ТІЛ БІЛГЕН ТІЛЕГІНЕ ЖЕТЕДІ

Елбасы биылғы Жолдауында «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деген талап қойды. Сондай-ақ, талап деңгейіне сай қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде деп атап көрсетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 559 0

ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР ТАЛАБЫ

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші тармағын басшылыққа ала отырып, облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жас өлкетанушы» атты музейлік жобасы ұйымдастырылуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 668 0
ШИПАГЕР

ШИПАГЕР

Дәрігерлік  –  жоғары жауапкершілік пен терең білімді, үздіксіз ізденісті талап ететін күрделі мамандық екені баршаға белгілі. Себебі, олар адам өмірі үшін күреседі. Сондықтан да оларды халық «адам жанының арашашысы» деп атап, қашанда құрметпен қарайды. Әрине, мұндай атаққа ие болып, абырой биігінен көріну оңай емес. Ол үшін жоғарыда айтып өткеніміздей, мамандыққа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік болуы керек. Олай болмаған жағдайда бәрі басқаша.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 864 0
ОРТАҚШЫЛДА АЛҒАШҚЫ МЕКТЕПТІ АШҚАН

ОРТАҚШЫЛДА АЛҒАШҚЫ МЕКТЕПТІ АШҚАН

Қазақтың ХХ ғасырдың маңдайалды ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы, яғни, мұғалім білімді болса, білгенін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі білімді, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» депті. Ұлт ұстазының бұл пікірі уақыт өткен сайын айқындала түскені байқалады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 987 0
СЫМБАТЫҢА СҮЙСІНДІМ, СҰЛУ СЫР

СЫМБАТЫҢА СҮЙСІНДІМ, СҰЛУ СЫР

Бүгінде негізі қаланғанына 200 жыл толған Қызылорда күн санап құлпырып келеді. Қала көшелері кеңейген, жарықтандырылған, сымбатына сымбат қосқан.  Ұлттық нақышпен әдіптелген оюлар, тіпті, ғажап. Әсіресе, әр жерге қойылған бағзы замандардың бейнесін беретін ескерткіштер өткен күндерден сыр шертіп тұрғандай әсер қалдырады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 727 0

Төтенше жағдайға тегеурінді күрес

Сыр өңіріне жұмыс сапары кезінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары, полковник Талғат Нұрмағамбетов облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі жедел кеңеске жетекшілік етті. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов, департамент пен оған қарасты мекеме, бөлімшелердің басшы құрамы қатысты. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 514 0

Кенттер кемелденіп келеді

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ. Облыс орталығына қарасты кент және ауылдық округ әкімдерінің есеп беруі бас¬талды. Алғаш болып Белкөл кентінің әкімі Асхат Ибрагим кент тұрғындары алдында есеп берді. Есепті кездесуге қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.Өткен жылы Белкөлде бірқатар ауқымды істер жүзеге асты. Соның бірі – газ құбырын тарту жұмыстары. Жылдар бойы өзекті болған бұл мәселе оң шешімін тапты. Кент тұрғындары көптен күткен “көгілдір  отынға” қол жеткізді. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 378 млн теңге қаржы бөлініп, 630 тұрғын үй газға қосылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 600 0

ЖАЛ ҰСТАТПАС ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫ ТІЗГІНДЕУ БАСТАЛДЫ

Мойындауымыз керек, цифрландыру технологиясы бойынша біз кейін қалып келе жатырмыз. Бұл бір жағынан кемшілік, екінші жағынан  бұны артықшылығымыз деп те айтуға болады. Өйткені, бүгінгі технология жыл емес, ай емес, күн санап жаңарып жатыр. Бір жыл бұрын орнатқан жүйе жыл өтпей жатып ескіріп қалуда. Заман ағымынан қалмас үшін оны қайтадан жаңарту керек болады. Ал оның бәрі қаржыға келеді. Міне, осы жерде біздің ұтатынымыз, соңғы шыққан технологияларды қолдана бастайтын боламыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 465 0
АСАНОВ: "СОТТА АҒАМ БАР, КӨКЕМ БАР" ДЕП ҚОРҚЫТАМЫЗ. СОНДАҒЫ МАҚСАТ - ӘДІЛДІК ЕМЕС

АСАНОВ: "СОТТА АҒАМ БАР, КӨКЕМ БАР" ДЕП ҚОРҚЫТАМЫЗ. СОНДАҒЫ МАҚСАТ - ӘДІЛДІК ЕМЕС

Үйдегі проблемасын сотта шешемін деушілер көбейіп барады. Бұл туралы бүгін сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚОҒАМ 27 қаңтар 2018 г. 5 948 0
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құрылған күні

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құрылған күні

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы (Қызылорда қаласы)» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің Өкімімен 08.06.2000 жылғы №1037 жарғысына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің 07.01.2002 жылғы № 12 бұйрығына сәйкес тұрақты орны Қызылорда қаласы болып құрылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 539 0