Қазыналы Қазалыда «Томпи» атты бадынақ бар. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сүйсіне жейтін бұл өнім облыс аумағына тарап жүр. Ашылғанына көп болмаса да, таныла бастаған «Томпиды» өндіру идеясы кинодан туындапты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 шілде 2019 г.
995
0
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының ұйымдастыруымен «Өз денсаулығың – өз қолыңда» акциясы өткізілді. Мақсат – скринингтің қажеттілігін, профилактикалық медициналық тексерудің маңыздылығын халыққа жеткізу.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 шілде 2019 г.
365
0
«Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деп Абай атамыз айтпақшы, сырт қарағанда ол сияқты ашаң денелі, орта бойлы адамдар аз емес. Кездесулер мен сырласулар, сырласулардан, көп ретте бірге жиі араласулардан кейін кімнің-кім екенін, адалдығын, азаматтығын, өткір сөздің шебері, мінезінің салмағын, ақкөңіл-ақжарқындығын, өзгеге өз ойын өжектемей тыңдататын парасатын, өкпелеткендерге де өті жарыла өшікпейтін болмысын тани түседі екенсің. Негізі жаратылысынан мейірімі мол адамдарды табиғи түйсік арқылы көбірек үйірсектейді. Сондай азаматтың бірі Тұрғанов Әбдіраман аға болса керек. Әбекеңмен бір ауылда, бір мектепте оқып, бірге өстік. Балалық шағымызда сол «Ақтайлақ», «Өндіріс», «Каганович», «Көктөбе», «Ақсай» елдімекендері мен Ленин кеңшарында өтті.
ТАҒЫЛЫМ
20 шілде 2019 г.
800
0
Қоғамдағы жаңғыру ең алдымен рухани жаңғырудан бастау алатыны белгілі. Қоғам мүшелерінің сана деңгейіндегі жаңғыруы ғана әлеуметті жаңа серпілістерге жетелейді. Осы ретте біздің саналы жаңғыруымыз тілдік жаңғырудан өрістейтіні де белгілі болса керек. Тілдік жаңғырудың басы – жаңа әліпби қабылдау. Латын әліпбиіне көшу туралы маңызды мәселе тәуелсіздік алған уақыттан бері сан рет көтеріліп енді, міне, шешімін тапты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген әліпби мәселесі оның 2017 жылғы 26 қазандағы және 2018 жылғы 19 ақпандағы Жарлықтарымен бекітілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 шілде 2019 г.
413
0
Әйтеке би кенттік клубы ұжымының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шәмшия Жұбатовамен жерлестерінің кездесу кеші көпшіліктің санасында жылы әсер қалдырғаны анық. Өнер адамдарының арасында «Мықты жүргізуші кештің жарты жүгін көтереді» деген ұғым бар. Бұл жолғы жыр кешін «Қазалының Левитаны» атанған танымал әнші Кенже-Әлі Асқардың тапқыр да әсем теңеулерге толы сөздермен өрнектеуі мазмұнын байыта түсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 шілде 2019 г.
730
0
Күн тас төбеге көтерілгенде оның сәулесі зәулім сарайдың терезесінен тұтастай түсіп жатты. Қолына қалам ұстаған жазушының ойы туған жердің төріне сапарлап кеткен. Тартоғай төңірегіндегі көк майса... Жалаң аяқ, жалаң бас асыр салған, шіркін, балалық. Көне мектеп ғимаратында кластастарымен бірге талай бақытты шақты өткерген еді. Енді, міне, алпысыншы жаздың табалдырығынан аттаған шақта өткенге көз салып, қалам тербеп отыр. Кейінгіге көз тастап, «не істедім?», «не бітірдім?» деп тағы бір онжылдықтың есебін өзіне тапсыратындай...
ТАҒЫЛЫМ
20 шілде 2019 г.
1 225
0
Тұрмағамбет шығармаларының негізгі бөлігі бұрынғы ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба және текстология бөлімінің қорында сақталған. Атақты шайырдың қолжазба мұрасын 1981 жылы ақынның ұлы Әбдірауық Тұрмағамбетұлы өткізіп, тиісті қаламақысын алғаны туралы аталған қордың тіркеу кітапшасында тіркеліп, «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» көптомдық сериясының 5-томына енген. Атап айтқанда, 875-папкада Тұрмағамбет парсы тілінен аударған Ә.Фирдауси «Шаһнамасының» 35 дәптері және 878-папкада Сыр сүлейінің көлемі 6 дәптерден тұратын өлең-толғау, термелері мен хикая, дастандары сақталған.
РУХАНИЯТ
20 шілде 2019 г.
1 565
0
Соңғы кездері облыстың шалғай ауылдарында наубайхана кәсібі дамып келеді. Берекелі істен несібесін айырып жүргендердің бірі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиемен бастаса, енді бірі қайтарымсыз грант иегері атанған. Осындай іргелі бастаманы ел ішінде қолға алғандардың бірі – қармақшылық Луиза Тұрсынова. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметінің бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында кәсібін ашып, даңғылға жол салған жандардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Әлеумет
20 шілде 2019 г.
992
0
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында “Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және көрнекті орындарында болды. Тәрбиешілерімен бірге барған 44 баланы Өскеменде “Үміт” балалар үйінің ұл-қыздары қарсы алды. Онда арнайы саяхат пен естен кетпес ерекше демалыс ұйымдастырылды.
РУХАНИЯТ
20 шілде 2019 г.
436
0
Облыстық мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Темірхан Әлімқұлов ең әуелі өзіне жоғары талап қоятындардың қатарынан. Сұхбат барысында «мен мынаны жасадым» дегеннен гөрі, «сайлаушылар көңілінен шыға алдым ба, өз міндетімді қалай орындап жүрмін?» деген сауалды өзіне жиі қоятынын байқадық. Содан да болар, оны ел қоғам жанашыры, қайырымды азамат ретінде жақсы таниды. Ендігі сөзді сұхбатпен өрбіткен едік.
Cұхбат
20 шілде 2019 г.
1 038
0