Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы

Жаңа жылдық мереке жақындаған сайын пиротехникалық бұйымдар көбейе түсуде. Бұл күндері сату орындарында әр түрлі от шашулардан, бенгаль оттары және шырша шартылдақтарынан көз тұнады. Бірақ кейбір  көзқызығарлық ойыншықтардың салдарынан қоршаған ортаға зиянды әсер етіп, қайғылы жағдайлардың орын алып жататыны да белгілі.

Мұндай заттарды қолдану кезінде тиісті нұсқаулықтарымен танысып, қауіпсіздік жағдайларды ескеруді естен шығармау қажет.

Пиротехникалық заттарды мүмкіндігінше қауіпсіз жерлерде қолданыңыз. Оларды дұрыс пайдалана алмасаңыз денсаулығыңызға зияны тиюі немесе материалдық зардап шегуіңіз мүмкін. Жан – жағыңыздың қауіпсіздігі үшін от шашуларды ату жоғарыға қарай бағытталу керектігін ұмытпаңыз. 

Біздің базардарда пиротехникалық бұйымдарды қолдан жасау фактілері көптеп кездеседі. Сондықтан мұндай бұйымдарды сапасы жағынан талапқа сай келетіндігін дәлелдейтін арнайы құжаттары бар дүкендерден сатып  алған жөн.

Барлық сертификаты бар тауарларда міндетті түрде арнайы нұсқаулықтары, өндіруші зауыттар атауы, шығарылған уақыты мен пайдалануға дейінгі мерзімі көрсетіледі.

Жарылғыш от шашулардың көңілді әсері болғанымен қауіпті жағы да басымырақ. Мұндай заттар бізге Қытай елінен әкелінді. Егер оларды көп мөлшерде жақсаң, қатты қорқынышты дыбыстары құлақ тұндырары сөзсіз.

Атауы соншалықты қорқынышты болғанымен оларды өз дәрежесінде белгілі бір ережеге сәйкес, дұрыс пайдалана білу керек:

жанып тұрған жарылғыш от шашуды ешқашан қолда ұзақ ұстап тұрмаңыз;

жанып тұрған жарылғыш от шашуды адамдар арасына тастамаңыз;

жанып тұрған жарылғыш от шашуды жабық банкада, шелекте және құтыларда ұстамаңыз;

жанып тұрған жарылғыш от шашуды тек ашық ауада қолданыңыз;

жанып тұрған жарылғыш от шашуға 5-10 метр қашықта болыңыз;

пайдаланылмаған жарылғыш от шашуларды арнайы орамда сақтаңыз;

пайдаланылмаған жарылғыш от шашуларды қалтаңызға салмаңыз.

                                                                                        

Қызылорда облысы ТЖД

 

АҚПАРАТ 28 желтоксан 2017 г. 1 066 0