Ақ сүт (Жұмекен НӘЖІМЕДИНОВ)

Ақ сүт (Жұмекен НӘЖІМЕДИНОВ)

 Жалғыз ұлы кемпірдің жігіт еді өткір бір,Сөйлеп кетсе – сөзінің өткірлігі бет тілді.
ӘДЕБИЕТ 07 наурыз 2019 г. 1 729 0
МЕН АЙТАРЫМ КӨП БОЛҒАН СОҢ ҮНСІЗБІН...

МЕН АЙТАРЫМ КӨП БОЛҒАН СОҢ ҮНСІЗБІН...

Биболатпен таныстығыма көп бола қойған жоқ. Ол екеуміз біраздан бері бір мекемеде қызмет етеміз. Аға деп кішірейіп тұратынын білсем де, ақындығы барын білмеппін. Біраз уақыт өткен соң «өлең жазады екен» деген сөзді естіп қалдым да, жазғандарын сұрап алдым.... Ал, ол болса «айтары көп болған соң үндемей жүріпті». Шын мәнінде жасы жиырма төртке енді толған Арал топырағының тумасы Биболат ақынның таным таразысы салмақты, көңіл көкжиегі кең, ой саралауы сұлу. Сөз арасындағы күміс кәнизекті кездіктей қиып түсетін тұстары оның қазақ поэзиясының көшіне қоңыраулатып қосылатынына күмән тудырмайды.Ендеше, өзін өлеңге арнап, өлеңді өзіне қаратқан өрнекті ақынмен таныс болыңыз, жырсүйер жақсылар. Дүйсенбек АЯШҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
ӘДЕБИЕТ 06 наурыз 2019 г. 2 078 0
Келін іздеген кемпір

Келін іздеген кемпір

Ауылдың адуын кем­пірі немересіне қыз қарап шықты. Көрші ауылда бір үйдің бойжеткен үш қызы бар дегенді есітіп, соны сынап көрмек болды. Сөйтіп анасының рұқ­сатымен оларға зер салды.
ӘДЕБИЕТ 05 наурыз 2019 г. 1 733 0
Ғалам сарынынан ескен туыстық үндері

Ғалам сарынынан ескен туыстық үндері

Бір атадан тараған адамзат бастауы туралы дін тұжырымы кесімді. Бұл  – Жер бетіндегі қараорман халықтың туыстығын, нәсілдік біртектілігін, түптеп келгенде, гуманизм мұратын алға шығаратын ізгі идея. Ал ғылыми тұжырымдар әлі бір жүйеге келе алмаған шашыранды пікірлер түрінде жүр. Біразы Ч.Дарвиннің эво­люциялық даму ілімінің физио­логиялық, нәсіл­дік, моральдік-саяси негізсіздігін дәлел­деді.
ӘДЕБИЕТ 23 ақпан 2019 г. 2 800 0

КИЕЛІ АҒАШТЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Күз айы. Маңайдың бәрі сап-сары түске боялғандай. Ұшар төбесі алыстан көзге шалынатын Нұра да, айналасына саптағы әскерлерше қаз-қатар үйлер қоныстанған Қара дөңнің етегі де, айдыны жарқырай толықсыған Ащы көлдің жағалауындағы балғын құрақтар да, желмен тербелген көше бойындағы тал-теректен ұшып түсіп жатқан жапырақтар да сап-сары. 
ӘДЕБИЕТ 16 ақпан 2019 г. 570 0

РЕКТОР

Облыстық «Сыр бойы» газеті редакциясының қызметкері кезім. Реті келгенде іссапар ыңғайымен елге шығып тұрамыз. Сондай бір сапарда дәм бұйырып Арал ауданына қарасты Бөген деген ауылда болғаным бар. Бүкіл облыс жұртына белгілі іргелі ауыл. Біздің бала кезімізде теңіздің арғы жағалауынан бір аппақ үлкен ғимарат шаңқай түсте бергі беттегі біздің ауыл Көкаралдан құдды жан біткендей тұтас тұлғасымен қозғалып тұрғандай болып, жерден бір көтеріліп, бір төмендеп, бұлыңдап тұратын. 
ӘДЕБИЕТ 16 ақпан 2019 г. 1 111 0
Алғашқы махаббат (әңгіме)

Алғашқы махаббат (әңгіме)

Дильназдың  сарғыш тартқан сағыныш пен аласапыран ойлар жетегінде отырғанына біраз болды. Бұл кезде қошқылтым түннің ызғары терезеден есіп, бұл да жас арудың ойын сан-саққа жүгіртеді. Сынаптай сырғыған сағат тілі таңның атар уақытын білдірсе де жұп-жұмсақ ойыншығын құшақтап жатқан оның кірпігі айқасар емес. Қызық... Біресе ұялы телефонына, енді бірде жазу үстелінде жатқан қаламы мен қағазына көз жүгіртеді. Анасы мен әкесі бөлменің жарығы жанып тұрғанын байқап бір рет келіп кеткен. Баласының жағдайын бес саусағындай білетін олар қызғалдақтай қыздарының түн ауа шығармашылықпен айналысатынынан хабардар. Сондықтан беймезгіл мазаламайды.
ӘДЕБИЕТ 15 ақпан 2019 г. 1 596 0
Қалам мен қағаз

Қалам мен қағаз

Кітап – менің бала күн­нен бергі серігім, жақсы до­сым. Талай ақылын алып, пайдама жаратқаным рас.Жақында қолыма Нидер­ланд жазушысы Луй-Пол Боон­ның (1912-1979) шығар­ма­лары түсіп, бі­раз әңгіме­лерін оқыдым. Шы­ғарманы ширықтыра оты­рып оқыр­ма­нын ойға салу Луй-Полдың та­маша шеберлігі екен. Оның себебі әрі жазушы, әрі суретші болғандығынан да шығар.
ӘДЕБИЕТ 14 ақпан 2019 г. 1 687 0
Қайта оралған бақыт

Қайта оралған бақыт

Түнімен суырған суық жел құм бетіне кәрі кемпірдің бетіне түскен әжімдей сүреңсіз көп сызық салыпты. Ысқырына соққан долылық таң біліне тынған сияқты. Әйтеуір ештеңе болмағандай мүлгіген тыныштық. Көңіл құлазиды. Сырттан келер жолаушыға бұл ауылдың кейпі сірә, жалаңаш көрінер. Соққан жел, көшкен құмға тосқауыл болар тал-теректерді айтасың-ау, бұта атаулыны кім көрінген отындыққа балталап алғаны бірден білініп тұр. Әр жерден сидаңдап өскен бірді-екілі, жалғыз-жарым жыңғыл атаулы болмаса қаздиып өсер сұр сексеуілдің дәурені әлдеқашан өткен. Көктем келгелі көк атаулыдан бұл жақтың сәні тек жусан ғана.
ӘДЕБИЕТ 13 ақпан 2019 г. 1 068 0
Таласбек Әсемқұлов. Бекторының қазынасы

Таласбек Әсемқұлов. Бекторының қазынасы

Бала кезінде ең жақсы көріп тыңдайтын ертегісі «Ер Төстік» еді. Әжесі таңғажайып хикаяны айтып болып, – Міне, немелтайым, осындай да кеп болған екен, – дейтін күрсініп.
ӘДЕБИЕТ 26 қаңтар 2019 г. 1 271 0