« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Елбасы
Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында толеранттылық пен
келісімнің қазақстандық моделін ілгерілету үшін бірқатар шаралар қабылдағаны
белгілі. Оның ішінде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының
жаңа кезеңін бастау керектігін баса айтқан. Осы орайда Қазақстан халқы
ассамблеясының облыстық филиалы
хатшылығының ұйымдастыруымен өңірімізде аталмыш жоба аясында «Сыр елі – достық
мекені» достық керуені өз бағдарламасымен шілде мен тамыз айларында облыстың
барлық аудандарын аралаған еді.
Бүгінде достық керуені «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысымен айналысатын «Аккорд Окан» мердігерлік мекемесінің жұмысшыларымен жүздесті. Басқосу Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылында өтті. Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы хатшылығының бас инспекторы А.Сағымбай мен бірқатар этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері сөз сөйлеп, Ассамблеяның маңыздылығын, елімізде бейбітшілік пен келісімді, татулық пен тұрақтылықты нығайтудағы ролін тілге тиек етті. Сондай-ақ, өзге елдерде жоқ, достық пен бірліктің бастамашыл ұйымы екендігін жеткізді. Сонымен қатар, барша жиылған қауымды этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді сақтауға шақырды.
Жиын соңында көрермендер мен түрлі ұлт өкілдерінен құралған ұжымға жергілікті өнерпаздар мен этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымы көңілді кеш сыйлады.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |