Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сарапшылық топтың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын насихаттау бойынша кеңейтілген отырысы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
658
0
Қызылордада құстар әлемін зерттейтін ғалымдар санаулы. Солардың қатарына күні кеше Нұргүл Сиханова қосылды. Ол төрт жыл Татарстандағы Қазан федералды университетінің аспирантурасында оқыды. К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университет – Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы диссертациялық кеңесінің шешімімен биология ғылымдарының кандидаты атанды. Төрт жылда тек теория қумай, Қаратерең ауылындағы (Арал ауданы) Кәрітұма көліне жиі барып тұрды. Сондағы құстардың саны, түрі, тегі, ортасы сияқты жағдайларды бақылауда ұстады. Диссертациялық жұмысын «Сырдария өзені атырауындағы көлдер жүйесінің қалпына келу аймағындағы орнитоценоздардың қалыптасуы» деген тақырыпта сәтті қорғады. – Нұргүл, Қызылордада қандай орнитологтар бар?
Cұхбат
15 қазан 2018 г.
2 295
0
Күннің салқындап, ауа райының құбылуы түрлі жұқпалы аурулардың өршуін қоздырады. Әсіресе, тұмау мен жедел респираторлы-вирусты инфекциясы үшін қолайлы кезең. Сондықтан аурумен күрес шараларын қолға алу маңызды болмақ.
ҚОҒАМ
15 қазан 2018 г.
617
0
Облысқа жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның жергілікті активімен кездесті. Оған партияның облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Жиында өңір басшысы Елбасы Жолдауының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудағы маңыздылығын, оны жүзеге асырудағы жетекші саяси ұйымның ролін ерекше атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
591
0
Президент Жолдауының басым бағыттарының бірі білімді дамыту тезисі туралы болды. Әлем тез өзгеріп келе жатқанын ескеретін болсақ, бір нәрсе анық – қоғам адам капиталын дамытуға бейімделуі тиіс.Осы орайда білімді дамыту туралы сұрақтарды біз бұрынғы білім министрі, бүгінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа қойған болатынбыз. Сұхбат барысында ол «білім экономикасын» дамытуға қатысты өз ойларымен бөлісті.
Cұхбат
15 қазан 2018 г.
1 536
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан «Менің Отаным – Қазақстан» сериясы бойынша Қызылорда облысының аудандары мен Қызылорда қаласы туралы кітаптар шығару қолға алынған болатын.
ҚОҒАМ
15 қазан 2018 г.
831
0
«Кәсіп бастау үшін қомақты қаржы керек деп тартынамыз. Шын мәнінде олай емес. Қазір идеяңды игілікке айналдыруда, бизнес-жоспар жасап, оны жетілдіруде мемлекет көмекке келеді. Тек алға ұмтылыс, санаға сілкініс керек». Бұл – Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылының тұрғыны Айдарбек Байсейітовтің пікірі. Бастауыш кәсіпкер биыл мемлекеттік бағдарлама көмегіне жүгініп, 530 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несиеге қол жеткізген еді. Қуаныштысы, қолда барын ұқсата білді. Шағын наубайханасына қажетті құрал-жабдық сатып алып, бизнесін береке көзіне айналдырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
650
0
Әйел – отбасының ұйтқысы, шаңырақтың берекесі ғана емес, шаруашылықтың қай саласында болсын, өзінің лайықты бағасын алып жүрген еңбеккер. Бүгінгі қоғамдағы шаруашылықтың қай-қайсысында болсын әйел қолының таңбасы барына сүйсінесің. Әлбетте, бұл – жаңа заманның тың талаптарының көрінісі. Әйелдердің қабілеті мен қарымы, ой-өрісі мен іскерлігі, еңбекқорлығы қашаннан жоғары бағаланады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
586
0
Өмірге құштар жан. Басықара ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жақсыгүл Жадырасынмен тілдесуден соң осындай ой түйгенмін. Ешкімнің намысына тигіміз келмейді. Десе де түрлі сылтаумен (тұрақты жұмысым жоқ, тағы басқа) отбасының берекесін қашырып жүрген кейбір азаматтарды көргенде өзегіңді өрт шалғандай күй кешесің. Сондайда тағдыр тезіне мойымаған Жақсыгүл сияқты рухы мықты жандардың айналаңда барын білгенде ортайған көңілің бұлттан шыққан күндей жадырап сала береді. Тебірене түсіп «жігерің жасымасын, іске сәт!» дегенді іштей қайталайсың.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
729
0
Мюзикл – сан алуан өнердің бір сахнада тоғысуы. Мұнда сиқырлы сөз өнері, опера, балет, акробатика бар. Жинақтап айтқанда, сан түрлі шығармашылық синтезі. Сондықтан бұл жанрға тәуекел ету де оңай емес. Батыста қанат жайған бұл жанрдың елге келгеніне де көп бола қойған жоқ. Қызылордада алғаш рет осындай ерекше жанрда «Ля-ля-фа» балалар мюзиклі студиясы шымылдығын ашпақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
800
0