ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ

Елдің демократиялық, ¬зайырлы, құ¬қықтық және әлеуметтік ¬мемлекет ретінде орнығу жолын¬дағы ең бас¬ты қауіптің бірі – сыбайлас жемқорлық. Тәуелсіз елімізде ¬сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мем¬лекеттік сая¬сат¬тың негізгі бағыт¬та¬рының бірі ретінде ай¬қын¬далған. Елбасы Н.Назарбаев бір сөзінде «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үз¬діксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деген еді. Сонымен қатар, осы мәселеге Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдау¬ларында да көп көңіл бөледі.
Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекі¬тілген «ҚР 2015-2025 жылдарға арнал¬ған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып¬тастырудың маңыз¬ды¬лығы айқын көр¬сетіліп, жеке бөлім ре¬тінде қарас¬тырылған. Осы бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып¬тас¬тыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидаты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қар¬сы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді» де-лінген. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жас ұрпақтан, мектеп жасынан бастау керек. Тіпті, мектептерде құқықтану пәнімен қатар оқытылатын пән ретінде енгізілсе де артық болмас еді. Қоғамдағы құқықтық нигилизмнің жойылып, ахуал түзелуі үшін халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерек¬шеліктерін ескере оты¬рып, азаматтардың құқықтық мәде¬ниетін арттыру жөніндегі жүйелі әрі тынымсыз жұмыс жүргізілуі керек. Қазақстанда шетелдегі үлгі бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтарды материалдық көтермелеу енгі¬зілген. Бұл тетік өз пәрменділігін көр¬сетіп келеді. Азаматтарымыздың қағи¬даттық ұста¬ным¬да¬рының арқа¬сында көп¬теген сыбайлас жем¬қор¬лық, құқық бұзу¬шы¬лықтардың алдын алуға мүмкіндік туды. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру қажет.
Қазақстандық қоғамның сыбайлас жем¬қор¬лыққа қарсы этикасы мен мәдениеті «Мәңгілік Ел» идеоло¬гия¬сының контекстінде қалыптастырылуы тиіс. Дәс¬түрлі ¬рухани құн¬ды¬лықтар мен үздік халықаралық стан¬дарт¬тар¬дың үйлесімділігі аза¬мат¬¬тардың заңды мінез-құлы¬ғының канондарын жаңадан жасауға мүм¬кіндік береді.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіс.

Марат НҰРМАҒАМБЕТОВ,
облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекция
басшысының орынбасары.

АҚПАРАТ 23 желтоксан 2017 г. 529 0