірлі де жауапты мамандық, оны қалай бағаласа да, жарасымды болары хақ.
Өйткені, оған елдің ертеңін заман талабына сай тәрбиелеу ісі сеніп тапсырылған.
Ұстаз өз шәкіртіне білім беріп қана қоймай, оның өмір бойы ізденуіне, оқуына
негіз қалайды. Уақытпен санаспай еңбек ететін мұғалімдер қауымына қолдау
көрсетіп, олардың тәжірибесінің өсіп, кәсіби жетілуіне, материалдық
қажеттілігін қамтамасыз етуге жергілікті әкімшілік тарапынан лайықты көңіл
бөлінуде. Атап айтар болсақ, өткен жылы
шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүрген Сыр бойы мұғалімдерінің арасынан жүзден жүйрік шыққан 40 мұғалім
облыс әкімінің арнайы грантын иеленіп, миллионер атанды. Биыл олардың қатары жаңа есімдермен толықты. Аймақ
басшысы жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, олардың болашақтың нағыз иесі
болуларына негіз қалап жатқан ұстаздардың өлшеусіз еңбегін лайықты бағалап,
биылғы жылы тағы да 40 мұғалімге 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды.
Жас ұрпақты тәрбиелеп, оларға сапалы білім беруде өзінің озат тәжірибесімен, шығармашылығымен танылған ұстаздар қатарында Арал ауданындағы №83-ші мектептің биология пәнінің мұғалімі, ҚР БҒМ-ның Құрмет грамотасының иегері, шәкірттері облыстық, республикалық олимпиаданың жүлдегері танылған Достықкүл Әбдіхалықова, Қазалы ауданындағы №17-ші мектептің химия пәнінің мұғалімі, 4 оқушысы халықаралық олимпиада жеңімпазы танылған Әлия Орынбасар, 5 әдістемелік құрал авторы, республикалық педагогикалық идеялар фестивалінің ІІІ орын иегері, оқушысы облыстық ғылыми жоба жарысының 3 орын жеңімпазы танылған Жалағаш ауданындағы №38-ші мектептің биология пәнінің оқытушысы Гүлнәр Алмасова, "Үздік бастауыш сынып мұғалімі” байқауының І орын иегері, өткен жылы республикалық педагогикалық оқуда І орын иеленген Сырдария ауданындағы №139-шы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлбану Смайылова, "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері” белгісінің иегері, дидактикалық материал авторы, "Алтын диск” ІІ республикалық байқауының 3 орын иегері Шиелі ауданы №150-ші мектептің математика және информатика пәнінің мұғалімі Бегалы Ахметов, оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері танылған Қызылорда қаласындағы №2 Мұрагер мектебінің география пәнінің мұғалімі Диляра Каримова, "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісінің иегері, 2009-2014 жылдар аралығында республикалық пәндік олимпиададан 16 оқушысы жүлдегер танылған №10-шы қазақ-түрік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ләззат Микеева бар.
Білімді ұстаздың өз шәкіртін қашанда табысқа жеткізері сөзсіз. Тынымсыз әрі ізденіспен еткен еңбек әрқашан да табысқа бастайды.
Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |