Сыр бойы – ежелден-ақ күрішімен танылып келген ырысты аймақ. Мұнда күріштен мол өнім жинау жөнінде дүниежүзілік рекорд туды. Күріш өсіру барысында тамаша дәстүрлер қалыптасты.Облыстың мемлекеттік архивінде сақталған жеке тектік қорлардың қатарында Социалистік Еңбек Ері, күрішші Балдырған Мұстафаеваның құжаттары сақтаулы.
ТАҒЫЛЫМ
07 наурыз 2019 г.
762
0
Бүгінгі күні пайдаланылмай тұрған жерлер көп. Сырдария, Шиелі, Жалағаш аудандарында бірқатар аумақты ашуға мүмкіндік бар. Жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуді мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы қаржыландыру моделі суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға үлкен мүмкіндіктер береді.
АҚПАРАТ
07 наурыз 2019 г.
270
0
– Адамды өмірге құлшындыратын да, алдағы үмітіңді шындыққа айналдыратын да құдіретті нәрсе – еңбек, – дейді байырғы ұстаз, бұл күндері зейнеттегі Қарлығаш Бекмұханбетова. – Қимылсыз қарап отыру – өмірдің мәнін кетіреді. Ауыра бастайсың, басқалардың мазасын аласың. Бұл жақсы емес. Қолдан келгенінше тыным таппаймын. Былтырдан бері жас кезімде біраз серік еткен өнерімнің бірі – тігіншілікке қайта бой ұрдым. Құрақ көрпелер құрастырамын. Үйде түрлі маталардың қиындылары мен жыртыстары жиылып қалған екен, соларды біртіндеп кәдеге жаратудамын.
ТАҒЫЛЫМ
07 наурыз 2019 г.
716
0
Жердің жай-күйін, сапасын және өзгерісін бақылау бағытында топырақтың балл бонитетін анықтау, топырақ зерттеу, топырақ зерттеу құжаттамаларын жаңарту жұмыстары жүргізіліп отыр. Топырақтың сапалық жағдайын бағалауда ең алдымен суармалы жерлер аумақтары зерттелуде. Зерттеулер республика көлемінде жер кадастры бағдарламасы негізінде 2004 жылдан бастап атқарылса, оның ішінде соңғы Жер реформасы аясында басымды, қарқынды іске асырылуда. Оның ішінде Қызылорда облысының аумақтары да кезеңімен жоспарға сай зерттеліп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 наурыз 2019 г.
648
0
8-наурыз. Бұл да күнтізбедегі қарапайым күн. Бірақ дәл осы күні алабөтен аура қалыптасып, әлем де, әйелдер қауымы да құлпырып кеткендей әсер қалдырады. Наурыздың бұл күні несімен ерекше? Байқасақ, бәріне себеп адамдардың ойы мен ықыласы. Нәзік жандар «ертеңгі күн қалай өтеді?» деп мерекедегі ерекше сәтті қиялдаса, азаматтар сый таңдап, оларды қуантуға асығады. Әдемі көрініс. Біз бұл жолы мереке қарсаңында әр түрлі мамандық иелерінің пікірлерін топтастырдық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 наурыз 2019 г.
1 220
0
Облыс агросекторының алдына егістік алқапты келешекте 300 мың гектарға жеткізу қойылып отыр.Осынша көлемдегі алқапқа су жеткізу үшін ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесіне барлық егіншілік саласы толық көшуі тиіс. Ал қазіргі таңдағы шаруашылықтардың су пайдалану тәртібі сын көтермейтіні анық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 наурыз 2019 г.
1 332
0
Қызылорда облысы – ежелден-ақ суармалы егіншілікпен айналысып келе жатқан облыс. Бұған кезіндегі мол сулы Сырдария өзенінің облыс орталығын басып өтетіні көп септігін тигізген. Бұрынғы кездері суармалы жерлердегі негізгі дақылдар Қызылорданың тәтті қауындары, көкөністер, малазықтық шөптер болған. Кеңес үкіметі кезінде бұл аймақта басты дақыл болып күріш егіліп, бұл өңірде ол нағыз екінші отанын тапты. Суармалы жер көлемін 300 мың гектар жерге жеткізу өте құптарлық мәселе. Кешегі 1991 жылдарға дейін пайдаланылып келген 286 мың гектар суармалы алқаптарға егін егіліп, өнім алынып келді. Сол алқаптардың, сондағы каналдардың әлі іздері бар. Оларды қалыпқа келтіру қажет. Ал биіктеу жерлерде орналасқан алқаптарға насостармен су жеткізуге болады.
ҚОҒАМ
07 наурыз 2019 г.
619
0
Қазақстандағы суармалы жерлердің басым бөлігі оңтүстік облыстарда орналасқан. Біздің облыста 286 мың гектар суармалы жер болды. Ол біздің алтын қорымыз саналады. Өйткені, ол жерлерден суарылмайтын алқаптармен салыстырғанда анағұрлым көп өнім алып келдік. Кешегі тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі қиын жылдары оның бәрін игеру мүмкін болмай қалды да қазір соның 185 мың гектарын ғана пайдаланудамыз.
ҚОҒАМ
07 наурыз 2019 г.
641
0
Мамандардың пікірінше, 2050 жылға қарай әлемде халық саны 9 миллиардқа дейін өседі. Міне, сол кезеңде ауыл шаруашылығы, оның ішінде азық-түлік өндірісі дамудың басты факторына айналмақ. Елбасы осы ретте ауылшаруашылық саласы экономикамыздың драйверіне айналуы тиіс деп үнемі айтып келеді. Өйткені, ауыл шаруашылығы өнімдерін еселеп көбейтуге Қазақстанның әлеуеті толық жетеді. Сол үшін елімізде суармалы жерлер көлемін арттырудың маңызы өте зор. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың бірден-бір жолы. Сондықтан осы салаға барынша басымдық берілуі керек. Суармалы жерлер кепілді мол өнім беретін, қайтарымы жоғары, ауыл шаруашылығының «алтын қоры» ғана емес, сол өңірлерде тұратын халықтың тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, өмір өзегі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 наурыз 2019 г.
476
0
Қай салада болмасын, еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен, тынымсыз ізденімпаздығымен биік белестерді бағындырып жүрген нәзік жандар аз емес. Мереке қарсаңында өз ісінің майталманы болған сол жандар жайында айтқымыз келді.Айжан Аралбайқызы – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының «Бизнесті дамыту» бөлімінің І санатты маманы. Мамандығы – қаржыгер. Бұл салада 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді.
ҚОҒАМ
07 наурыз 2019 г.
600
0