« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жердің жай-күйін, сапасын және өзгерісін бақылау бағытында топырақтың балл бонитетін анықтау, топырақ зерттеу, топырақ зерттеу құжаттамаларын жаңарту жұмыстары жүргізіліп отыр. Топырақтың сапалық жағдайын бағалауда ең алдымен суармалы жерлер аумақтары зерттелуде. Зерттеулер республика көлемінде жер кадастры бағдарламасы негізінде 2004 жылдан бастап атқарылса, оның ішінде соңғы Жер реформасы аясында басымды, қарқынды іске асырылуда. Оның ішінде Қызылорда облысының аумақтары да кезеңімен жоспарға сай зерттеліп отыр.
Жалпы облыстың 22,6 млн гектар территориясының 5,9 млн гектар аумағы топырақ зерттеумен қамтылған. Оның ішінде 2004 жылдан бері жаңартылған материалдары бары – 1,5 млн гектар, жаңартуды талап ететіні – 4,4 млн гектар. Зерттеу жүргізілген 11,5 млн гектар аумақтың 919,2 мың гектары (суармалы – 147,5 мың гектар) ауыл шаруашылығы санатындағы жерлер құрамында, 608,5 мың гектары босалқы жерлер құрамында (суармалы – 7 мың гектар) орналасқан.
Соңғы жылдары топырақ зерттеу шараларының көлемі ұлғаюда, 2017 жылы 195 мың гектар, 2018 жылы 450 мың гектар жерге зерттеу жүргізілді. Биылғы жылдың жоспары бойынша 450,0 мың гектар жер қамтылуы тиіс. Бұл мақсатқа қаралып отырған қаржы көлемі – 158,4 млн теңге.
Облыста 2004 жылдан бері 1,6 млн гектар аумақта топырақтың балл бонитетін анықтау шаралары жүргізілді. Оның ішінде 2017 жылы – 260 мың, 2018 жылы 319 мың гектар аумақта бонитировкалау шаралары жүргізілді. Ағымдағы жылға 300 мың гектар жер жоспарлануда. Оған 123 млн теңге бөлініп отыр. Зерттеулерді жер кадастры бағдарламасы негізінде, республикалық бюджет есебінен Жер ресурстарын басқару комитеті жүргізіп отыр. Шара түрлері:
* топырақ зерттеулерін жүргізу (топырақ түрі, құнарлылығы, балл бонитетін анықтау), электрондық картограмма жасау,
* мониторингтеу (топырақтың құрамындағы өзгерістерді бақылау),
* геоботаникалық зерттеулер (топырақтың өсімдік жамылғысы, олардың өнімділігі, жайылымдықтардың жарамдылығы/тақырлануы туралы), электрондық картограммасын жасау.
Облысымыз шөлді, шөлейтті табиғи климаттық зонада орналасқан болса, оның территориясының топырақ жамылғысы негізінен қоңыр, сұр, сұр-қоңыр топырақ түрлері және құмдар болып келеді. Топырақтың түрлері, орналасқан жерлері және ауыл шаруашылығы алаптарына сәйкес олардың балл бонитеттері де әртүрлі. Солтүстік аудандарда (Арал, Қазалы) орташа балл бонитет 3-9 аралығында, орталық аудандарда (Қармашқы, Жалағаш, Сырдария, Қызылорда қаласы) 7- 14 балл, ең жоғары көрсеткіштері оңтүстік аудандарда (Шиелі, Жаңақорған) 14-18 балл.
Суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жаңа суармалы жерлердің жобалық алаңдарын айқындау туралы 1-тармағын орындау мақсатында үстіміздегі жылдың 18-26 қаңтары аралығында арнайы жұмыс тобы барлық аудан және Қызылорда қаласында іс-сапарларда болды.
Жұмыс тобы аудан, қала әкімдіктерімен бұған дейін ұсынылған жерлерді нақтылап, сонымен қатар қосымша жерлерді қосу мүмкіндіктерін талқылады. Жұмыс барысында облыстағы суармалы жерлер көлемін 300 мың гектарға жеткізу үшін ұсынылған 36 мың гектарды ұлғайтуға қосымша учаскелер қаралды, орналасуы нақтыланды. Нәтижесімен 36 мың гектар алқап қосымша жер көлемімен 44,5 мың гектарды құрады.
Бүгінгі таңда 44,5 мың гектар аумақтың карталары, топырақтың сапалық жағдайы, оларда жаңадан топырақ зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы мәліметтер әзірленуде.
Сұлушаш АЙТПАЕВА,
облыстық жер қатынастары
басқармасының бөлім басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |