Ата-ана күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен жүріп, бала тәрбиесін естен шығарып алып жатады. Баланың материалдық қажеттілігін қалай өтесем деп жүргенде оларға көңіл бөліп, көзқарасымен санасуды кейінге ысыра береді. Бала көзқарасын құрметтеу дегеніміз не? Қоғамдағы балалардың құқығы қаншалықты қорғалып жүр? Осы және өзге де мәселелер «Соттарда азаматтық істерді қарау барысындағы балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды.
ҚОҒАМ
28 тамыз 2019 г.
749
0
Қазір зауыттан шыққанына 30 жылдан асса да халық шетелдік көліктерді тұтынуға құмар. Әйткенмен, зауыт олардың кейбір қосалқы бөлшектерін шығаруды тоқтатқан. Мәселен, кей көліктердің шанақ бөлшектері мүлдем табылмайды. Табылса да, шетел асып, қып-қызыл ақшаға бірнеше айдан соң қолға тиіп жатады. Ал жерлесіміз Ердәулет Сәрсенбек көліктің бамперін жасап шығаруда. Қазір оның қолынан шыққан бөлшектер тіпті көршілес облыстарға дейін жетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 тамыз 2019 г.
2 045
0
ҚР Білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов орынбасарларының Facebook-тегі парақшаларын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 тамыз 2019 г.
461
0
Пойызда шылым шегуге тыйым салу, жол билеттерін қайтарғаны үшін айыппұлды алып тастау және билет алыпсатарларымен күресті күшейту шаралары күшіне енді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 тамыз 2019 г.
808
0
Қазақ өркениеті – Жер планетасындағы адамзат ұрпақтарының пайда болуынан бастап, мыңдаған жылдар белесінен өткен ұрпақтардың материалдық және рухани мәдениет салалары бойынша жүзеге асырған жетістіктерінен құралған өсу, өркендеу нәтижелерінің қазынасы. Ежелгі дәуірлердегі сақ, ғұн, түркі өркениеттері бастаулары жалғаса дами келе, талай мемлекеттік құрылымдармен әлемге әйгіленіп танылып, қазақ ұлтының рухани болмыс-бітімін, келбетін қалыптастырды.
Әлеумет
28 тамыз 2019 г.
776
0
Немістің оғына аяғын алдырып, орыстың орманында досын қалдырып елге оралған жеңіс жауынгері Ғафурдин Жанұзақов сол кезде жиырма бір-ақ жаста екен.Табаны туған топыраққа тиісімен жүдеп-жадаған ауылдың ауыр жұмысына жегілді. Сымдай тартылған кеуделі жігіт жалындап тұрған бойындағы жастық жылуын тірлік тауқыметінен жаураған жандардың бойына тарата келді. Жұрт жан жылуына мұқтаж еді. Өзі де осы балауса жасына қарамай-ақ басынан ауыр тағдыр кешіп үлгерген. Сірә, екі мүшелге әлі толмаса да ұзақ бір ғұмыр жасағандай.
ТАҒЫЛЫМ
28 тамыз 2019 г.
839
0
Театр афишасынан Хұсейн Әмір-Темірдің есімін көрсеңіз, спектакльдің сапасына алаңдамауға болады. Қызылордалық өнерсүйер қауымда осындай сенім қалыптасқан. Мәселе режиссердің 20-дан аса рөлді сомдап, 200-ге тарта қойылымды сахнаға шығарғанында, бай тәжірибесінде ғана емес. Бастысы – ол жетекшілік еткен спектакльдің ұлттық бояуы қанық, туындының тоқетері көңіліңді астан-кестен етіп, қуатыңды еселейтіндей күшке ие болуында. Театрдың жаңа маусымы қарсаңында облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн ағамен әңгімелесудің сәті түсіп еді, өмір мен өнер турасында бірер сауал тастадық. Сонымен, «Сыр бойының» «Сыр-сұхбат» айдары сөйлейді.
Cұхбат
28 тамыз 2019 г.
1 144
0
XVII ғасырда Жайық бойын жаулаған қалмақтармен күресте ерлігімен ерекше көзге түскен батырлардың бірі – Келменбет (Сарықасқа) Келдібайұлы. Батыр атымен қоса айтылатын сарықасқа сөзі оның атының түсі. Ол сары қасқа тұлпары және қасына жиған қарулы жүз жігітімен қалмақ қамалын қақырата бұзып, ерекше ерлік көрсеткен. Тұтқиылдан жасалған осы шабуылдан жау жасағы ойсырата соққы алып, жеңіліс табады.
ӘДЕБИЕТ
28 тамыз 2019 г.
1 528
0
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 тамыз 2019 г.
470
0
Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Сырдария аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Сырдария ауданының әкімі лауазымына Руслан Рүстемов тағайындалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 тамыз 2019 г.
2 006
0