« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыстық ішкі істер департаменті жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы "Қылмыстарды ашу мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы бейнекамералардың рөлі” тақырыбында өрбіді.
Басқосуда есеп берген жедел басқару басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ербол Құтыбаев бейнекамералардың қала көшелеріндегі көлік қозғалысын жедел бақылап, сараптама жасауға және қауіпті жағдайлардың алдын алып, құқық бұзушылықтың ізін суытпай анықтауға ықпал ететінін жеткізді.
Жалпы бейнебақылау жүйесінің құқық қорғаушылар жұмысының тиімділігін арттырып, қылмыстың жедел ашылуына тигізер көмегі зор екені сөзсіз. Бүгінгі таңда облыс орталығында 216 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығына қосылған. Ал көпқабатты үйлердің ауласына 96 бейнекамера орнатылған. Осы қондырғылар көмегімен жыл басынан бері 126 қылмыс ашылып, 26068 құқық бұзушылық анықталған.
Аталмыш қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұрмұрат Ерманов әкімдіктер мен мәслихат отырыстарында ішкі істер органдарының айыппұлдан түскен қаражатын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнекамералар алуға, сондай-ақ, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсау мәселесін көтеріп, көшелерді былай қойғанда, мекемелердегі бейнекамералардың да өз тиімділігін көрсетіп отырғанын ортаға салды.
Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әмірбек Шаймағанбетов бейнебақылау жүйесінің қоғамдық сананың жақсаруына да ықпалы мол екенін атап өтті.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |