«Сыр дәптері»

«Сыр дәптері»

Ғабиден Мұстафиннің өмірінің соңғы кезеңінде жазып қалдырған естелігінен үзінді "Абайдан кейін біздің заманымызда, қазақтан туған білімді, талантты адамдардың ішінде аты мәлім адамдар атаусыз ұмытылып барады», – дейді ол бір жазбасында. Олар - Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев. 
ӘДЕБИЕТ 13 мамыр 2019 г. 1 507 0
Тіршілік  тауқыметі

Тіршілік тауқыметі

 Қай кезде де көркемөнерге қатысты әңгіменің түп қазығы – көркемдік болатыны ақиқат. Бұған ешқандай шүбә келтіре алмаймыз және шүбәлануға болмайды, өйткені бұл – өнер заңы. Осы тұрғыдан келгенде кез келген көркем шығарма туралы айтылған пікір, ой, тұжырымның тірек нүктесі де көркемдік мәсе­лесі болатыны анық.Ал шеберлік дегеніміздің қы­ры мен сыры мол, тылсым, құпиялы. «...Шеберлік шексіз, оның ұшы-қиырын табу қиын, өйткені, әр суреткер бар ғұмы­рын шеберлік жолына сарп етеді» – дейді орыстың белгілі жазушысы Константин Федин. Демек, жалпы көркемөнер туындылары және автор деген ұғымдар көркемдік пен шеберлік деген мәселеге келіп ат басын тірегенде, шеберлік жоқ жерде көркемдік болмайтыны да дәлелдеуді қажет етпейді.
ӘДЕБИЕТ 03 мамыр 2019 г. 1 812 0
Нартай Қайбуллаев. Өлеңдер

Нартай Қайбуллаев. Өлеңдер

Қайбуллаев Нартай Төреханұлы 1998 жылы Жаңақорған ауданы, Төменарық елді мекенінде дүниеге келген. 2017 жылы жас ақындар антологиясына өлеңдері кірген, сонымен қатар бір неше мүшәйралардың жүлдегері. Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің 4-курс студенті.
ӘДЕБИЕТ 19 сәуір 2019 г. 1 495 0
Жақсылықтың жаршысындай "Сыр бойы"

Жақсылықтың жаршысындай "Сыр бойы"

Жуырда Жаңақорғанда облыстық «Сыр бойы» газетінің 90 жылдығы аясында аталған басылымның Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, белгілі сатирик Нұрмахан Елтайдың оқырмандармен кездесу кеші өтті. Кеште басылымның тұрақты оқырманы Ардақ Қамақова мерейтойға және кеш иесіне арнап өлеңін оқыды. 
ӘДЕБИЕТ 18 сәуір 2019 г. 2 172 0
ШӨЛСТАНҒА   ШАБУЫЛ

ШӨЛСТАНҒА ШАБУЫЛ

 Менің туған ауылым – Көкаралдың Аққұмы дария атырауының өкпе тұсында. Аспан ашық күндері дария­ның теңізге құярлығы сонау көктегі күн астында айнадай жарқырап жатады. Екі аралық асқанда 20 шақы­рымдай. Біздер, жалаңаяқ жорытқан ауыл балалары Сарытөбе деп аталатын теңіз жағалауындағы енапат құм төбенің басына шығып алып ойнайтынбыз. Сол төбе үстіртінен қарсы беттегі алып теңіздің айдынында жүз­ген тірі ноқаттың бәрі көрінеді. Сонау көз ұшында теңселген балықшы қайықтарын бұлың-даған сағым тол­қындары теңіз бетінен көтеріп әкетердей көрінетін. Бүгін көрген қызықтарымыз ертең қайталанбайтын ғажайып көріністер өзіне еріксіз еліктіреді, ұзын-сонар қиял әлеміне алып ұшады. Бір сәтте сол-сонау сиқырлы дүниенің тұтас шымылдығы арасынан сағым көтерген ұбақ-шұбақ ұзын көш – теңіз керуені көрінер еді бар салтанатымен. Біздер қанша аунағанымызда үстімізге қы­лау жұқпайтын Сарытөбенің асыл топырағына жапа-тармағай етпеттей жата-жата қалып, қос алақанымызбен жағымызды таянып жіберіп, сонау қиырдағы көш-керуеннің тіркемелерін санай бастаймыз. Біреу, екеу, үшеу... кейде 5-6, кейде 7-8 тіркеме болады, кейде он, тіпті он екіге дейін барады. Мәссаған-н деп шулаймыз. Көз ұшындағы сол ғажаптың қызығына тоймайтынбыз, көзіміз жасаурап тал­ғанша алыс қиырға ұзатып салудан жалықпайтынбыз.
ӘДЕБИЕТ 07 сәуір 2019 г. 2 067 0
Ақыны болған Алаштың

Ақыны болған Алаштың

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сыр перзенті, ақиық ақын Әбділда Тәжібаевтың туғанына биыл 110 жыл толады.
ӘДЕБИЕТ 02 сәуір 2019 г. 2 263 0
Үкілі үмітіміз еді...

Үкілі үмітіміз еді...

Көп кітаптың бұрыш-бұрышын тышқан кеміріп тастағандарын біртіндеп лақтыра бастағанмын. Ішім удай ашиды-ақ. Арқалап қайда бармадым бұларды. Ендігі жатқан жері – қараңғы жертөле. Кейбірін әлі оқып та үлгермеппін. Біртіндеп лақтырып отырғаным қимағаным шығар. Қимайтындай-ақ дүние! Көбісі студент шағымда жиған кітаптарым.
ӘДЕБИЕТ 29 наурыз 2019 г. 3 049 0
Жастық шақ

Жастық шақ

Қарап отырсам, жұрт жастық шағын керемет бір əсермен еске алып, мəре -сəре боп жатады. Қызығамын кəдімгідей. Біз де жас болдық, əй, бірақ бізде елжіреп еске алатындай жастық шақ болмаған сияқты...
ӘДЕБИЕТ 27 наурыз 2019 г. 2 255 0
Наурыз  нақыштары

Наурыз нақыштары

Келді жайнап, келді жайнап, Мерекесі көктемнің. Сездіреді, сезіледі, Қыс ызғары кеткенін.
ӘДЕБИЕТ 16 наурыз 2019 г. 1 699 0
Жетім жүрек

Жетім жүрек

Осы бір үйге кірсем қою көлеңкелі көрініс еңсемді басады да тұрады. Ә дегеннен ұнжырғам түсіп, шекем тырысатыны қызық. Қайсыбір жылдары қорадағы бес ірі қараның төртеуін тып-типыл қылғанда «басқа ешкімнен емес, осы көршіңнен келді» деген талайды көрдік.
ӘДЕБИЕТ 13 наурыз 2019 г. 1 871 0