ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН КӨРМЕ

ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН КӨРМЕ

Өтіп бара жатқан жылдың айтулы оқиғаларының бірі – халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі. Үш айға созылған ауқымды шараны Қазақ елі абыроймен аяқтады.
АҚПАРАТ 03 қаңтар 2018 г. 574 0

«Кәсіпкерлікі дамытудағы заңнамалық өзгерістер және оны іске асырудағы тіркеуші органның рөлі»

Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсарту үшін халықаралық рейтингтер аясында жүргізілген реформалардың мәні айтарлықтай жоғары. Әртүрлі рейтингтер нәтижесі міндеттер мен проблемаларды классификациялауға, идентификациялауға, оларды мемлекет пен экономиканы тиімді стратегиялық басқару үшін қолдануға мүмкіндік береді. 
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2017 г. 499 0

Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы

Жаңа жылдық мереке жақындаған сайын пиротехникалық бұйымдар көбейе түсуде. Бұл күндері сату орындарында әр түрлі от шашулардан, бенгаль оттары және шырша шартылдақтарынан көз тұнады. Бірақ кейбір  көзқызығарлық ойыншықтардың салдарынан қоршаған ортаға зиянды әсер етіп, қайғылы жағдайлардың орын алып жататыны да белгілі.
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2017 г. 1 066 0

Үсу. Үсу кезіндегі алғашқы көмек.

Үсу дегеніміз – төменгі температураның ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы.Үсудің пайда болу себептері:суықтың;желдің;жоғары  ылғалдылықтың;тар  және  дымқыл  аяқ  киімнің;науқастың жалпы жағдайының нашар болуы (қандай да бір ауруға шалдығу, алкогольдік масаю, көп қан жоғалту) және т.б. себептер әсер етеді.Дене бөліктерінен аяқ пен қолдың саусақтары, құлақ пен мұрын үсікке шалдығуға бейім келеді. Өйткені суықтың әсерінен дененің осы бөліктеріне қан келу тежеледі де, егер дер кезінде көмек көрсетілмесе ол бөліктердің жасушалары өле бастайды.  Тар аяқ киім, тар киім, тар қолғап, ылғал киім мен аяқ киім адамның тез үсуіне бірден-бір себеп.
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2017 г. 6 059 0

Еңбек қатынастарын рәсімдеу

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалып, оған тараптар қол қою тиіс және еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады. Тараптардың еңбек шартын жасасуы және қол қою жұмыскерді жұмысқа жіберуге негіз болып табылады.
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2017 г. 1 246 0

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕСУ – МІНДЕТ

Қоғамдағы күрмеуі қиын мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз етуді, жемқорлыққа байланыс­ты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесуді көздейді.
АҚПАРАТ 25 желтоксан 2017 г. 552 0

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ

Елдің демократиялық, ¬зайырлы, құ¬қықтық және әлеуметтік ¬мемлекет ретінде орнығу жолын¬дағы ең бас¬ты қауіптің бірі – сыбайлас жемқорлық. Тәуелсіз елімізде ¬сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мем¬лекеттік сая¬сат¬тың негізгі бағыт¬та¬рының бірі ретінде ай¬қын¬далған. Елбасы Н.Назарбаев бір сөзінде «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үз¬діксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деген еді. Сонымен қатар, осы мәселеге Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдау¬ларында да көп көңіл бөледі.
АҚПАРАТ 23 желтоксан 2017 г. 529 0

ТІРКЕУ ТӘРТІБІ ОҢТАЙЛАНУДА

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы, үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. Сондай-ақ, өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.
АҚПАРАТ 12 желтоксан 2017 г. 583 0

Сұрақ – жауап

1. Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін енгізу реформасының жүзеге асырылу мерзімі неге байланысты түзетілді?– МӘМС-тің Қазақстандағы бюджеттік-сақтандыру үлгісі дегеніміз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттің басым ролі арқылы халықтың барлық санатының, бизнестің, азаматтың өзінің сақтандыру жарналары мен аударымдарын төлеуге міндетті ынтымақты түрде қатысуы. Барлық сақтандырылған азаматтардың медициналық қызметтер көрсету пакетіне тең дәрежеде қолжетімділігі «әркімнен мүмкіндігіне қарай» және «әркімге қажетіне қарай» қағидаты бойынша жұмыс істейді.  Дегенмен, әлеуметтік сауалнамалар құрылымында жүргізілген сараптамалық бағалаулардың нәтижелері көрсеткендей, аталған реформаны жүзеге асыруда елеулі қауіптер баршылық - «өзін өзі қамтушылардың» сақтандыру жүйесінен тыс қалу қаупі жоғары.  Белгілі бір ресми табыстары жоқ, салық пен әлеуметтік жарна төлемейтін адамдар тұрғындардың біршама бөлігін – 2,7-3(?) млн құрайды, яғни, олар формальды экономикадан тыс қалған.ҚР Парламенті палаталарының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі бірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту үшін медициналық сақтандыру жүйесінің прогрессивтілігін айта келе,  ҚР Үкіметіне денсаулық сақтау саласын реформалау қадамдарын қайта қарап, сақтандыру медицинасына азаматтардың барлық санаттарының тең дәрежеде (әділетті) қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды. 
АҚПАРАТ 12 желтоксан 2017 г. 512 0