« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Күріш фабрикасы атанып, қамбаға миллион пұт астық құюымен аты шыққан шағандық егінші-механизаторлар биыл да ерледі. Кезіндегі "Тереңөзек” күріш совхозы ізінде шаңырақ көтерген "Шаған-Жер” ЖШС егін жинау науқанын аудан мерейін асқақтатып, ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, аудан шаруашылықтары арасында бірінші болып аяқтап шықты. Олар 2955 гектар жерге егілген Сыр маржанын бары-жоғы 25 күнде ысырапсыз жинап, қамбаға 159500 центнер алтын астық құйып алды.
Шағандықтар қашанда шабытты еңбектерімен ел алғысына кенеліп жүрген іргелі шаруашылық. Аудандық мәслихат депутаты, іскер азамат Бердібек Қадіров басшылық жасайтын ұжымда 450-ден астам адам еңбек етеді.
– Диқан Бота Ақжігітова биылғы жылы 37 гектар алқапты ала жаздай күтіп-баптап, әрбір гектардан 70 центнерден өнім алуға қол жеткізді. Сондай-ақ, Ербол Уәлихан, Қадір Оспанов, Әкім Наурызбаев, Уәлихан Бексейтов, Данабек Шаханов, тағы басқа ондаған диқандарымыз әрбір гектардан 50-60 центнер аралығында астық жинап, ел несібесіне сүбелі үлестерін қосты, – дейді шаруашылық жетекшісі.
Әрине, егін жинауда механизаторлардың шешуші роль атқаратыны баршаға мәлім. Маңдайалды механизатор, жатка-машинисі Серік Әуезов 470 гектар алқаптың күрішін дестеге салса, Сәкен Айтбаев, Қаппар Мырзаханов, Ербол Есмаханов, Жанболат Әбілақовтар да 350-450 гектар алқаптың дәнін дестеге салған. Ал, комбайнерлердің көш басына Ораз Какметов, Қазыбек Уәлибек, Еркебұлан Адаев, Мадияр Жақсылықов, Азамат Жаңабаев және тағы басқалары шығып, 20-23 мың аралығында астық бастыруды қамтамасыз еткен.
Ауданның елді мекендерінің арасында Ақжарма ауылының өзіндік орны бар. Аталмыш ауыл биылдан бастап республика бойынша тірек ауылдарының қатарына қосылды. Аудандық мәслихат депутаты, М.Бисенов басқаратын "Ақжарма-2” шаруа қожалығы ағымдағы жылы 2100 алқапқа Сыр маржанын егіп, оның әрбір гектарынан 50 центнерден өнім жинап, қамбаға құйып алған. Сондай-ақ, өткен жылғы облыс чемпионы болған жатка машинисі Орынбек Нұрматаев былтыр шынжыр табанды жаткамен 500 гектар күріш орса, биыл 1300 гектар алқаптың күрішін дестеге салған.
Биылғы жылы рекордтық көлемде, яғни, 20 мыңнан астам алқапқа Сыр салысын еккен сырдариялықтардың көш басына шығуы әбден мүмкін. Жоғарыдағы шаруашылықтармен қатар "Мағжан және К”, "Мәді Қажы” жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктері мен "Қызылдихан” шаруа қожалықтары да егін жинау науқанын дер кезінде аяқтап, ел-халық несібесін молайтуға өзіндік үлестерін қосты.
Еркін АҚҚАЛИҰЛЫ.
Сырдария ауданы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |