« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалып, оған тараптар қол қою тиіс және еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады. Тараптардың еңбек шартын жасасуы және қол қою жұмыскерді жұмысқа жіберуге негіз болып табылады.
Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында жасалған еңбек шартының мазмұнында тараптардың деректемелері, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыскерге ұсынылатын жұмыс (еңбек функциясы), жұмыстың орындалатын орны, еңбек шартының мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары, егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер, жұмыскердің құқықтары мен міндеттері, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі, тараптардың жауаптылығы, жасалу күні мен реттік нөмірі болуы тиіс.
Сонымен қатар, тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 24-бабына сәйкес, еңбек шартының нысанасы - еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Жасалған еңбек шарты негізінде жұмыс беруші жұмысқа қабылдау туралы актіні (бұйрық) рәсімдеуге және аталған актіні (бұйрық) жұмыскерге таныстыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты жасалмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 86-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі - лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қызылорда облысының еңбек
саласындағы бақылау басқармасы« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |