« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Президент Жолдауының басым бағыттарының бірі білімді дамыту тезисі туралы болды. Әлем тез өзгеріп келе жатқанын ескеретін болсақ, бір нәрсе анық – қоғам адам капиталын дамытуға бейімделуі тиіс.
Осы орайда білімді дамыту туралы сұрақтарды біз бұрынғы білім министрі, бүгінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа қойған болатынбыз. Сұхбат барысында ол «білім экономикасын» дамытуға қатысты өз ойларымен бөлісті.
– Қырымбек Елеуұлы, бүгінде білім саласын, тіпті жүйесін түбегейлі өзгерту жөнінде көп айтылып жүр, өйткені цифрландырудың дамуы жаңа шарттарды ұсынуда. Сіздіңше неден бастау қажет?
– Алда озып отыру дағдысында жұмыс істеу керек. Білім болашақтың экономикасына бейімделгені дұрыс. Яғни, біз кадрларымызды қазіргі күнгі экономикаға емес, болашақта құратын экономикамызға бейімдеп, дайындауға тиіспіз. Алға озу үшін біз тұрақты негізде және ұзақ мерзімді перспективаға жұмыс жүргізуіміз қажет.
Бізге керегі – қажет уақытында, қажетті орында, қажетті дағдыны меңгерген адамдардың табыла білуі. Біз кімді қай жылдарға дайындауымызды алдын ала есептеуіміз керек. Және оларды университеттен емес, тіпті мектеп қабырғасынан емес, сонау балабақшадан бастап дайындауымыз қажет.
Меніңше, біздегі мектепке дейінгі дайындық жүйесі толықтай қалыптаспаған. Ал ол білімнің толық құқылы деңгейлерінің бірі емес пе? Менің ойымша, балаларды осы деңгейде дайындау белгілі бір мамандықтарға бағытталып жүргізілгені дұрыс. Балалар мектепке келгенде бүгінгі таңда қандай технологиялар бар, оларды қандай жаңа мамандықтар күтіп тұрғанын түсініп, оқуын сол бағытта жүргізіп, белгілі бір пәндерге басымдық берілгені жөн.
– Сонда сіз бала балабақшадағы кезінен бастап болашағын анықтауы керек деп есептейсіз бе? Ал бірақ мектеп бітіргенше оның таңдауы талай өзгереді емес пе?
– Оған келісемін. Бірақ біздің міндетіміз – ол мектеп бітіргенше таңдауын жасап қоюына жағдай туғызу.
Білесіз бе, біз үнемі бақылайтын мәселенің бірі – ол түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші. сұранысқа ие болу – ол білім сапасының өлшемі. Әйтсе де, бір «бірақ» бар. иә, адамның жұмыс істегені жақсы, алайда ол қайда жұмыс істеп жатыр және өз мамандығы бойынша жұмыс істеуде ме, соған қарау керек. Мойындау керек, бүгінде бізде бір үйлесімсіздік байқалады – адамдарды бір мамандықтарға дайындаймыз, ал олар басқа салада сұранысқа ие болып жатады. Отандық сарапшылардың берген дерегіне сай бітірушілердің 60% өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаспайды екен. Неге?
Біріншіден, мен жоғарыда айтып кеткенімдей, мамандық таңдау алдындағы бағыт-бағдар жоқ. Бүгінде жасөспірімдердің көбісі қандай мамандық алғысы келетіні туралы нақты жауап бере алмайды. Міне, сондықтан да бакалавриатты бітіргеннен кейін балалардың көбінде психологиялық дағдарыс басталады: олар ата-аналарының талабымен немесе өзге де жағдайлар себебімен өздерінің қалауынан тыс, басқа жаққа бағыт ұстағанын түсінеді. Сол себепті өзінің мүддесін, өмірлік стратегиясын өзгертеді.
Кеңестік кезеңде мектеп оқушылары түрлі мамандықтар туралы оқу пәндері шеңберінде түсінік алатын. Бірақ одан бері жаңа мамандықтар пайда болды, және олар туралы мектепте ешқандай ақпарат айтылмайды. Меніңше, мамандықтар туралы ақпараттарды мектепке дейінгі және мектептегі оқу бағдарламаларына қосу қажет. Егер бала мектепті бітірерде мамандық таңдамаса, онда оның өзіне де, ата-анасына да және мемлекетке де проблема туындайды.
Екіншіден, келешекте экономикада қандай мамандықтарға сұраныс туындайтыны туралы жоғары оқу орындарын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп тұратын мемлекеттік жоспарлау жүйесі істемейді. Жоғары оқу орындары тарапынан еңбек рыногы зерттеуге құлық жоқ, яғни, экономиканың беталысы ескерілмейді. Ал осы үшін бірінші кезекте университет жауапкершілікте болуы керек.
Білімнің тиімділігі деген не? Білімнің тиімділігі көп жағдайда экономиканың тиімділігі. Мамандардың бәсекелестікке қабілетті болуы – ол экономиканың және жалпы еліміздің бәсекеге қабілеттілігі.
Осыдан екі айдай бұрын, Кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасы жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына бағалау өткізді. Зерттеулер көптеген қажеті жоқ пәндерді оқыту студенттердің уақытын алатынын көрсетті.
Оқу бағдарламалары ІТ-нарығының сұраныстарына сай келмеуде. Бұл проблема негізінен мемлекеттік жоғары оқу орындарына тән, ол, әрине, профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысының төмен болуына және нарықтан мамандарды тартуға мүмкіндіктің жоқтығына байланысты туындап отыр.
Мұнан бөлек, бір оқытушыға оның мамандығына сәйкес келетіні, келмейтіні бар оншақты, тіптен одан да көп пән бекітіліп беріледі. Одан шығар қорытынды, студенттердің білімі де соған сай болып шығады.
Оқу бағдарламаларын өзгерткен жөн, оларды уақыт талабына сәйкестендіру қажет. Яғни, жоғары оқу орындарына икемді және бейімделген оқу бағдарламаларын жасау керек.
– Қырымбек Елеуұлы, сарапшылар бағалауы бойынша Батыс Еуропа елдері ЖІӨ-ні қалыптастыруда адам капиталына – 30%, ал АҚШ 40%, ТМД елдері бар болғаны 15% қана бөледі екен. Осыны түсіндіріп өтсеңіз...
– Расында да бүгінде бірінші кезекке әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалылық сипаттамасы шығарылады. Экономиканың өсуі неден болып отырғаны аса маңызды.
ЖІӨ-нің өсуі жоғары технологиялық өндірістер – білім, денсаулық сақтау, ғылым және басқа да интеллектуалдық қызметтер есебінен болуы керек. Нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің тиімділігі ұлғаяды, ең бастысы – өмір сүру сапасы артады.
Сондықтан экономикалық өсім мен барлық игіліктердің өсуінің негізі адам, оның білімі мен дағдысы болуы қажет. Бұл – біз үшін негізгі басымдық! Оның дамуына жұмыс істеуіміз қажет!
Біз біліктілігі жоғары мамандарды, яғни жоғары жалақы алатын мамандарды дайындауға бет бұруға тиіспіз. Біз халқымыздың кемінде 19 жылдық білім деңгейін алатын (балабақша, мектеп, ЖОО) міндетті қойғанымыз дұрыс.
Мектеп бітіруші түлектердің кем дегенде 50 процентінің жоғары білім алуы біздің міндетіміз болып табылады.
Білімді адам соңғы жылдары мұнай сияқты бағалы ресурсқа айналды. Ол ХХІ ғасырдың екінші жартысында елдің тұрмыс деңгейінің өсуінің негізгі факторы болып саналады. Бұл орайда білім материалдық өндіріс пен негізгі капиталға инвестицияны екінші қатарға ысырып тастайды.
– Адамның білімі, шын мәнінде оның білігі, дағдысымен тәжірибесі істің табыс кепілі болып табылады. Осының нәтижесінде экономикалық өсімнің жоғары сапасы қамтамасыз етілетін болады. Біз осы орайда «білім экономикасына» тартылатын үдемелі салымдармен негізгі капитал инвестициясының өзара байланысын қамтамасыз етуге тиіспіз. Адами капитал ең алдымен білім жүйесімен қамтамасыз етілетінін ескерсек, қазіргі экономикада білімді мейлінше экономикалық өсімді қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді айқындайтын инвестициялық экономика ретінде қарастыруға болады.
Білімге инвестиция жеке адам үшін және мемлекеттік үшін оңтайлы шешім болып табылады. ол орташа инвестициялық жобалармен салыстырғанда барынша тез қайтарым береді. Сондықтан 2014 жылдан бастап біз өз түлектерімізді мәскеу мен санкт-петербургтің үздік деген техникалық жоғары оқу орындарына жібере бастадық. Ресей федерациясының үкіметінің гранттары бойынша мәскеу болат және қорытпа институтында және санкт-петербургтің өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық университетінде білім алған 452 жастың 32-сі елге оралды. 42 түлек магистратурада оқуларын жалғастыруда. Біздің 58 жасөспірім үстіміздегі жылы ресей оқу орындарымен ынтымақтастығымыздың арқасында оқуға түсті.
– Сіз қалай ойлайсыз, жоғары білімді түбегейлі реформалау қажет пе? Әлде ескі мектептің негізінде жаңасын құрған дұрыс па?
– Менің ойымша, бұрынғы жүйені үздіксіз жаңғырту қажет сияқты. Жоғары оқу орындары жастарды сол кезеңдегі экономикалық жағдайға сәйкес іріктейді де, оларды төрт жылдан кейін басқа жағдай қалыптасқанда бітіртіп шығартады. Осы уақыт аралығында талап, қажеттілік, міндеттер өзгереді. Демек, біздіңше, жоғары оқу орындары белгілі бір уақыт өткеннен кейін қандай қажеттілік болатынын талдап, болжап отыруы тиіс. Сондықтан білім жүйесі ұдайы жаңғыртылып, кез келген ЖОО-ның даму үдерісінің ажырамас бөлігіне айналуы керек.
2018 жылы Санкт-Петербург экономикалық форумында бүкіл әлемдегі атқарушы директорларына компания жұмысына технологиялардың әсері жайлы сауал қойылды. Осы атқарушы директорлардың 62 проценті жасанды интеллектінің енгізілуіне қарамастан, адамдарды барынша көбірек жұмысқа қабылдайтынын айтты.
Бірақ цифрландырудың еңбек дағдысына қатысты талаптарға өзгеріс енгізіп отырғанын түсінуіміз керек. Болашақта адамдар өзінің жұмысын жиі өзгертетін болады. Олардың карьерасы қазіргідей түзу сызықпен өрілмейді. Ескі білімнің күні өткендіктен, оларды ұдайы жаңартып отыру қажет болады. Осының барлығын ЖОО өз жұмысында ескеруі қажет.
Халықаралық экономикалық форумның бағалауы бойынша, 2020 жылға қарай жұмыс орындарының 20 проценті өзгереді. сондықтан автоматтандыру нәтижесінде мүмкін болатын тәуекелдерді ескеретін жүйені құру қажет. оған жеткізетін мақсат – үздіксіз оқу. Бізде, өкінішке орай, технологияларды құру және пайдалану, әлеуметтік белсенділік және кәсіпкерлік, коммуникация мен дизайн, мектеп бағдарламасына енбейтін өзге де ғылым салалары бойынша таланттыларды анықтап, оларға қолдау көрсету инфрақұрылымы іс жүзінде жоқ.
Осы орайда ресейдегі «кванториумдар» құру жөніндегі жоспарлар қызығушылық туғызады. Мен бұл жайлы бірнеше рет айтқан болатынмын. Бұл жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген, жоғары білікті инженер кадрларын дайындауға, инновациялық технологиялар мен идеяларды енгізуге бейімделген балалар технопарктері болып табылады. Меніңше, осы тәжірибені мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру барысында пайдалануға болады.
Білім алуға деген кедергілер талантты жастардың қолайлы жағдай іздеп, елден кету үрдісін туғызып отырғанын жасыруға болмайды. Бүгінгі таңда кейбір деректер бойынша Ресейде негізінен сол елдің грантымен 75 мың қазақстандық студент білім алуда. Бұған қосымша 130 мың студент грант және ақылы бағдарламалар бойынша алыс шетелдерде оқуда. Олардың бәрі қайтып орала ма? Түйткілді мәселе!
Сонымен қатар, қазіргі жастар мотивациясына орай жүргізілген зерттеу қорытындылары олар үшін жұмыс, тұрғын үй жағдайы секілді өмірлік қажеттіліктен бөлек бірінші орында өзін-өзі таныту мен әділеттіліктің маңыздылығын анықтады. Бұған тек қуануымыз керек.
– Сіздіңше, біздің ЖОО-ны бітірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін қалай арттыруға болады?
– Біздің жас мамандарға өмірлік дағды жетіспейді. Олар инклюзивті білімге зәру. Бүгінгі таңда инженер болып нақты міндеттермен айналысқысы келетін жас адамды табу қиын. Белгілі бір дағдыларды меңгерген осындай инженерлерді қалай тәрбиелеп шығарамыз? Инженерия игіліктері жайлы санаға сіңіру, оларды тәрбиелеу ұмыт қалды. Ондай құндылық бүгінде келмеске кетті. Бұл біздің үлкен кемшілігіміз болып табылады.
Меніңше, қазіргі таңда физикалық еңбекпен айналысатын «көк жағалылар» туралы аз айтылады. Ресми статистиканы келтірейін, елімізде жастардың 10 проценті өнеркәсіп саласында, 7 проценттен сәл астамы құрылыс саласында еңбек етеді. Керсінше, көтерме және бөлшек саудада жастардың 17 проценті қамтылған. Осындай жіктелуде өз мамандығын мақтаныш ететіндер жоққа айналды. Қазір қол еңбегімен жұмыс істейтіндер үрдіске, үлгіге айналмай отыр. Алдыңғы буын, кадрлар кетіп жатыр, ал олардың тәжірибесін беретін ұрпақ жоқ. Бұл орайда тәжірибе беру тәсілі уақыттың талабына қарай өзгеріп отыруы тиіс. Мектептер, колледждер мен ЖОО-лар әртүрлі жағдайға бейімделіп, жобаларды ұжымдық оқумен жүзеге асыруды енгізу қажет. Бұл бір жағынан өзара жарыс тиімділігін туғызады, көшбасшыларды, тұтас командада еңбек ету дағдысын қалыптастырады. Бұл маңызды.
Teaming – бұл қазір білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы негізгі трендтердің бірі.
Жай ғана жекелеген мамандарды, коллаборацияны емес, бүтіндей команданы дайындау – бүгінгі уақыттың міндеттерін барынша тиімді шешуге көмектеседі.
Бүгінде зерттеу мектеп, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілердің азғантай бөлігі ғана көшбасшылық, ашықтық, әлеуметтік іс-қимыл белсенділігімен шығатынын көрсетіп отыр. Бұл проблема бізде, Қазақстанда ғана емес, посткеңестік елдердің барлығына ортақ.
– Қызылорда облысы бюджеті білімге қаржыны көп бөледі. Бұл сіздің аймақ үшін проблемалы сала ма?
– Соңғы жылдары білім саласында көп жұмыстар атқарылғанына және біз мақтанардай жақсы нәтижелерге жеткенімізге қарамастан, мұнда мәселе бүгін де жеткілікті. бірақ, сала шығындарын ұлғайта отырып, біз тағы бір мәселені, жастар арасында білім жеткіліксіздігі, сұранысқа ие болмауы, әсіресе аз қамтылған отбасыларынан шыққандардың, нарық жағдайында біліксіз және деңгейі төмен мамандардың әлеуметтік тетіксіз қалуы жастар арасында қылмыстың өсуіне әкеп соғатынын ескердік. бұл маргиналдық пиғылға да жеткізеді.
Осыны ескере келе, жыл сайын ауылдық жерлердегі аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан шамамен 100-дей жасты облыс әкімінің гранты бойынша еліміздің жетекші оқу орындарына жіберудеміз. Биылғы жылы гранттар саны 2 есе ұлғайып – 100-ден 205-ке жетті. соның нәтижесінде бүгінгі таңда бізде грант иелерінің саны 900 адамға жуықтады. ал ағымдағы жылдан бастап гранттардың 70 пайызға жуығын it мамандарына көшірдік.
Айта кетерлігі, екінші жыл қатарынан қызылордалық мектеп түлектерінің 97%-ке пайызға жуығы жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарына түсуде, олардың 57%-і мемлекеттік грант иелері. Бұл өткен жылғыдан 509-ға артық көрсеткіш. Осындай жетістіктерімізбен біз ерекше мақтана аламыз.
– Аймаққа осыншама IT мамандарының керегі бар ма?
– Ал сіз қараңызшы, қазір уақыт қалай тез өзгеруде, айталық, мұрағат ісі мамандығы. Мұнда бұл істі түсінетін мамандар ғана емес, технологияны, бүгінгі цифрландыруды білетін мамандар керек.
Немесе, педагогтарды дайындау барысында жай ғана гуманитарлық пәндермен шектелмей, оларды гаджеттермен жұмыс істеуге бейімдеп, материалды жинақтау оны дайындау қабілетін және мамандығына қажетті басқа да құралдарды қолдануды үйрету маңызды.
IT – бүгінгі күні индустрия ғана емес, бұл ауыл шаруашылығы және тжк, қорғаныс және бүтіндей гуманитарлық сала. бұл біздің өміріміздің барлық саласы.
Қазіргідей ғаламдық бәселекестік және жедел өзгерістер заманында адамдардың өзін дамыту арқылы елін өзгерте алатын қабілетіне арқа сүйеген елдің табысқа жетерін әрқайсымыз түсінуіміз керек. Және бұл жаңа күн тәртібінде білім негізгі рөл атқарады. ХХІ ғасырдың ортасында Қазақстанның әлемдік рейтингте қандай орын алатыны таяу кезеңдегі 7-8 жылда біздің балабақша, мектеп, колледж, университеттерде қандай өзгерістер болатынына байланысты. Бұл қазір біз бен сізге, біздің жұмыстарымызға, біздің іске деген көзқарасымызға байланысты. Айналамызда болып жатқандарды жай ғана бақылап, күнделікті ағыммен жүре беруге болады. Оған, керісінше, ағысқа қарсы талаптануға болады.
Әңгіменің қорытындысын Ли Куан Ю сөзімен аяқтағым келеді. «Өмір жағдайында өзгерістерге ашық, жаңа шақыртуларды қабылдай алатын мәдениеттер ғана өмір сүре алады. Ал бұған кім дайын болмаса, ол ең соңында қалады».
Tengrinews 09.10.2018 жыл
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |