« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қоғамдағы күрмеуі қиын мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз етуді, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесуді көздейді.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа барлық қоғамды белсенді түрде тарта отырып, оның себептері мен алғышарттарын анықтау және жою жұмысын күшейту туралы нақты міндеттер қойды. Бұл еркін елдің болашағына немқұрайлы қарамайтын әр адамның мүддесіне жауап береді. Жемқорлықпен күресу – тек құзырлы органдардың міндеті емес, барлық азаматтардың борышы.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы бойынша атқарылған жұмыстар да аз емес. Департаменттің мемлекеттік инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне сәйкес әр басталған кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеріп, заңсыздыққа жол бермеу туралы жиын өткізіп, хаттамасымен танысады. Бүгінде департамент бойынша құқық бұзушылықтар анықталмады.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын, мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп» кодексін бұзу фактілері орын алған жағдайда хабарлау үшін «Сенім телефоны» 8 /7242/ 26 47 17 жұмыс істейді. Сонымен қатар азаматтардың өтініштері мен жүгінуін жинақтау үшін Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі, №5 мекенжайында Департаменттің арнайы арыз-шағым жәшігі орналастырылған.
Қабылбек Қыстаубаев,
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |