« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Ауылдың адуын кемпірі немересіне қыз қарап шықты. Көрші ауылда бір үйдің бойжеткен үш қызы бар дегенді есітіп, соны сынап көрмек болды. Сөйтіп анасының рұқсатымен оларға зер салды.
– Қызым, қонаққа шәй әкел, – деді шешесі үлкеніне.
Ол ибалы түрде дастархан жайып, шәй ұсынды. – Астарыңыз дәмді болсын, – деп жылы сөзін де жеткізді.
– Қызым қалай, ұнады ма?
– Екіншісін көрейін. Сосын айтайын.
Шешесі екіншісіне де шәй әкелші деді. Ол да үлкен құрметпен шәй ұсынды.
– Бұл қызым қалай?
– Үшіншісін көрейін. Бағасын содан кейін айтамын.
– Ол қызымды ұнатпайсыз. Мінезі шатақтау еді.
– Мейлі. Сонда да көрейін.
– Қызым, шәй әкелші, – деді шешесі кенжесіне.
Ол ыстық шәйнекті дастарханға тарс еткізіп қойды да: – Шәйға қашан қанасындар? – деп жөніне кетіп қалды.
– Міне, осы қызыңды келін қыламын, – деді кемпір.
– Сонда қалай? Алдыңғы екеуі инабатты еді ғой.
– Жоқ. Ол екеуі жасанды мінез көрсетті. Жасандылық қашанда жасанды. Ал, кенжең болса, туабітті мінезін байқатты. Одан жақсы келін шығады.
Шынында, әлгі кенже қыз кейін бір әулеттің сүйікті келіні болған екен.
Қаныбек ӘБДУОВ.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |