Мал шаруашылығын қолдау тиімді бағыттармен жүзеге асырылуда

 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі бұйрығымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді. Аталған стандарт бойынша өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі (кеңсе); «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (портал) арқылы жүзеге асырылады.  
2017 жылы 27 қаңтар күнгі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің №30 бұйрығымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қағидасы бекітілді. Көрсетілген Қағида бойынша көрсетілетін қызметті алушылар асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бағыты бойынша (ірі қара малдың, қойлардың, ешкілердің аналық басымен, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуге жұмсалған шығындарды арзандату;отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды ірі қара мал, қой, жылқы, түйе төлін сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату; жеке және заңды тұлғалардың табынның өсімін молайтуға пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп бағуға жұмсалған шығындарын арзандату; асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналыстан шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге жұмсалған шығындарын 100%-ға дейін өтеу) өтінімді тек қана электронды түрде www.plem.kz селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасы арқылы бере алады. Қызметті алушы немесе тауар өндіруші интернет желісімен АТЖ арқылы үйден шықпай өтінімді жолдай алады. Өтінімнің қаралғаны және мақұлданғаны жөнінде ақпараттар мен басқада жүргізілетін жұмыстарды АТЖ арқылы көріп отыруға мүмкіндіктері бар.  
Ал, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағытын субсидиялау бойынша (бұқашықтарды бордақылау, қозы етін, жылқы етін, түйе етін, сүт (сиыр, бие, түйе сүті) өндіру құнын арзандату; құрамажем өндіретін зауыттар өндірген және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізілген құрамажем құнын арзандату; ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату) көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы кеңсеге немесе портал арқылы өтінім бере алады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытын субсидиялау бойынша қызмет көрсету мерзімі құжаттар тапсырған сәттен бастап 17 жұмыс күн, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыты бойынша қызмет көрсету мерзімі 16 жұмыс күнін құрайды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша субсидиялау кезіндегі қызмет процестері жөнінде толық ақпарат: Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді АТЖ арқылы жолдайды;  АТЖ арқылы келіп түскен өтінімді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін деректердің толықтығын,  «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының өлшемшарттары мен талаптарға сәйкестігін тексереді және АТЖ және Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасының сәйкестігін салыстыру деректерін шығарып алады. Көрсетілген деректердің толық еместігі немесе Қағиданың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда субсидиялар алуға арналған өтінім АТЖ арқылы барлық сәйкессіздіктердің дәлелді негіздемесімен бірге көрсетілетін қызметті алушыға АТЖ арқылы қайтарылады (екі жұмыс күні ішінде);
өтінім Қағиданың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімнің Қағиданың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкестігін салыстырып тексеру үшін жұмыс тобымен шаруашылыққа барады және сапар нәтижелері бойынша салыстырып тексеру актісін толтырады. Қағиданың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкес келмеу анықталған жағдайда барлық сәйкессіздіктердің дәлелді негіздемесімен бірге көрсетілетін қызметті алушыға АТЖ арқылы қайтарылады, Қағиданың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші салыстырып тексеру актісінің электрондық көшірмесімен қоса өтінімді Басқармаға жолдайды (алты жұмыс күні ішінде);
басқарманың орындаушысы өтінім келіп түскен сәттен бастап өтінімді көрсетілетін деректердің толықтығына тексереді, сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға АТЖ арқылы өтінімнің мақұлданғандығы туралы хабарламаны жолдайды. Көрсетілген деректердің толық еместігі немесе салыстырып тексеру актісі қате жасалған жағдайда АТЖ арқылы барлық сәйкессіздіктердің дәлелді негіздемесімен бірге көрсетілетін қызметті берушіге пысықтауға қайтарады (екі жұмыс күні ішінде);
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы салыстырып тексеру актісінің қате жасалуы салдарынан кері қайтарылған жағдайда Басқармаға пысықталған актіні АТЖ арқылы қайта енгізеді, егер өтінімдегі деректердің толық еместігі анықталу себебінен қайтарылған жағдайда өтінім АТЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға сәйкессіздіктердің дәлелді негіздемесімен бірге қайтарады (бір жұмыс күні ішінде);
басқарманың орындаушысы өтінім мақұлданған сәттен бастап бағыттардың басымдығын, субсидия алуға өтінімдердің келіп түсу хронологиясын ескере отырып облыс бойынша жиынтық актіні қалыптастырады және ақы төлеуге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);
басқарма көрсетілетін қызмет алушының банктік шотына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін төлем шоттарын дайындайды, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдайды және АТЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға субсидиялау туралы хабарламаны жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);
басқарманың орындаушысы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша алынған субсидиялар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет алушыға субсидиялар төленген күннен бастап АТЖ-не енгізеді (екі жұмыс күні ішінде).
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағытын субсидиялау кезіндегі қызмет процестері жөнінде толық ақпарат:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылған өтінім көшірмесін (бұдан әрі – өтінімнің көшірмесі) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген арнайы журналға тіркейді, өтінімнің ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің биылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14813 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, қажеттілік туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына барады. Қағиданың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтінім сәйкессіздіктердің дәлелді негіздемесі бар ілеспе хатымен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады (бес жұмыс күні ішінде);  
өтінім Қағидада белгіленген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы аудан бойынша жиынтық акті (бұдан әрі – жиынтық акт) толтырады, бекітілген жиынтық акті мен екінші деңгейдегі банктің немесе поштаның Ұлттық операторының ағымдағы шоттың бар болуы туралы анықтамасының (бұдан әрі – ағымдағы банктегі есеп шоты туралы анықтама) электрондық көшірмесін басқармаға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
басқарманың кеңсе қызметкері құжаттар мен жиынтық актіні тіркейді және басқарманың басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);
басқарма басшысы құжаттар мен жиынтық актіні қарайды және басқарманың  орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
басқарма орындаушысы жиынтық актілерді мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыты бойынша жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді, барлық деректердің болуы және толықтығы тұрғысынан қарайды, сәйкес келмеген жағдайда - қайтару себептерін көрсете отырып, жиынтық актіні пысықтау үшін  көрсетілетін
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні басқармаға қайта ұсынады, мүмкін болмаған жағдайда, қайтарып беру себептерін жазбаша көрсете отырып, құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады (екі жұмыс күні ішінде);
басқарманың орындаушысы деректер сәйкес келген жағдайда бағыттардың басымдығын, жиынтық актілердің келіп түсу хронологиясын сақтай отырып тиесілі субсидиялардың көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акт толтырады (екі жұмыс күні ішінде);
басқарма көрсетілетін қызметті алушының банктік есепшотына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін төлем шоттарын дайындайды және қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
басқарманың орындаушысы мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға арналған бағыттар бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін қарастыру қорытындылары жөніндегі ақпаратты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);
көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер қарау қорытындылары жөніндегі ақпаратқа сәйкес субсидиялау туралы хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (ақпарат алған күні).

Б.МАРАТҚЫЗЫ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бас маманы.
АҚПАРАТ 26 желтоксан 2017 г. 551 0